Бірінші. Абайдың жан-тәнімен қарсы болған ұлт теңсіздігі, патша
өкіметінің отаршылдық саясаты күл-талқан боп жойылды, қазақ халқы Совет
Одағындағы тең праволы елдің бірі болды.
Екінші. Абай өлтіре сынап-мінеген қанаушы байлар табы жойылып,
саяси, шаруашылық, мәдениет істерінің бәрін еңбекші халық өз қолына алды.
Абай сүйген еңбектің өркендеуіне айқын жол ашылып, социалистік қоғам
құру ісіне, еңбектің, ең биік сатысына қазақ халқы туысқан өзге ұлттардың,
еңбекшілерімен қатар көтерілді.
200
Үшінші. Абай арман еткен өнер-білімге қааақ халқының қолы еркін
жетіп, Қазақ республикасының ауылдарында, қалаларында мыңдаған
мектептер, ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Олардан өкімет, шаруа,
мәдениет істеріне басшылық ететін талай мамандар шықты. Үлт көркемөнері
өркендеді. Қазақстанда ұлт баспасөзі құрылып, қазақ тілінде миллиондаған
даналы ғылым мен білім, көркем әдебиет кітаптары, журналдар, газеттер
шықты. Абай шығармаларының толық жинағы революциядан кейін әлденеше
рет басылды.
Төртіниіі. Абай арман еткен әйел бостандығы жүзеге асты. Қалыңмал
тұсауынан құтылған қазақ әйелдері, жүрегі сүйгендерге еркімен қосылды.
Қазақ әйелдері мемлекет ісіне, шаруашылық, мәдениет жұмысына белсене
араласып, түрлі мамандыққа ие болды.
Бесінші. Өз заманында Абай өзін әдебиет майданында жалғызбын деп
ойласа және расында да солай боп, қазақтың жазба әдебиетінің салаларын
онымен тізелесе отырып есіретін жазушылар болмаса, көп міндетті мойнына
жүктеген Абайдың қазақ әдебиетінде, поэзия жанрынан басқа жанрларды
өркендетуге мұршасы келмесе, жалғыз поэзия - ұлт әдебиетін толық
мағынасындағы профессионалдық әдебиеттің дәрежесіне кетере алмаса, сол
тұйықтан да қазақ әдебиетін шығарған Октябрь революциясы, революішядан
кейін қазақ жазушыларының саны да өсті, шығармаларының сапасы да
артты: проза, драматургия, журналистика, әдеби сын, әдебиет тарихын жасау
- осылардың бәрі де қазақ әдебиетіне революция шығарған жеміс және
халықтың мейірін қандыруға жарайтын дәні толық, дәмі тәтті, піскен жеміс.
Социалистік реализм әдісін басшылыққа алған қазақ совет әдебиеті - реалист
Абайдың шығармаларымен ұштасып жататын соның заңды ілгерілеуі.
Олай болса, қазіргі қазақ халқының бақытына өзі жете алмай, оның
қуаты күшті, нұрлы сөздері ғана жеткен Абай да ортақ.
Абайдың бұл «қуаты күшті, нұрлы сөздері» бізге қандай асыл болса,
келешек замандарға да сондай асыл болады.
Абай өлеңін сәл өзгертіңкіреп, өзіне арнаған орынды:
Ол жазған жоқ өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жазды үлгі жастарға бермек үшін.
Мұндай жастар - социализмнің, оның жоғарғы сатысы - коммунизмнің
жастары. Абай - солармен бірге мәңгі жасайтын ақын.
1944- 1945 жыл,
Алматы.
201
Достарыңызбен бөлісу: |