Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі



бет6/8
Дата06.02.2022
өлшемі192,82 Kb.
#79441
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
0001c044-3a3bf3b0

АҚПАРАТТЫ АНЫҚТАУ
Кез келген құжатпен немесе электрондық таблицамен жұмыс істеу кезінде біз құжаттың мазмұнын немесе таблицаның әр бір ұяшықтың орнын өзіміз таңдай аламыз. Тексттік редакторларда бұл информацияны керек жерге орналастыру үшін қажет.
Ал электрондық таблицаларда ақпаратты сақтау, керек есеп айырылысуларын жүргізу және қортындыларды керекті түрде ұсыну міндетініз болады.
Егер де электрондық таблицадағы жолдар саны 100-ден асып кетсе, және де құжат біршене беттен тұрған жағдайда ақпаратпен жұмыс істеу өте қиын болады. Егер де сіз басқа да қолданушыларға арналған белгілі бір электрондық таблицаларды құрсаңыз, ондағы өзгерістерді, және жаңадан енгізілген сандарды бақылай алмайсыз.
Мысалы, сіздің таблицаңыздың бір ұяшығында күн (мерзім), ал екіншісінде ол күнде түскен ақша сақталу керек болса, қолданушы оны кездейсоқтықтан ауыстырып алуы мүмкін. Осы сияқты көптеген мысалдар келтіруге болады.
МҚБЖ-ның арқасында біз ақпараттың түрін және де оның сақталу әдістерін өзіміз таңдай аламыз. Сіздер сонымен қатар жұмыс істеуге қолайлы болу үшін, (ақпараттарды дұрыс енгізу үшін) басты талаптарды қоя аласыз.
Сіздер Microsoft Access барлық мүмкіндіктерді қолдана аласыз: DDE (DynamicDataExchange, ақпаратпен динамикалық түрде алмасу), және OLE (ObjectLinking and Emedding қарым-қатынас және объектілерді енгізу).
Microsoft Access көптеген ақпарат форматтарымен жұмыс істей алады (МҚБЖ-ның басқа да файлдық структураларымен). Сіздер ақпараттың импорт және экспорт процестерін текстік редакторларынан және де электрондық таблицалардан ала аласыз.
Microsoft Access көмегімен сіздер Paradox, dBASE III, dBASE IV, FoxPro және т.б. файлдарды өңдей аласыз. Бұл файлдарды сондай-ақ Microsoft Access импорттауға да болады.
АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ
Текстік редактордағы немесе электрондық таблицадағы ақпаратпен жұмыс МҚБЖ-дағы жұмыстарынан көптеген айырмашылықтары бар. Текстік редакторда даярланған құжатта сіздер таблицалық ақпаратты қосып, оны өңдей аласыз. Ал электрондық таблицада құрылған құжат берілген бір есепті шешу үшін арналған. Сондықтан оны басқа да бір есепке қолдану өте қиын. Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде МҚБЖ көптеген әдістерді қолданады. Мысалы, сіздер ақпаратты іздеу шараларын жеке таблицада өңдіре аласыз. Бір команданы қолдана отырып, жеке бөлікте орналасқан барлық ақпаратты жаңарта аласыз.
Таблицадағы ақпаратты өндеу үшін Microsoft Access SQL деген өте күшті тіл қолданылады. Оның көмегімен бір немесе бірнеше таблицадан бізге керекті информацияны ғана белгілей аламыз.
Microsoft Access ортасында есептерді шешу үшін SQL тілін міндетті түрде білу керек жоқ.
АҚПАРАТТАРДЫ БАСҚАРУ
Текстік құжаттар мен электрондық таблицалар «бір қолданушының» есептерін шешуге арналған өте қарапайым құрал. Бірақ, олар бірлесіп жұмыс істеу кезіне қолданылмайды.
Электрондық таблицалар ақпараттың әртүрлі формаларын енгізуге арналған, бірақ, егер де біз ақпаратты толықтай комплекстік бақылаудан өткізетін болсақ, онда функциялардың жетіспеушілігі айқын байқалады.
Шағын фирмаларда электрондық таблицалардың счет-фактура шаблоны ғана қолданылады. Бизнестің үлкеюімен қатар жұмыскерлер қатары да өзгереді, осы кезде ақпараттар базасының тигізетін әсері мол.
Сондай-ақ электрондық таблица өндірісте де қолданылады, бірақ оның мазмұны жұмыскерлердің өз жұмыстарының есептерімен шектелуі тиіс. Ал толықтай бухгалтерлік есеп айырысулар ақпараттар базасында сақталуы қажет.
Бірлесіп жұмыс істеу кезінде ақпарат базасының басқару системасының арқасында ақпаратты санкционалдық емес енуді қорғай аламыз, соның нәтижесінде бұл ақпаратты белгілі бір қолданушылар ғана қолданып, оларға жаңадан енгізулер енгізе алады. Бірлесіп жұмыс істеуге арналған МҚБЖ кез келген қолданушының бәріне ұқсас ақпаратты өндеуге жол бермейді (ондағы ақпаратты әркім әртүрлі өзгерте алмайды).
Сіз қандай қолданушыларға немесе қолданушылар топтарына белгілі бір ақпараттағы объектілерге жұмыс істеуге рұқсат етуіңізді енгізе аласыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет