Бассүйек ішілік ісіктердің пайда болуы (ісік немесе метастаз, абсцесс, субдуралды гематома).Ошақтық симптомдар бірнеше күн ішінде пайда болады, қанмен қамтамасыз ететін ми артерияларының бір бөлігін ғана зақымдауы мүмкін, анамнезінде қатерлі ісіктер немесе бассүйектік жарақат кездеседі.
Бассүйек ми жарақаты. Анамнезінде басында жарақат іздерінің болуы. Менингоэнцефалит. Анамнезінде инфекциялық үдерістерінің белгілері, бөртпе, құлақтың жəне мұрын қосалқыларының іріңді аурулары. Инсульттің орналасуы мен түрі ауруханаға жатқызу алдында талап етілмейді.