Іске қосу – Программа – Ms Access. Access-тің өңдеу обьектісі болып кез келген, кеңейтілуі .mdb болатын мәліметтер қорының файлы болып саналады. Бұл файлға төмендегі негізгі обьектілер кіреді: кесте, сұраныс, форма, отчет, макрос, модуль. Кесте. Мәліметтер қоры кестесіз болуы мүмкін емес. Access 97-де жалпы тақырыпта біріктірілген мәліметтер жиынтығы кесте болып табылады.
Сұраныс мәліметтерді талдау, өзгерту және қарауға негізделген. Ол сондай-ақ форма мен отчет құруда жазулар көзі ретінде де қолданылады, әлдеқайда көп таралған сұраныс түрін таңдау арқылы сұраныс, ол бір немесе бірнеше таблицадан пайданалушы берген критерийлерге сәйкес мәліметтер теруді орындайды.
Форма Microsoft Access обьектісі, мәліметтер енгізу үшін қолданылады. Әрбір формаға енгізу үшін, кесте өрісіндегі мәліметтерді бейнелеу үшін немесе өзгерту үшін қолданылатын басқару элементтерін орналастыруға болады, яғни форма дегеніміз толтыратын бланк және мәліметтердің жинақталуының маскасы.