Microsoft Word абай қҰнанбаев 1



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)

 
Бесінші.  «Білімдіден  шыққан  сөз»  деп  басталатын  өлең.  Бұл  өлеңнің 
бастапқы  шумағы  үшінші  түр  сияқты:  төрт  жолды,  әр  жолы  жеті  буынды, 
үйлесі  -  а,  а,  б,  а  боп  келеді  де,  екіншісі  шумақтан  бастап,  8  шумақты,  32 
жолды бұл өлең өзгереді. 


 
192
1.  Үйлесі  -«сөз»,  «кез»,  «көз»,  «тез»,  «ез»,  «күйез»,  «мінез»,  «без»,  «жез», 
«бөз»  боп,  бірінші,  екінші,  төртінші,  сегізінші,  он  екінші,  он  алтыншы, 
жиырманшы,  жиырма  төртінші,  жиырма  алтыншы,  отызыншы  жолдарда 
үйлесіп  отырады;  бастапқы  шумақтағы  а,  а,  б,  а-ға  қалған  шумақтардың 
соңғы жолдары түп-түгел үйлеседі. 
2.  Бұл  өлеңдегі  сегіз  шумақтың  бәрі  де  төрт  жолды,  әр  жолы  жеті  буыннан 
құралатын өлең болғанмен, екінші шумақтан бастап, үйлесі -в, в, в, б болады 
да, қалған шумақтарының бәрі осы ізбен кетеді. 
 
Жүрегі - айна, көңілі ояу - в  
Сөз тыңдамас ол баяу. - в  
Өз өнері тұр таяу, - в  
Ұқпасын ба сөзді тез? - б 
 
Әбілет басқан елер ме, - г  
Сөзге жуық келер ме? - г  
Түзу сөзге сенер ме, - г  
Түзелмесін білген ез? - б 
 
+ + +   + + +   -   д  
+ + +   + + +   -   д  
+ + +   + + +   -   д  
+ + +   + + +   -   б  
 
Қалған шумақтары да осылай өрби береді. 
Алтыншы.  Әрбір  шумағында  төрт  жол  бар,  бастапқы  жолы  жеті 
буынды, соңғы үш жолы сегіз буынды, үйлесі- а, б, а, б боп келетін өлең. 
 
Желсіз түнде жарық ай, - а  
Сәулесі суда дірілдеп, - б  
Ауылдың алды терең сай - а  
Тасыған өзен гүрілдеп. - в 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет