Ең алдымен шүйде аймағында анығырақ сезілетін іштен керней таралатын бас ауырулары білінеді. Олармен қатар көбінесе бастың шулауы, жүйесіз бас айналу, лоқсу, кейде құсу тәрізді жалпы милық симптомдар байқалады. Мұндайда сырқаттарда вегетативті қан тамырлық бүлінулер де байқалады. Олар беттің қуқыл тартуы немесе қызаруы, жүрек соғуының жиілеуі, жүрек тұсының ауыруы, ауыздың құрғауы, т.б. белгілер арқылы білінеді. Естің жеңіл түрде бұзылуы (есеңгіру, шатасу, бағытын ажырата алмау, ұйқышылдық) мүмкін. Кейде психомоторлық қозу, өткінші амнезия және аз уақыт естен тану болуы да ықтимал. - Ең алдымен шүйде аймағында анығырақ сезілетін іштен керней таралатын бас ауырулары білінеді. Олармен қатар көбінесе бастың шулауы, жүйесіз бас айналу, лоқсу, кейде құсу тәрізді жалпы милық симптомдар байқалады. Мұндайда сырқаттарда вегетативті қан тамырлық бүлінулер де байқалады. Олар беттің қуқыл тартуы немесе қызаруы, жүрек соғуының жиілеуі, жүрек тұсының ауыруы, ауыздың құрғауы, т.б. белгілер арқылы білінеді. Естің жеңіл түрде бұзылуы (есеңгіру, шатасу, бағытын ажырата алмау, ұйқышылдық) мүмкін. Кейде психомоторлық қозу, өткінші амнезия және аз уақыт естен тану болуы да ықтимал.
- Гипертониялық криз кезінде бет асимметриясы, сіңірлік анизо-рефлексия, көз аясының өзгеруі, сезімділік бұзылымдары, т.б. аз білінетін ошақтық симптомдар жиі анықталады. Сырқаттар субъективті түрде фотопсия, диплопия болғанын және көздің көруі біршама төмендегендігін байқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |