Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы



Дата24.01.2022
өлшемі23,43 Kb.
#113742
түріПрезентация
Байланысты:
Мың бір мақал


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру.
    Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.
    Өтілу барысы:
    Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
    Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер.
    Бұл сайысқа екі топ қатысады:
    1. «Сұңқар» тобы.
    2. «Тұлпар» тобы.

    Мұғалім: Құрметті ұстаздар әділ қазылармен танысытырып өтейін


    Әділ – қазылар:


1. Бастауыш сынып мұғалімі:

Мұғалім: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ дейміз. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады.бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
Мұғалім сөзі: Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық

1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.


2 - бөлім: «Жалғасын тап»
(мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1 – топқа:


1. Кітап – білім бұлағы,....
2. Досы көпті жау алмас,....
3. Әркімнің өз жері.........
4. Еңбек етсең ерінбей,...
5. Жері байдың –...
6 .Батыр туса-ел ырысы, .....
7.Әдепті бала - арлы бала......
8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......
9. Қыз өссе- елдің көркі......
10. Мектеп-кеме......

2 – топқа:


1. Ақыл – азбайтын тон,....

2. Жүз сомың болғанша,.......................


3. Досы көпті жау алмайды,...
4. Еңбектің наны тәтті,...
5. Бірлігі жоқ ел тозады –...
6. Бірлік болмай, ......
7. Ырыс алды,.......
8. Ердің атын.......
9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...............
10. Отан үшін......

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.

1-топқа

Үй ішін аралап Қаптарды жарып,


Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады ( тышқан)

Желден желігеді


Судан шегінеді. ( от)

Бұрасаң тетігін, Өлшемін түн мен күн,


Соғады жүрегі. Әркім-ақ біледі. ( сағат)

Еріксе, құйрығымен ойнайды,


Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. ( мысық)

Аұпыз, сары, көкпіз, Жүреміз жайнап,


Түрлі, түрлі көппіз. Арасында шөптің. ( көбелек)

Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)

Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)

Екі аяқты, бір басты,


Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)

Сақалы жоқ, шашы бар, 


Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/

2-топқа


Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)

Бұрап қойған сағаттай,


Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

Бетін адам ашады,


Білім нұрын шашады. /кітап/

Көше бойлап аяңдайды,


Адам тасып аялдайды. /автобус/

Әжем уыстап сығып


Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/

1. Ақ жібек асыл көрпедей,


Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)

2. Қалың киімді ұнатады,



Шешіндірсен жылатады (Пияз)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет