VI.
Абайдың әдебиетке көқарасы және ақындық шеберлігі
«Абай қандай ақын?» деген сұраудың жауабын берер алдында,
оқушыларға В.Г. Беринскийдің орыстың данышпан ақыны А.С.Пушкин
туралы айтқан мына сөзін ескерте кетуді қажет деп ойлаймыз:
«Тарту-таралғы әкелген сияқтанып, барлық суларын сарқа құйған ұсақ
өзендерден ұлы өзендер құралады. Ока мен Кама өзендерінің суын тану үшін,
120
Еділ суының химиясын кім ажырата алар еді? Еділ өзге өзендердің
үлкендерін де, кішілерін де қосып ап, көрнекті келбетпен толқындана ілгері
тартады. Осы Еділдің кең арнасында жүзген адамдардың ешқайсысы да
мұндай пәлендей өзеннің суы бар екен дей алмайды. Пушкиннің ақындық
дарынын азықтандарғын – одан ілгері жасаған ақындардың шығармалары.
Одан да анығырақ айтқанда, Пушкиннің дарыны өзінен бұрынғы
дарындарды заңды қазына есебінде бойына сіңірді де, сол бойына сіңгенде
дүниеге жаңарған, түсін өзгерткен түрде қайта щығарды. Державинсіз,
Жуковскийсіз, Батюшковсыз Пушкин де болмайтынын айтуға да, дәлелдеуге
де болады. Пушкин – солардың шәкірті. Бірақ Пушкин сол ұстаздарынан,
үлгі
алған
адамдарынан
көшіріп
жазды
деп,
олардан
барлық
щығармаларында да өлшеусіз жоғары емес деп ешкім айта да, дәлелдей де
алмайды».
Белинский осы пікірін бірнеше ғылыми еңбектерінде қайталай айтып,
орыстың шын мағынасындағы бірінші ақыны – Пушкин дейді. Және осы
пікірін ол таласуға болмайтын дәлелдермен бекітеді.
Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады, неге десеңіз,
орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады»,- десе, «Пушкиннің
қасиеті – оның орыс ақыны екендігінде; орыстың өмңрі бірінше рет
Пушкиннің қуаты күшті жылдарында ғана көрінді»,- десе, біз де Абай туралы
осы пікірді айтамыз. Абай – қазақтың Пушкині.
Егер орыстың халық әдебиетісіз, Державинсіз, Жуковскийсіз,
Батюшковсыз Пушкин болмаса, қазақтың халық әдебиетісіз, Бұхар
жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да болмас еді. Қазақ
әдебиетінің қайнар бұлағы - Абай емес, Абайды туғызған -халық.
Халық өзінің өмірінде талай ақынды туғызған, ол ақындар халықтың
қуаныш пен қайғысын өздерінің шығармаларында тамаша етіп
сипаттаған. Абай - солардың бірі. Әрине, «бірі» болғанда, қатардағы
емес, бірегейі. Сөйте тұра, Абайды туғызған халық жалғыз оның ғана
шығармаларымен
рухани
азықтанбайды,
басқа
ақындарының
шығармаларымен де азықтанады.
Өзінен бұрынғы қазақ ақындарынан Абайдың бақыттылығы оның
солардың
бәрінен
ақындық
дарыны
артықтығында
ғана
емес.
Табиғаттан бойына біткен оның ақындық дарыны, мүмкін, Бұхардан,
Махамбеттен, Шортанбайдан артық болмауы. Мәселе ақынның бойына
біткен дарынында ғана емес, сол дарынды өсіріп, өндіретін жағдайда.
Ақынды өсіретін жағдай - қоғам тіршілігі. Оның ой-пікірінің
қазығы - сол тіршілік. Қоғамдық ойдың өресі мен екпіні қаншалық
күшті болса, ақын ойы биік деңгейден табылмақ.
Қоғамдық ой әр дәуірде бір екпінмен толқындана бермейді; оның
әлді де дәуірі бар, әлсіз дәуірі де бар. Әлсіз дәуірде әлді ақын
шықпайды. Абайға дейінгі қазақ ақындары Абайдай бола алмаса, ол
олардың ақындық дарынының әлсіздігінен емес, үлкен ойға меңзей
121
алмаған дәуірдің әлсіздігінен. XIX ғасырда тумай, мәселен, XVIII
ғасырда туса, Абай да көп жыраудың бірі ғана боп қалуы да ықтимал.
Әрбір экономикалық, саясаттық дәуірдің өзіне лайық ой-пікірі
бар. Мәселен, ескі гректің эпосы «Илиаданың» мазмұны сол заманның
ой-пікіріне жарасып тұр, себебі - адам ол кезде табиғаттың жетекшісі
емес, жетегіндегісі. Ол кезде адамға табиғаттың мылқау күшінің бәрі -
тәңірі: желдің де тәңірі бар, судың да тәңірі бар, көктің де тәңірісі бар...
Адамның да күштілері ол кезде - жарты тәңірі (Ахиллдың көк тәңірісі
Аполлоннан тууы сияқты). Сондықтан ол кездің ақыны Гомер
шындықта болмайтын қиялдардың тасқынына қалқып кетсе, заманына
қарай әдемі-ақ.
Европада Қайта өрлеу (эпоха Возрождения) басталғаннан
қейін
Гомердің стилінде поэма шығарам деп талпынса, көптің көзіне ол күлкі
болар еді. Себебі бұл кезде Европадағы қоғам табиғат күшіне
бағынумен қанаттанбай, оны бағындыруға кіріскен болатын. Осы
процесс күшейген XVIII ғасырда «Илиаданың» стилінде эпос жазуға
тырысқандарды Белинский былайша сықақтайды: «Ломоносовтың
«Петриадасы» мен Вольтердің «Генриадасының» аралары алшақ емес.
«Петриадада» Ломоносов Нептунның ордасын Ақ теңіздің астында еді
деп сипаттайды. Жерорта теңізін жайлаған грек аралының тұрғын
адамына, біздің ақын тым суық пәтер берген. Ұлы Петр мен Нептунды -
ескі гректің теңіз тәңірісін - қалай жақындастырады!.. Бұл сияқты
көптірме тағылық поэманы Ломоносовтың бітірмей тастауы да ұғымды:
табиғатында дұрыс пікірлі және ақылды боп жаралған Ломоносов бұл
сияқты қиялдан туған елірме «Гоич де Форсені», әрине, бітіруге мүмкін
емес. Ломоносовтың трагедиялары да «Петриадаға» ұқсас» (Белинский,
«Избранное», 1914 ж.)
XVIII ғасырда «Илиадаға» ұқсатып «Генриада» жазған Вольтер
мен «Петриада» жазған Ломоносовты Белинскийдің неге сықақтау
себебін біз Карл Маркстың грек эпосы туралы айтқан мына сөздерін
оқығанда түсінеміз: «Гректің мифологиясы оның қазынасы ғана емес,
өсетін
топырағы да екені мәлім. Мәселен, сельфакторлар, темір жолдар,
локомотивтер, электрлік телеграфтар шыққан кезде, гректің қиялынан,
сондықтан грек искусствосынан туған табиғатқа немесе қоғамның
қарым-қатынасына көзқарас мүмкін бе? Roberts С° мен Вулканды
1
қатар қоюға бола ма? Юпитерді нажағай тартатын құралмен, Греместі
3
Credit Mobilierгмен
4
қатар қоюға бола ма? Әрбір мифологияның
табиғатты жеңуі де, бағындыруы да, құрастыруы да қиялмен ғана,
қиялдың жәрдемімен ғана болатын іс, олай болса, табиғаттың сол
күштері меңгерілумен қабат (мифология да) қойылады. Printing
Pousesquarенің
5
қасында, әйел тәңір Фаманың несі қалады?”» (К.
Маркс және Ф. Энгельс, «Искусство туралы», 1957 ж., I том, 134-135
бет).
122
Ескі гректің қиялынан туған пікірді XVIII ғасырдың пікіріне
үйлестіру қандай күлкі болса, XVIII ғасырдың романтизмін XIX
ғасырдың реализміне үйлестірем деу де сондай күлкі болар еді. Әр
нәрсенің орны бар, әр іс пен әрекеттің жасалатын кезеңі, заманы бар.
Кешегінің
бүгін
ескіретін,
бүгінгінің
ертең
басқаша
болатын
диалектикалық заңын еске ала білсек қана қателеспейміз, дұрыс жол
таба аламыз.
Біздің Абай - қалам ұстап әдебиет майданына аттанарда осыны
өзінің озық ой өрісімен түсініп, өзінің қай заманда туғанын, ақындық
талантын не мақсатқа пайдалануға қажетті екенін анықтай алған ақын.
Мұндай пікірге Абай әулиелікпен келген жоқ, туған елі қазақтың
өмірін, әдебиетін білу, Шығыс елдерінің әдебиетін, орыс әдебиетін
терең зерттеу арқылы келді.
Өзінің бұрынғы және өз заманындағы қазақ әдебиетін Абайдың
қаншалық білгендігі оның шығармаларынан көрінеді. Жалпы қазақ
өмірінде поэзияның орны қандай екендігін Абайдың қалай ұққандығы
оның мына өлеңінен көрінеді:
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен бет ашар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шілдехана,
Шуласып өлең айтар онда жана,
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған
Биде тақпақ, мақал бар, ойлап қара.
Өмірі поэзияға бөленбеген халық жоқ. Солай бола тұрса да,
Абайдың жоғарыда мысалға алған өлеңін оқығанда, оқушының көзіне
елестейтін өзге халықтың өмірі емес, қазақ өмірі, қазақтың ұлттық
өмірі. Екі мысал алайық: біреуі - шілдехана, екіншісі - жоқтау.
Шілдехана-бала туумен байланысты сауық. Баланың тууын
барлық халық та, барлық ата-ана да қуаныш көреді. Сөйте тұра бала
туған күннен бастап, үш күн ұдайымен «шілдехана күзетіп», бала
жатқан үйде қыз-бозбала жиналып сауық кешін жасау, ол кешті іңірден
таң атқанша ән-күймен өткізу, мәселен, Европа елдерінде жоқ. Ондай
әдет Шығыс елдерінде, қазақпен көршілес отырған және туыстас татар
мен өзбек елдерінде де жоқ. «Шілдехана»- тұрмысы көшпелі салттағы
елдерде ғана кездеседі де, отырықшы елдерде кездеспейді. Батыс
елдерінің, орыстың жасқа толғанын тойлау (именины жасауы) қазақтың
123
«мүшел» тойына ұқсайды, айырмасы - орыстар жасқа толуын жыл
сайын мерекелейді, қазақ бір мүшел толғанда мерекелейді. Мүшел
әрбір он екі жыл өтіп, он үшінші жыл толғанда басталады. Мәселен, 13
бір мүшел, 25-те бір мүшел, 37- де бір мүшел, 49-да бір мүшел... осы
мүшелдерде, қазақтың әдетінде, той жасап, мүшелі толғанның
құрдастарына астына ат, үстіне киім береді екен.
Жоқтау-адамның өлуімен байланысты «сауық». «Сауық» дейтін
себебіміз: өлетін адамды да, қазақтың ескі салтында өмірден өлімге
өлеңмен жөнелтіп салады; өліп бара жатқан адамға, оның шешесі,
әйелі, апа-қарындастары келіні жылап қана, жай қара сөзбен ғана
қоштаспайды, өлеңмен, сол өлеңді әндетіп айтумен қоштасады. Өлікті
көмгеннен кейін де, оның әйелі, жақындары өлгенге жыл толып, «асын»
бергенше, ол туралы айтатын жоқтау өлеңін тоқтатпайды. Әдетте,
өлікке 40 күн толғанша, туысқандары, әйелі жоқтауды күніне үш
мезгіл: таңертең, түсте, кешке айтады да, «қырқын» берген соң, үйіне
елеулі кісілер келгенде, еске түсіру есебінде ғана айтады.
Біз бұл арада «шілдехана» мен «жоқтау» өлеңдерінің тарихын
қазалық деп отырған жоқпыз, я сол түрлі поэзияларды зерттегелі
отырған жоқпыз. Ол біздің бұл жолғы міндетімізге жатпайды. Егер
тексере, зерттей бастасақ, бұл тақырыпқа қалың кітап жазуға болар еді.
«Шілдехана» мен «жоқтауды» біз:
Бала туса, күзетер шілдехана,
Шуласып елең айтар онда жаңа, -
деп,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол? -
деп Абай жазғандықтан ғана еске түсіріп отырмыз. Қазақтың өмірінде
поэзияның осындай ерекше орны барлығын ұққан және сол туралы елең
жазған Абай пікірін былайша қорытады:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдін, қызығының бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Екінші сөзбен айтқанда, анасынан. шырылдап, дүниеге келген
баланың қазақ тұрмысында бірінші еститін дыбысы-өлең, олай болса,
оған өмірдің есігін өлең ашады; аз ба, көп пе жасап, өмірмен
қоштасатын адамның, қазақ тұрмысында соңғы еститін дыбысы да
124
өлең, олай болса, өмірдің шығар есігінен де оны жөнелтіп сап
қоштасып қалатын да өлең. Адамның тууы мен өлуінің арасындағы
өмірі өлең араласқанда ғана қызық, өлеңсіз қызық өмір жоқ... Абайдың
өмір мен өлеңге, қазақ өміріндегі поэзияның роліне көзқарасы осындай.
Қазақтың әсіресе әдет-ғұрыптық поэзиясын Абайдың жақсы
білетіндігі және жақсы көретіндігі оның жоғарыда мысалға алған
өлеңінен айқын көрініп тұр.
Бірақ қазақ фольклоры жалғыз әдет-ғұрып поэзиясынан ғана
құралмайды, оның толып жатқан тармақтары бар, солардан Абайдың
тағы да сүйсініп қарайтындары бар ма?
Қазақ фольклорынан өзінің шығармаларында Абайдың өте көп
қолданатын бір тармағы - тақпақ, мақалдар, мәтелдер.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, ойлап қара, -
дегенде Абайдың тақпақ пен мақалды сүйсіне атап отырғаны көрініп
тұр. Бірақ Абай қазақтың өткен өміріне де, өз заманындағы өміріне де
сын көзімен қарағаны сияқты, қазақтың мақалына да сын көзімен қарап,
ескіргендері мен ескірмегендерін жіктейді. Мәселен, ол қазақ тарихы
туралы пікір айтқанда, қазақтың «Алаш - алаш болғанда, Алаша хан
болғанда» «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», «Ұлыстың ұлы
күні», «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой
жылы зеңгер тоғыс болды», «Самарқанның сар жолы, Бұланайдың тар
жолы», «Күл төбенің басында күнде кеңес» деген сияқты мақал-
мәтелдеріне қатты сүйенеді және олардан көп тарихи шындық табады.
«Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың, бас алқаңыз бар
болса, жанған отқа күймессің», «Өзіне ар тұтқан, жаттан зор тұтады»,
«Аз араздық көп пайданы кетіреді», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Жол қуған қазынаға жолығады,
дау қуған пәлеге жолығады» деген қазақ мақалдарын Абай өз
замандастарына үлгі ғып ұсынады.
«Біздің
қазақтың
мақалдарының,-дейді
Абай,-көбінің
іске
татырлығы да бар. Іске татымақ түгіл, не құдайлыққа, не адамшылыққа
жарамайтыны да бар: «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен
соң тірі боп жүргені құрсын... «Атың шықпаса өрт сал»,-дейді. Жер
өртеп шыққан аттың несі мұрат? «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден
жан тәтті» дейді. Ата анасынан мал тәтті көрінетін ант ұрғанның
«тәтті» дерлік не жөні бар? Ата-ананы малға сатсақ, ең арсыздың бірі
емеспіз бе?!.»
«Көкірек толған қайғы,-дейді Абай тағы бір сөзінде- қайғы не
десең, (қазақтың) мақалдарынан танырсың. «Түстік өмірің болса,
күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де - жат», «Мал - адамның
бауыр еті», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «Ер азығы
125
мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген
перде бұзады», «Алаған қолым береген», «Мал тапқан ердің жазығы
жоқ», «Қарының ашса, қаралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без,
қайыры жоқ елден без» деген, осындай сөздер есепсіз толып жатыр. Бұл
мақалдардан не шықты? Мәлім болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым
үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам
жейді екен...»
Бұл сынап отырған мақалдардың кейбірінің мағынасы және
маңызы туралы Абайдың пікіріне қосыла қоймайтыны бар. «Малдының
беті жарық, малсыздың беті шарық» деген мақал - қанаушы мен
қаналушының қоғамдық халдерінің қандайлығын көрсететін сөз.
«Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген де орынды
айтылған. Алайда біз бұл жолы Абайдың халық мақалын қаншалық
білгендігіне және оны өз шығармаларында қалай пайдаланғандығына
ғана назар аудармақпыз.
Абай қазақтың мақал, мәтелдерін біліп қана, жақсы, жаманын
талдап қана қоймайды. Ол өзінің кейбір шығармаларында, әсіресе
өлеңдерінде, өз пікіріне қазық ретінде мақал, мәтелдерді алып отырады.
Мәселен, қазақ мәтелінде мақтаншақты «аузымен орақ орады» деп
сипаттайды, Абай елдің надан салтын сөгіп жазған елеңінде, өз пікіріне
қазық ретінде мақал, мәтелдерді алып отырады. Мәселен, қазақ
мәтелінде мақтаншақты «аузымен орақ орады» деп Абай елдің надан
салтын сөгіп жазған өлеңінде осы мәтелді алып:
Ұқпайсын, өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузыңмен орақ орған өңкей қыртың! -
дейді. Қазақ берекесіз елді «алтыбақан, ала ауыз» десе, Абай да:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін Алтыбақан, ала ауыз, -
дейді. Қазақ тентекті «қазан бұзар» десе, Абай да ел бұзғыштарды:
Қалжыңы теріс, сөзі - ұрыс,
Айтқан сөзге көнбейді,
Өз тентегін көрмейді,
Қазан бұзар бір қырыс, -
деп сипаттайды. Қазақ ұрыларды «байлағанда бау кеседі» десе, Абай
пысықтарды:
Ұрлық пенен қулыққа,
126
Байлағанда кестің бау, -
деп сөгеді. Қазақта «берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз» деген
мақал бар, Абай соны пайдаланып, жаңағы пысыққа:
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау,-
дейді. Қазақ «қайта көрер есікті қатты серіппе» деген мақал айтса, Абай
жаңағы ұрсып отырған пысығына:
Қайта келер есікті
Қатты серіппе, жарқын-ау! -
деген ақыл да айтады. Осындай халық мақалынан, халық мәтелінен
пайдаланған мысалдар Абайдың өлеңдерінде толып жатыр.
Абай насихат сөздерінде де, өлеңдерінде де қазақ фольлорының
өзге түрлерінен гөрі мақал мен мәтелдерді көбірек пайдаланғанын
байқаймыз. Осыған қарағанда, Абайдың өмірбаянын жазушылардың:
«Ол 14 жасында Семейдегі медреседен қайтқаннан кейін, әкесінің
ықпалымен елдің билік жұмысына араласа бастады. Ел билеу
жұмысында, қазақтың билерімен, шешендерімен кездесіп, солардан
үлгі алып, 17-18 жасында өзі де шешен бидің бірі болды»,- деген сөзі
рас сияқты. Неге десеңіз, қазақта би болу ақыл табуға ғана байланысты
емес, сөз таба білуге де байланысты. Шешен сөйлей білу -қазақ
билерінің салты. Және олардың көбі жабайы шешен сөз емес, тақпақты,
өлеңді шешен сөзбен сөйлеген, өздерінің өлеңді сөздеріне халықтың
мақалдарын араластыра сөйлеген. «Түгел сөздің түбі» атанған
Майқыдан, Каз дауысты Қазыбектен, Үйсін Төле биден, Шақшақ ұлы
Жәнібектен, Керей Тоқсан биден, Мөңке биден қалды деген сөздердің
бәрі де тақпақты, өлеңді келетін себебі осыдан. Қазақ фольклорының
дүние жүзіндік фольклормен қабысып жататын бір тармағы - осы
шешендік сөздері. Біздің билер ескі гректің ораторлары сияқты.
Қазақ билерінің осындай қасиетін таныған Шоқан Уәлиханов,
оларға мынадай баға берген: «Билерді дауыс беріп ешкім сайламайды
да, ешкім бекітпейді де. Европаның ақындары, ғалымдары, адвокаттары
сияқты, қазақтың билерінің де қадірі өздерінің қара басына тәуелді
беделдеріне негізделеді. Шекспир мен Гетені барлық жұрт ұлы ақындар
деп санайды. Ал олардың данышпандығы ешбір өкіметтің декретіне, еш
халықтың сайлауына сүйенген емес».
Одан әрі қарай Шоқан осы еңбегінде, қайткенде халық көзінде би
бола алудың шарттарын санайды. Сондағы ең үлкен шарттар:
ақылдылық пен сөзге ұсталық.
127
Ақылдылық жағынан да, көркемдік жағынан да шешендік сөздер -
қазақ фольклорының ең бай тарауының біреуі. «Шешен сөз,- дейді
Белинский,-поэзия сияқты толық мағынасындағы көркемөнер емес, неге
десең, онда белгілі тәжірибелік іске арналғандық бар. Оның таянышы-
шығарма емес, талас, айтыс. Солай болғанмен де ол- көркемөнер. Неге
десең, шешендік сөз шешеннен таланттылықты, шабыттылықты, көркем
сөйлеушілікті тілейді» (В. Г. Белинский, Таңдамалы шығармалары,
1914 ж., 871 бет).
Абайдың қара сөздері де, өлеңдері де ақылды, шешен, көркем
келуіне бір себеп - оның жасынан қазақтың шешен, көркем сөздерімен
танысуы екендігінде дау болмасқа тиіс. Шешендер әдетте көп сезді
болмаған. Олар «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген қазақ
мақалын өздеріне программа көріп, айтыста көп сөйлемеуге, ретін
тапқан аз сөзбен үлкен мәселенің түйінін шешуге тырысқан және
шешкен де. Абай да өзінің шығармаларында аз сөзді болған, азғантай,
бірақ ақылды, шешен көркем сөздер айтқан кісі.
Абай 40 жасына шейін елдің билігіне араласып, жазушылық
жұмысқа қырықтан шыға кіріскенін біз оның өмірбаянынан жақсы
білеміз. Біздің білмейтініміз: билік құрған кезінде Абай бұрынғы
билердей тақпақты шешен сөздер айтты ма, жоқ па? Бұл сұраудың
жауабын ешкім бере алмайды, себебі бұл жөнде ешкімнің де қолында
материал жоқ. Қырықтан аса жазған Абайдың өлеңдерінде де, насихат
сөздерінде де ақыл айту басым, бірақ ол билік сөз емес, олардың көбі -
дидактикалық поэзияның үлгісі.
Абай - ақын. Және сауатсыз ақын емес, қазақ әдебиетін де,
исламдық Шығыс әдебиетін де, орыс әдебиетін де білген сауатты ақын.
Осы сауатты ақынның өзінен бұрынғы я өз тұсындағы қазақ әдебиетіне,
әсіресе поэзиясына көзқарасы қандай?
Бұл сұрауға жауап беру үшін, ең алдымен, Абайдың әдебиеттегі
орнын анықтап алу қажет, ол үшін Абайға шейінгі және Абай
тұсындағы қазақ әдебиетінің хал-жайына біраз тоқтау шарт.
Кейбір зерттеушілер қазақтың ауыз әдебиетінің алғашқы өкілдері
деп ауызша жырларда аттары кездесетін Сыпыра жырауды, Асан
қайғыны атағысы келеді; енді біреулер, қазақтың жазба әдебиетінің
тарихын ертеден бастамақ боп, XIII ғасырда жасаған Қожа Ахмет
Ясауиді «қазақ ақыны еді» дейді. Біз бұл пікірлердің екеуіне де
қосылмаймыз. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Сыпыра жырау мен Асан
қайғы, бізше, мәселен, орыс ауыз әдебиетіндегі Баян сияқты ақындар.
«Сәуегей» аталатын Баянды ешбір орыс тарихшысы әдебиетші
қатарына қосқан да емес, орыс әдебиетінің тарихын одан бастаған да
емес. Себебі: Баянның болған адам екендігіне ешбір документ жоқ.
Мүмкін, Баян атты бір ақын адамның болуы, бірақ оның осы «болуы»
документте сақталмай, ол орыс елінің аузында қиялдан туған адам
сияқтанып, ертегіге айналып кеткен.
128
Біздің Сыпыра жырау мен Асан қайғы да сол Баян сияқты. Бір
жақтан қарағанда, олар тарихта болған адамдар сияқты. Себебі, ескі
жырларда, Сыпыра жырау Тоқтамыс ханмен тұстас боп, Асан қайғы
Жәнібек ханмен тұстас боп сипатталады. Бұл хандар тарихта болған
адамдар және Сыпыра жыраудың да, Асан қайғының да өздерімен
тұстас хандарға, өзі жасаған заманға арнаған сөздері де бар. Солай бола
тұра, оларды тарихи ақындар деп алып, қазақ ауыз әдебиетінің алғашқы
белгілі өкілдері солар еді деу, әрине, ғылымдық дәлел боп шықпайды.
Орыстың ауыз әдебиетінде Баян қандай ертегі болса, қазақтың ауыз
әдебиетінде де Сыпыра жырау мен Асан қайғы сондай ертегі. Аттары
солардай ертегі боп кеткен ақындар талай халықтардан кездеседі,
оларды ешбір халықтың әдебиет тарихының басына қоймайды. Бұл
жөнде өзге ертегі ақындардан тағдыры өзгеше ескі грек елінің ақыны
Гомер ғана. Ескі гректің әдебиет тарихы Гомерден басталады. Сөйте
тұра, «гомер белгісіз бір тайпаның аты ма, я әйгілі ақынның өз аты
ма?» деген сұрауға ғылым әлі жауап іздеуде. «Ендеше неге Гомерден
бастайды?» деген сұрауға ғылымның берер жауабы: егер Айсадан алты
жүз жыл бұрын жасаған Афины әміршісі Писистрат өз тұсының
жыршыларын жинап алмаса, ол жыршылар гректің «Илиада» мен
«Одиссея» дейтін көлемі зор, көркемдігі тамаша халық эпостарын
Гомерден қалған демесе, әрине, Гомер ертедегі ақынның бірі ғана боп
қала берер еді де, грек әдебиетінің тарихын бастамас еді.
Біздің Сыпыра жырау мен Асан қайғының трагедиясы - олардан
сақталған қазақтың «Илиадасы» жоқ. «Қобыланды» я сол сияқты қазақ
эпостарын Сыпыра жырау мен Асан қайғынікі еді деуге, біздің қолда
әзірге дәлел жоқ. Сондықтан қашан ғылым анығын ашқанша, Сыпыра
жырау мен Асан қайғының, біз, гректің Гомері емес, орыстың Баяны
сияқты ғана көре тұрамыз.
Қазақтың жазба әдебиетін XIII ғасырда жасаған Қожа Ахмет
Ясауиден бастауға да біздің қосылмайтын себебіміз: оның қабыры
Қазақстанның қаласы Түркістанда болғаны болмаса, одан қалған
шығармада «Хикматта», қазақ түгіл, қазақтың ешбір руының тіршілігін
сипаттаған белгі
жоқ.
Егер ол парсының жазушысы, ақыны
Фирдоусидай, азер- байжанның ақыны Низамидай, өзбектің ақыны
Науаидай, белгілі бір халықтың, яғни қазақтың ең болмағанда оның
жеке руларының өмірін шығармаларында көрсетсе, оны біз қазақ ақыны
дер ек. Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларынан, қазақ түгіл, қазақтың
ешбір руына жанасатын ештеңе табылмайтындығын және оның
шығармаларын қарапайым қазақтың түсіне алмайтындығын еске алсақ,
оны қазақтың жазба әдебиетінің басы деу орынсыз. Қазақ әдебиетінде
жазушы ақынның емес, әдебиетте аты-жөні сақталған ақынның өзі
XVIII ғасырдың бер жағы ғана. Әрине, XVIII ғасырға шейін де қазақта
бай ауыз әдебиеті болды. Ол әдебиет не көктен түскен жоқ, не жерден
шыққан жоқ, оны жасаушы белгілі адамдар, яғни ақындар бар. Бірақ ол
129
кезде қазақ халқы сауатсыз болғандықтан, көркем шығарма жазылып
қағазға түспегендіктен, шығаратын ақындардың жырлары өзі өлген соң
халық қазынасына айналып, шығарушыларының аты-жөні ұмытылып,
«халық әдебиеті» боп кеткен. Осы «халық әдебиетіндік» арнадан қазақ
ауыз әдебиетінің саралануы XVIII ғасырдың екінші ширегінен бастап
қана. Бұл басталу қазақ әдебиетінің тарихында Бұхар жырау
Қалқаманұлының атымен байланысты.
Әзірге қазақ әдебиетінің тарихында жасаған дәуірі, аты-жөні
мәлім бірінші ақын - Бұхар жырау. Оның кім екендігі туралы бұрынғы
бір еңбегімізде айтылған мәліметтерді бұл арада қайталамаймыз.
Бұхардан кейін жасаған қазақ ақындарының біразының аттары да,
шығармалары да мәлім.
Бұл арада тоқтала кетуге қажетті бір мәселе - қазақ жазба
әдебиетінің басы қай ақынның шығармасынан басталатындығы туралы.
Кейбір жорамалға қарағанда, Бұхар жырау да, оның ізін баса
шыққан ақындар: Дулат, Шортанбай тағы басқалар да және кейбір
документтерге қарағанда Байтоқ, Жанұзақ, Махамбет те мұсылманша
хат білгенге ұқсайды. Соған қарап, кейбір әдебиетінің басы еді дегісі
келеді. Біз бұл пікірге де қарсымыз, себебі, біріншіден, солардың хат
білетіндігін дәлелдейтін документ мықты емес (егер Махамбет
Өтемісұлы архивтен табылған документтерде «Мұхаммед Отамыш
ұғли» деп қол қойса және осы «қол қоюға» жататын сөздері
арабшылаумен
қатар,
дауысты
әріптер
араласпайтын
араб
грамматикасының заңымен жазса, ол қазақша хат білгендікке куә емес);
екіншіден, олардың ешбірінің қолынан жазылған шығарма сақталған
емес, сондықтан олар өз қолдарымен өлең жазды ма, ол арасы бізге
мәлімсіз; үшіншіден, және негізгісі, ол ақындардың қолымен өлең
жазуы жазба әдебиеттің өкілі болуына дәлел бола алмайды. Өйткені,
шығармаларының көбі ауыз әдебиетінің стилі мен образының
аумағынан шыға алмай жатады. Олай болса, оларды «қазақ жазба
әдебиетінің өкілдері еді» деп қалай атай аламыз?
Әрине, атай алмаймыз. Бізше, олар - жазба әдебиеттің өкілдері
емес, ауыз
әдебиетінің өкілдері. Олардың өздерінен бұрынғы
ақындардан айырмасы тек тарихта аттары мәлім болуда ғана. Әйтпесе,
шығармаларының стилінде де, сөздік материалдарында да ешбір
айырма жоқ, екеуі де - фольклор.
Фольклор
мен
жазба
әдебиеттің
арасындағы
негізгі
бір
айырмашылыққа тоқтап өтейік: фольклорлық шығарманың мазмұнында
тақырыптық бірлестік үнемі бірыңғай келе бермей, көбіне ала жаулы,
әр тараулы боп кетеді. Мәселен қазақтың:
Базардан алып келген жезді құман,
Пәлеге ұшырайды сөзді қуған.
Бал шайнап, шекер жұтқан, беу қарағым,
130
Көзіңнен айналайын жаудыраған, -
деген өлеңнің төрт жолы үш түрлі мағына береді: бастапқы «Базардан
алып келген жезді құман» деген жол бір мағына, «Пәлеге ұшырайды
сөзді қуған» деген жол екінші мағына, соңғы екі жол үшінші мағына.
Шығарушыға керегі бастапқы екі жол емес, соңғы екі жол. Олай болса,
керексіз бастапқы екі жолды неге қолданады?
Қолданатын себебі: төрт жолдан құралатын бір ауыз өлеңнің
барлық жолдарын бір мағынаның арнасынан ғана өткізуге өлеңді табан
аузында шығарып отырған адамның уақыты да, мүмкіншілігі де жоқ.
Сондықтан ол өз ойын білдіретін сөздерді тауып алғанша, халық
фольклорында бұрын айтылып жүретін даяр сөздерді тыныс есебінде
қолданады да, өз ойын соған үйлестіріп қоса салады. Оқиғасы да,
тақырыбы да әр түрлі фольклорлық шығармалардың ішінде бір
сарынды теңеулер, салыстырулар, әсірелеулер араласып жатуы осыдан.
XVI ғасырда жасапты-мыс дейтін Асан қайғы мен XVIII ғасырда
жасаған Бұхардың сөздері көп жерде ұқсап қалатын қалатын себебі:
«Қобыланды», «Қарасай Қазы» сияқты жырлардың сөздері мен
Махамбеттің кейбір өлеңдері ұқсап қалатын себебі: біздің заманның
кәттә
қарт
ақындары
Жамбылдың,
Нұрпейістің,
Шашубайдың
жырларынан, ескі жырлардың жолдары, сөздері көп ұшырасатын себебі
де осында. Қазақстанның күнгей жақ облыстарының елінде күні бүгінге
шейін кездесетін ай- тыс өлеңдерінің көпшілігінде, бір ауыз өлеңнің
алғашқы екі жолы үнемі халық әдебиетіндегі:
Қара кемер, замандас, қара кемер,
Кара інгенді айналып ботасы емер, -
деген сияқты,
Шыны кесе, ендеше, шыны кесе,
Шыны кесе толады, құйса есе, -
деген сияқты дайын трафареттен алынып, аяғына:
Қараңғы іңір болғанда жолығып кет,
Жарық кезде жолықсаң. шешең көрер, -
деген жалғау қосуы,
Сонда көңілім дауалар, ай-ау, қалқам,
Жарты бидай ауыздан жарып жесе,-
деген жалғау қосуы, ауыз әдебиетінің заңды жолынан шыққан. Ауыз
әдебиеттің осындай табиғатын Абай оның кемшілігі деп ұғып:
131
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау.
Әттең дуние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау! -
деп ренжиді. Тағы бір өлеңінде:
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап, -
деп сөгеді. Рас, Абайдан бұрынғы қазақ ақындары да, Абай тұсындағы
қазақ ақындары да талант жағынан, сөзге шеберлік жағынан бір
қалыпта емес. Олардың екпіндеген жүйріктері де бар, шоқақтан артығы
жоқ жортақтары да бар, кібіртіктеген аяңшылары да бар. Абай «өлеңі
бәрі жамау, бәрі құрау» деп атақ тағып отырған Бұхар, Дулат,
Шортанбай осы жүйелі ақындардың алғашқысына жатады. Бұхар мен
Дулатта жалпы қазақ фольклорының сөздері кейде кесек, кейде аз
араласып отырса, Шортанбайда фольклордан даяр пікірлер, даяр
шумақтар,
даяр
жолдар,
даяр
сөздер
өте
сирек
ұшырайды.
Шортанбайдың
фольклормен
байланысы:
тақырыбы
заманына
арналғанмен, өзінен бұрынғы қазақ фольклорын идея жағынан да,
көркемдік жағынан да, техника жағынан да тереңдете алмауында.
Өзінен бұрынғы және өзімен тұстас қазақ ақындарын Абай
«жамаулы, құраулы» өлең жазғандықтан ғана өлеңнің көркемдігі, түрі
«нашарлықтан»
ғана
мінемейді,
олардың
мән-мақсатының
жадағайлығынан да мінейді. Ол:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап,
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтап, құдай қарғап,
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді бәрі даңдақ.
132
Абай бұл өлеңінде «ақындар» деп қазақтың ақын атаулысын түгел
алмай, олардың ішінен «мал үшін тілін безеп, жанын жалдағандарды»
екшеп алса, не сол «жанын жалдаған» кім екенін атап айтса, біз бұл
арада «онысы дұрыс» дер едік те жүре берер ек. Себебі қайдағы
мақтаншақ байға барып, қайыршылық қып мақтау өлең айтып, сөзін
малға сатып, өлеңнің қадірін кетіретін «ақындар» қазақта Абайға шейін
де, Абай тұсында да, Абайдан кейін де аз болмаған. Бірақ бұлар қазақ
ақындарының бәрі емес, олардың бір жүйесі ғана. «Өлеңі бірі жамау,
бірі құрау» деген уақытта Абай Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың «сөз
сатқандығы» үшін емес, өлеңдерінің сыртқы құрылысының «теп-тегіс
жұмыр, іші алтын, сырты күміс» болмағандығы үшін, бұрынғы
сарыннан сытылып шыға алмағандары үшін мінейді.
Абайдың эстетикалық талабы мен талғамы биік болғандықтан
творчествоны кәсіпке айналдырғандарды аямай өлтіре сынаса, ол
талапты ақындардың «қиыннан қиыстыра» алмағандығына ренжиді.
Бұл заңды да. Өйткені Абай қазақ халқын сөз өнеріне икемдеп таниды
да, қатаң талаптар қояды. Абайдың өз аузынан шықпаған, бірақ халық
әдебиеті жөнінде түйген ойын Шоқан Уәлихановтың сөзімен айтсақ,
мынандай болар еді:
«Татар халықтарының ішінде,-дейді Шоқан, - ақындық қабілетінің
күштілігі жағынан қазақ бірінші орын алады деуге болады. Бұл туралы
біздің еңбегі сіңген ориенталист Сенковскийдің арабтар туралы айтқан
мына сөздерін алайық: «Бәдәуилер табиғатында өлең шығарғыш келеді
және
ақындыққа
бейім
тұрады».
Қазақ
жыршыларының
шығармаларында,
арабтың
поэзиясындағыдай
өлеңнің
шарты
сақталмағанмен, қазақ жырларында да белгілі заң, үйлес бар. Қазақ тілі
түрік
тұқымдас
елдердің
тілдерінеп
ерекше
таза.
Өйткенмен
жұмсақтығы, әсірелеуі астарлылығы араб тіліндей шыңдалмаған.
Сондықтан көркемдік қасиетінде айырма бар. Қазақ поэзиясы далалық
поэзия болғандықтан, арабтың шөлдік поэзиясына ұқсап, сюжет
жағынан бір жақтылау келеді де, көшпелі өмірді, рулардың таласын
сипаттайды; бұл жағынан алғанда, араб поэзиясына ұқсастығы жақын.
Өмірдің шын сипатшысы болғандықтан, қоғамның ұғымын, қарым-
қатынасын көрсететіндіктен қазақ поэзиясының аса қызғылықты және
көңілді аударатын жақтары көп. Негізгі мақсатымызға оралайық.
Тарихы жағынан (қазақ) халқының поэзиялық рухы мына мәселелерде
тамаша: 1. тіл жағынан бүгінгі ұрпаққа түсініксіз сөздері аз, Алтын
Орда дәуіріне жататын батырлардың жорығын сипаттайтын ескі
поэзиялардың көбі, ақындардың ұғымы күштіліктен, біздің заманға
шейін бұзылмай сақталды. 2. Әр дәуірде жасаған ақындар өз дәуірінде
болған ерекше оқиғаларды жырлары арқылы халықтың есінде
қалдырып, сол жырлардың бәрі жиналғанда тұтасқан бір зор шығармаға
айналды. 3. Сол тұтасқан поэмалар әдеттің, мақал-мәтелдердің, мінез-
құлық заңдарының толық суретін жасап, халықтың өткен тарихының,
133
рухани өмірінің айнасы болды, тарихи оқиғаларды толықтырды,
олардың шыққан себебін ашуға жәрдемдесті. Таң қаларлық нәрсе:
қазақтар өздерінің ескі ертегілерін, ескі сенімдерін тамаша таза
сақтаған! Одан да артық таң қалатын нәрсе: далиған даланың әр
шетінде елде ауыз әдебиеттің бұлай дәл сақталуы ғажап қалдырарлық
жағдай
болғанмен,
ешбір
күдіксіз,
шындықта
бар
фактілер»
(«Шығармалар жинағы», С.-Петербург, 1904 жыл, 193-194 беттер).
Шоқан осы пікірін кейде қысқа, кейде ұзақ қып, жазған
еңбектерінің әр жерінде айтады. Бірақ ол «ақын» атаулының бәрін
жақсылай бермейді. Әлі баспаға шықпаған, Ленинградтағы архивте
«23-фонд» боп саналатын қолжазба еңбегінде Шоқан «сөзін малға
сататын» ақындарды былай сипаттайды: «Шығарып айтқан жырды,
сөзді қазақтар «өлең» дейді, шығарушыны «өлеңші», «жыршы» я
«ақын» дейді. Шығарғыштардың ішінде арсызы да бар; олар -
байлардан, билерден, сұлтандардан сыйлық алу үшін жағынып
жырлайтын шарлатандар». Осы пікірін Шоқан көп дәлелдермен
бекітеді. Бірақ оның бұл бағасы, қазақтан шыққан ақын атаулының
бәріне емес, шын мағынасында сөз сататындарына ғана айтылған. Абай
өзіне дейінгі және замандас ақындарды өнерді мал табу жолына
жұмсағандығы үшін сынайды, ал таланттыларын жаңа түр, соны леп,
айқын мағына таппағаны үшін мінейді.
Жалпы қазақ тілінің, оның ішінде поэзия тілінің байлығымен
пайдаланғаны болмаса, Абайды өзінен бұрынғы қазақ ақындарында я
өзімен замандас қазақ ақындарына еліктеді деу, солардан үлгі алды деу
қиын. Мазмұндық жағынан алып қарағанда, Абайдың өлеңдерінің
Шортанбайдың жырларымен түйісетін жерлері бар, бірақ:
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау, -
деуіне қарағанда Абайдың Шортанбайдан үлгі алайын деген ниеті
болмаған. Сондықтан егер оның бірнеше өлеңі мазмұн жағынан
Шортанбайдың кейбір жырларымен сарындас болса, бұл оның
Шортанбайдан алған үлгісі емес, замандары бір болғандықтың әсері
ғана.
Қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын ауыз әдебиетінің стилінен
өзгеше жолмен, европалық стильмен өлең жазуға талаптанған Ыбырай
Алтынсарин. Бірақ Ыбырайдың сан жағынан аз өлеңдерінің ішінде
«Жаз», «Жаз шыққанда», «Өзен» деген өлеңдері жаңа, европалық
стильде жазылады да, «Ей достарым», «Ей жігіттер» деген өлеңдері,
мазмұны жаңа болғанмен, ауыз әдебиетінің стилінде жазылады.
Сондықтан біз Ыбырайдың жазушылық майданына аттаған адымның
бір аяғы ескі қазақ фольклорында, екінші аяғы европалық поэзияда
дейміз, Ыбырай толық мағынасындағы европалық ақын емес дейміз.
134
Ендеше ол европалық стильге көшкен, қазақтың жаңа поэзиясының
күні емес, сіберлеп атқан таңы сияқты ғана. Қазақ поэзиясының жаңа
күні - Абай.
Абайдың Ыбырайды білу-білмеуі туралы алдағы тарауда аздап
айтқан ек, сол мәселеге тағы да аздап оралайық.
Әлі де айтарымыз: Ыбырайдың Абайды білуі туралы біздің қолда
ешбір документ те, мәлімет те жоқ. Өйткенмен біздің ойымызша,
Ыбырайдың 1879 жылы шыққан «Хрестоматиясын» Абай оқыған
сияқты және оқып қана қоймай, кейбір үлгілерін алған сияқты.
Замандарының бірлігінен бе, қоғам өмірін зерттей келе,
әрқайсысы өз бетімен келгендіктен бе, әйтеуір, Ыбырай мен Абайдың
шығармаларындағы аса қабысатын өзекті арнасы - екеуінің де
ағартушы-демократтығы. Екеуі де елін, қазақты сүйеді және оның
қанаушыларын емес, өз еңбегімен күнін көрген көпшілігін сүйеді,
оларды надандық торынан құтқаруға талаптанады. Мұны олар көркем
сөздің қуаты арқылы байқатады. Әрине, олардың өлеңдері идеялық
жағынан біріне-бірі қаншама жақын болса да, көркемдік жағынан мүлде
ұқсаспайды. Ыбырайдың қанаушыны жамандаған, еңбекшіні жақтаған
өлеңдері түр жағынан ажарсыздау, ойы шашыраңдылау боп келеді. Ал
Абай өлеңдерінің мазмұны жинақы, түрі көркем. Прозамен жазылған
шығармаларда Ыбырайдың Батыс Европа, әсіресе орыс, прозаиктерінен
үйренгені мол екендігін байқаймыз. Әрі ықшам, әрі көркем новеллалар
тек педагогикалық мақсатты орындап қана қоймай, көркем шығарма
дәрежесіне көтеріле алғандығын байқамасқа болмайды. Абайдың
прозасы көркем шығарма емес, тек нақыл ғып айтқан насихат қана. Ал
Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы», «Киіз үй мен ағаш үй»,
«Қыпшақ Сейітқұл» тағы бірнеше оригиналдық шығармалары қазақ
тілінде жазылған тұңғыш әңгімелер. Мектеп балаларына арналған
орысша қысқа әңгімелерді де қазақ тіліне бірінші аударған Ыбырай.
Ағартушылық пікірлері, әсіресе, қазақ балаларын орыс біліміне
суару туралы пікірлері, бір арнадан шығатын Ыбырай мен Абайдың сол
балаларды оқытудағы халыққа пайдалы іске шақыратынын жоғарыда
айтқамыз. Бірақ осы оқуға халықты, әсіресе жастарды үгіттеуге
келгенде де, Абайдан Ыбырай тереңірек кетіп, орыстың педагогикалық
школасында оқығандығын, оқуын бітірген соң, әрі педагог, әрі
инспектор болғандығын көрсетеді. Абайдың «оқыңдар» деуі жалпы
ағартушылық сарында ғана айтылса, Ыбырай «оқыңдардың» үстіне, сол
оқуға қызықтырудың әдісін таба білген.
Поэзияның
шеберлік
мәселесінде,
Ыбырайдың
Абаймен
маңайласып
қалатын
саласы
-
табиғатты
суреттеу.
Абайдың
«Жазғытұры» деген өлеңі Ыбырайдың «Жаз» деген өлеңімен стиль
жағынан да, сюжет жағынан да, мазмұн жағынан да, көркемдік жағынан
да өте ұқсас. Ыбырай «Жаз шыққанда» деген өлеңінде:
135
Жаз шығып, қыс өткенде, қыспақ өтіп,
Жауатын рахмат жаңбыр күні жетіп,
Азамат, жан-жануар жадырайды,
Сай-сайдан су ағады гүрілдетіп,-
десе, «Жаз» деген өлеңінде:
Сәуірде көтерілер рахмат туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар журіп,
Жайылар жер жузіне қардың суы,
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы,-
десе, Абайдын, «Жазғытұры» деген өлеңінде:
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен,-
дейді. Екеуінің сөз құрастары басқа болғанмен, сипаттайтын табиғат
бейнесі, ол сипаттаудың көркемдік мөлшері де қатарлас. Ыбырай
табиғатты суреттегеннен кейін, қазақ ауылының көктемдегі бейнесін:
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Кұдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,
Әйелдер кеш жөнелтіп кейін қалған...
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай,
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат б
ОЛАДЫ
,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай.
Аяғын алшаң басып, түйе шығар,
Каратқан мұнша таңсық жаббар құдай!
Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып,
Аһ ұрып, шүкірлікпен құшақтасар
136
Рақатпен кеш уақытында неше асық...
Құдайға шүкір етіп жас пен кәрі,
Бердің деп жанға рақат мұндай дәрі...
Қырда орман, жер жүзінде бәйшешектер -
Шуылдап шүкір етіп мұның бәрі,-
деген бейнемен берсе, Абай да осыған ұқсас:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су...
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек...
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер,
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңнен аспан төнер,-
деп бейнелейді. Бұл жөнде де Ыбырай мен Абайдың көркем ойлары
дәлме-дәл шығады. Екеуінің қазақ ауылына келген көктемді сипаттауы
да, көктемдегі көркемдік пен рақаттың бәрін тәңірінің мейірімі деп
ұғуы да бірдей. Тек бөлінетін жерлері - Ыбырай «Жаз» деген өлеңінде
мағыналық, көркемдік, мазмұндық жағынан жалғас болса, «Жаз
шыққанда» деген өлеңінде сүйіскен жастардың көңіл-күйін бейнелеп,
сезімдерін сипаттап кетсе, Абай «Жазғытұры» деген өлеңінің аяғын
символикалық теңеумен қыстай көріспеген күн мен жерді біріне-бірін
жігіт пен қыздай ғашық қып, көктемде жолғастырып, құмарларынан
шығарады. Бірақ Ыбырайдың өлеңі қыз бен жігіттің шындық
махаббатын сипаттаумен біткенмен, Абайдың өлеңі күн мен жердің
символикалық махаббатын сипаттаумен біткенмен, екеуінің сарқар
арнасы бір - құмарлық, құмарлық ләззаты.
Ыбырайдың «Өзен» деген өлеңі европалық стильде көркем
жазылған шығарма. Абай бұл тақырыпқа арнайы шығарма жазбай, тек
қана:
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
137
Ұзарып, есіп толғанда,
Күркіреп жатқан езенге,
Көшіп ауыл қонғанда,-
деп жол-жөнекей айтып кетеді. Бірақ қазақ аулының жазғы бейнесін
сипаттағанда Абай сөз құдіретін әбден танытады. Абайдың «Жаз» деген
өлеңі сөз арқылы жасалған тамаша картина. Бұл өлеңді оқығанда, ұлы
суретші салған жазғы ауылдың тамаша сұлу картинасына қарап
отырғандай рақаттанасың.
Қазақтың күзгі, қысқы өмірін сипаттау, аңшылығын сипаттау
Ыбырайда жоқ. Ал Абайда бұл тақырыпқа жазылған өлеңдерінің
суреттілігі «Жаздан» кем емес. Реалист Абай қазақ аулының жазғы
рақатын мақтағанмен, көшпелі салтқа байланысты күзгі, қысқы
тұрмысындағы
жүдеушіліктің
бейнесін
де
көзге
елестерліктей
суреттейді. Жазды сипаттағанда, ол:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап...
Арасында құлын-тай,
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек-қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп, сыңқылдап,
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек,
Кеңесіп, күліп, сылқылдап...
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген,
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңергеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған,
Жас бозбала бір бөлек,
Су жағалап қутыңдап
Қайырып салған көк құсы,
138
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап,-
деп оқушыларына ауылдың жаздыгүнгі картинасын жасап берсе, «Күз»
деген өлеңінде:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай...
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол - бір керуен,
Қай ауылды көрсен, де жабырқаңқы,
Күлкі, ойын көрінбейді, сейіл-серуен...
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы! -
деп жазғы көркемдік пен рақаттың бәрін ауылдан табады. «Қыс» деген
өлеңінде:
Ақ киімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды,-
деп «кәрі құда - қыстың» келгенін сұсты суреттеген Абай:
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды,-
деп қазақтың ол кезде қыс киіз үйде отыратынын аянышпен айтады.
Себебі:
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы.
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
139
Долы боран байдың «алты қанат ақ үйін шайқағанда» киімдері
жылы жылқышылар қысқы аязда осындай халге түскенде, жыртық киіз
үйдегі, «бай ұрсып орта қап қара қиды әрең беретін», отыны да аз, киімі
нашар кедей семьялардың халі қандай болмақ? Бұл сұрауға Абай жауап
бермеседе түсінікті. Абайдың табиғат лирикалары тек жанды
пейзаждарға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мән-маңызға толы
болып, оның демократтық пікірін барынша айқындай түседі. Қазақ
елінің жылдың әр мезгілінде қандай күйге түсетіндігін реалистікпен
суреттеу Абай поэзиясының зор азаматтық пафосын қалыңдата түседі.
Ыбырай мен Абайдың табиғат лирикаларынан жоғарғыдай
ұқсастықты аңғарсақ, енді тарихта болған адамды арқау ете шығарған
шығармаларына да тоқтай кету қажет. Өйткені, бұл шығармалардан
олардың идеялық бірлестігін, пікірлерінің бір арнаға құятындығын тағы
да көрер едік.
Ыбырай
«Өсиет»
деген
өлеңінде
Ескендірдің
(Александр
Македонский) басындағы бір оқиғаны жыр қылады. Оқиғаныц
мазмүны: Ескендір Зұлқарнайын патшаның өлгісі келмей, ішкен адам
мәңгі жасайтын су іздейді, осындай «суға» ислам дінінде пайғамбар
саналатын Хұзыр Ілияс пен тағы бір уәзірін жұмсайды. Олар судан
әуелі өздері ішіп мәңгі өлмейтін болады да, бір кесе суды Ескендірге
алып келе жатқанда, теңіз жағасында отырған шалға жолығады. Шал
жөн сүрасқаннан кейін, «Ескендір суды ішпесін», - дейді. «Неге?» -
десе, «Мен де сондай патша едім, заманың өтіп, елге кадірің кеткен
соң, патшалықтан рақат таппайды екенсің, ондай патшалық азап екен»,
- дейді. Осы сөзді естіген Ескендір әкелген суды ішуден бас тартады.
Өлеңнің
сюжеті
Шығыстың
Ескендір
туралы
айтатын
әңгімелерінің біреуінен алыну керек. Бізге бұл арада қажеті сюжеттің
қайдан алынуы емес, Абайдың да осы Ескендір туралы поэма
жазуында. Оның:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен,
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен, -
деп басталатын поэмасының қысқаша мазмұны, жердің жүзін жаулап
алса да, көңілі тоймаған Ескендірді ешкім ала алмайтын қорғанды ел
бар деп естиді де, соған арып-талып жетеді. Ескендір қорқытқанмен
қорғанның қақпасын күзетші ашпайды, дікіңдей берген соң, «саған
тартуым» деп қақпадан шүберекке түйген зат тастайды. Ескендір «не
екен?» деп қараса, адамның көз сүйегі боп шығады. «Бұл- қай қорлығы?
Қиратам!»-деп Ескендір ашуланса, оны бала жасында тәрбиелеп өсірген
гректің атақты ғалымы Аристотель: «Мұнда көп мән бар»,- деп
тоқтатады. Содан кейін таразы құрып, көз сүйегін бір жаққа іліп, бір
140
жағына қару ілсе де, көп қаруды сүйек басып кете береді. Сонда
Аристотель сүйекке бір шөкім топырақ сепсе, көз сүйекті топырақ
басып кетеді. Ескендір: «Бұл не ғажап?» - деп сұрағанда, Аристотельдің
берген жауабы:
Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға, -
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да.
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда!
Ескендір сонда ғана тәубеге кеп, қорғанды алудан да, патшалығын
зорайтудан да тыйылған екен дейді.
Абайдың бұл поэмасының да сюжеті Шығыстың Ескендір туралы
әңгімесінен алыну керек.
Ыбырай мен Абайдың Ескендір туралы жазған шығармаларының
оқиғалары басқа болғанмен, идеялары бір; екеуінің де айтайын дегені:
бақытқа, өмірге қанағатсыз болмау, өзгенің бақытсыздығына себеп
болу арқылы өзіне бақыт таппау. Бұл идея Ыбырайдың да, Абайдың да
демократтық, гуманистік ұғымдарынан туады.
Міне,
қысқаша
айтқанда,
Ыбырай
мен
Абайдың
шығармаларындағы үндестіктен әзірге біздің тапқандарымыз - осылар.
Қорыта келгенде, Абай Ыбырайды білген болар, шығармаларын
оқыған болар, оқымаса, жоғарыда көрсеткен ұқсастықтар қайдан
шығады деген сияқты жорамалдар жасағанымыз болмаса, осы пікірді
дәлелдеп айтуға дәлеліміз жоқ. Алайда біздің айтарымыз: Абайдың
қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, өзіне дейінгі және өзімен замандас
ақындардың шығармаларын білгендігіне шек келтіруге болмайды. Ал
енді олардың Абайдың ақындық талантын қалыптастыруға, дарынын
шыңдауға қандай ықпалы мен әсері болды дегенге келетін болсақ, онда
Абай анадан мынадай, мынадан анадай үлгі-өнеге алды деп дәл
көрсетіп
айтарлық
дәлеліміз
болмаса
да,
оған
жалпы
қазақ
поэзиясының игі ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Ол
өзіне дейін қалыптасқан дәстүрлерге сын көзімен қарай отырып,
творчестволық жолмен өзінің ақындық бетін айқындады.
Абайдың қазақ әдебиетімен өнерпаздық байланысын осымен
доғарып, енді оның Шығыс әдебиетінен қаншалық азық алғандығына
назар аударайық. Ол үшін әуелі «Шығыстық» деген сөздің басын ашып
алу қажет.
«Шығыс» дегенде біз исламдық Шығысты айтамыз ғой. Исламды
туғызған ел - Араб. Арабтың Орта Азияны отарлауы Мұхаммед
пайғамбардан кейін, оның шаһар-ярларының тұсында. Ең алдымен олар
Ауғанстанды, Иранды алып, V I I I ғасырда Тянь-Шань мен Алатаудың
екі бауырын бөктерлей отырып, Қашқарияға барып тоқтады. Орта
Азияға, оның ішінде өзбек, түркмен, татар, қазақ сияқты елдерге
141
исламды әкелген арабтардың езі емес, мұсылманға айналған парсылар,
парсыдан тараған исламға қазақ елі ерте бағынған. Ислам дінін
қабылдау қазақ тіліне әсерін қатты тигізген. Қазақтың байырғы сөздері
деп жүрген сөздеріміздің талайы түрін өзгерткен парсы сөздері екенін
тілшілеріміз дәлелдеуде. Мәселен, қазақтың «орамал» деген сөзін,
парсының «ро»-бет, «мәл»- сүрткіш деген екі сөзінен құралды деп қай
қазақ ойлар? Ешбір қазақ «орамалдың» «ро-мәл» екенін, «ро-мәлдің»
«бет сүрткіш» екенін білмейді; бірақ «орамал» деген шүберектің бетті
сүртуге арналғандығын білмейтін қазақ жоқ. Осындай парсыдан ауып
кеп, қазақ ауылында мәңгілік отырып қалған сөздер қазақта талай сан.
Парсы мен арабтың қазақ тіліне ерте кезде сіңген сөздері, кейін
қазақтың байырғы сөздері боп кетіп, кірмелік маңызын жоғалтқан.
Бұл арада оқушылардың есіне сала кететін бір мәселе- қазақ
тарихы туралы күні бүгінге дейін жазылып жүрген еңбектерде,
қазақтың ислам дінін қабылдауын XVI ғасырдың бер жағына әкеледі.
Бұл пікірге мен өзім қосылмаймын. Себебі бір тілдің екінші тілге әсері,
сол екі тілді қолданатын елдердің арасында қарым-қатынас бар кезде
ғана болады. Қарым-қатынас жоқ кезде әсер де жоқ. Мәселен, ешбір
испан, я ағылшын тілі қазаққа әсер еткен емес, себебі: қазақ пен
олардың арасында қарым-қатынас болған емес. Парсы тілінің қазақ
тіліне әсері тиюі қазақ пен парсының арасында қарым-қатынас
болғандықтан. Бірақ осы қарым-қатыс, тарихтың айтуынша, қазақ
даласын X I I I ғасырда Шыңғыс хан жаулап алғаннан кейін үзілген.
Содан кейін қазақ руларының парсымен ешбір байланысы болмаған.
Ендеше егер тарихшыларға сенсек, XVI ғасырдың бер жағында
мұсылман болған қазаққа, арасында қатынасы жоқ парсы тілінің әсері
қандай көп тиеді? Парсы сөздерін қазаққа тән сөз ғып қайдан алады.
Отарлаған Орта Азияға парсылар араб әдебиетінен де, өз
әдебиетінен де көп қазыналар әкелді. Егер парсылар араб әдебиетіндегі:
«Ескендірнама», «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Злиқа» сияқты
поэмалардың, «Мың бір түн» сияқты ертегілердің сюжеттерін
пайдаланып, өз тілінде жазып бір үлгі алса, екінші жақтан, арабтың бай
тілінен көп сөздерді жасқанбай қабылдаудың нәтижесінде парсы тілінің
лексикалық мүмкіндігін арттырды.
Парсыларға бағынған Орта Азиядағы түрік-монғол тұқымдас
елдердің басына түскен қиыншылық: оларға араб тілін де, парсы тілін
де қатар үйренуге тура келді. Осыдан барып, Иранға іргелес отырған
өзбек, түрікпен, азербайжан тілдері өте шұбарланып, исламға шейінгі
сөйлеп жүретін ескі түрік сөздерінің кебінен айырылып қап, олар дын,
тілдері араб, парсы, түрік сөздерінен суарылған тіл болып шықты. Мұның
дәлелін ақындардың шығармаларынан айқын көреміз. Азербайжан ақыны
Низамидің, өзбек ақындары Науаи мен Бабурдын, шығармаларын оқыған
көпшілік қазір әрең-әрең түсінетіндігі, тіпті біразын түсінбейтіндігі де
осыдан.
142
Парсыға ерте бағынғанмен, исламды ерте қабылдағанмен, ертерек
кезде біраз сөздерін алғанмен, араб пен парсы әдебиетінің, қазақ әдебиетіне
ықпалы кешегі XIX ғасырға дейін болған жоқ десек қателеспейміз ғой
деймін.
Қазақ жырларында тәңірінің, пайғамбардың, әулие-әмбиелердің,
шадиярлардын, (Шаһар-ярлар) аттары аталғанына қарап, «міне, араб пен
парсының ықпалы» деп дәлелдей қою қиын. Пайғамбарлардың аты аталған
шығармаларда Шығыс ықпалы бар дегендерге біз қазақ ақыны Махамбеттің:
Мұсылмандық кімде жоқ?
Тілде бар да, дінде жоқі -
деген сөздерімен жауап береміз. XIX ғасырға шейінгі қазақ поэзиясында
тәңірі мен пайғамбардың аталуы, «тілде бар да, дінде жоқ» деушілердін,
құран арқылы тілге оралтып, санаға сіңірмеген атауы ғана. Қазақ халқының
кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың: «Біздің жанымыз бен тәнімізге
мұсылмандық әлі сіңе алған жоқ»,- деп XIX ғасырдын, 60 жылдары айтқанын
да естен шығара алмаймыз.
Халық поэзиясынын, ішінде исламшылдықтың ықпалынан туды дейтін
парсының «Я, шаһри, Рамазан» деген оразалық жырының өзін қазақ
«жарапазан» деп атап, өлеңін қазақтың:
Мінгені пайғамбардың жирен дейді,
Бес намаз тілің келсе, уйрен дейді.
Бес намаз тілің келіп уйренбесең,
Тіліңді темір істікпен түйрер дейді,-
деген қалжың өлеңіне айналдырып жібергенде халықтың өз тұрмысынан
туған өзге өлеңге не жорық.
XIX ғасырға шейінгі қазақтың тілде мұсылман боп, дінде мұсылман
болмауы,- қазақтың оған шейін көшпелі дәурен сүрумен, сол себепті аулында
мешіт пен медресе болмауымен байланысты.
XIX ғасырдың ар жағында қазақпен ауыл-үй қона алмаған ислам дінін,
бер жағында ауыл-үй қондыруға себеп болған Россияның патша өкіметі
екенін біз тарихтан, әсіресе Шоқан Уәлихановтың тарихи еңбектерінен
білеміз. Патша өкіметінің қазақ арасына исламды таратудағы мақсаты -
қазақты өзіне көндіруде ислам дінін құрал ғып жұмсау екенін, осы шарасын
іске асыруда пайдаланған адамдары татар молдалары екенін Шоқан талассыз
фактілермен дәлелденгенін жоғарыда біраз айтқамыз. Патша үкіметінің бұл
еккен «жемісінің» дәмін Абайдың да татқандығын, мұсылманша сауатын
балалық шағында молдадан ашқандығын айтып өткенбіз. Оларды
қайталамайық.
Қазақ әдебиетіне араб пен парсы әдебиеттерінің әсері татар молдалары
арқылы келді, себебі ол кездегі татардың өз тілі де, өз әдебиеті де араб пен
143
парсынын, қатты ықпалында еді. Ол кездегі татар әдебиетінін, тілі - татар тілі
емес, араб, парсы, шағатай тілдерінен құралған шұбар тіл болатын. Татар
тілін бұл халден Шаһабуддин Маржани де арылта алған жоқ. Арылту түгіл,
Маржани өзінінң татар медресесіндегі лекцияларын көбіне парсы тілінде
оқыды, шығарған өлеңдерін парсы тілінде жазды. Осы салттан Маржанидін,
жолын қуған шәкірттері де арылмай, Маржани өлгенде, оған шығарған
жоқтау өлеңдерін парсы тілінде жазысты. Абай оқыған медресенің иесі
Ахмет Ризаның Маржанимен байланысы бар болғанын еске алсақ, алғашқы
өлеңдерінде Шығыс ақындарының атын тізіп, қазақ түсіне қоймайтын
сөздерді өлең етпек болғанында белгілі себеп барлығын бүктесінде қалдыра
алмаймыз. Ал татар тілін парсышылдықтан арылтпақ болған, татардың жаңа
әдебиетінің негізін қалауға үлкен еңбек сіңірген адам - Қаюм Насири.
Қазақ әдебиетіне XIX ғасырда татар молдалары арқылы келген
шағатайшылдық пен араб-парсышылдық Абайдан арғы заманда әлсіз
болғанмен, Абайдын, тұсында әсерін өте қатты тигізді. XIX ғасырға шейінгі
ауыз әдебиетінің тілі жалпы қазақ халқына түгел дерлік түсінікті болса, XIX
ғасырда татар молдалары арқылы қазақ арасына тамырын кең жайған ислам
дінінің салдарынан, XIX ғасырда «қазақ тілінде» деп Қазанда басылған
«әдеби» шығармалардың көпшілігі халыққа түсініксіз араб, парсы, шағатай
тілдері араласқан тілде жазылды. Мұндай кітаптарды жазған сол татар
молдаларының өздері. Мысалға 1897 жылы Қазанда шыққан, сыртына «қазақ
тілінде» деп жазған бір кітапты алайық. Кітаптың аты «Мақұлат», оның
астында тұрған қосымша ат «Лил ихтизар минал-уәба-и». Кітапқа берген бұл
екі аттың екеуі де қазаққа түсініксіз арабша сөздер. Осы кітапты жазушының
өз аты-жөні туралы айтары: «тасниф уә тахрир қылып язғушы-мухқиқоль
Маржани Шаһабуддин хәзрәтләринің шәкірдіндән, муғаллим уә мұфрис
молла Қашафоддин бин Жаһмардан, бин Ғибадолла әл Мұнзауи, әл Сулуки,
суммә әл Қарқарали, сәм аллаһә әл ғалиел ғазим, әл Мутағали».
Оқушыларына аты-жөнін осылай таныстырған, негізі Қарқаралылық
татар, фамилиясы Қашафуддин аталатын бұл «ақынымыздың», қазақ тілінде
шығардым» деген «өлеңдерінің түрі мынау:
Бастайын кітәбімні хэмди илән.
Яратқан аллаға ейтмәқ мінән...
Діни ақындардын, шығармаларының тәңіріге жалбарынудан бастау
әдісін қолданбақ болған «біздің» мына «қазақ ақыны» өзінің «Мақұлатында»
тәңіріні, періштелерді, пайғамбарды мадақтап кеп, «шығармасында» айтайын
деген мақсатты сөзін былайша бастайды:
Мұнан соң язайын бір қанша сөз,
Оба деген дүнияда ащы науқас,
Бұл айтайын, қатты яман,
Қара иерге көндірмекке шикін маған
144
Солай да болса, аллаһ тағалам,
Обадан сақланмаққа халық айтан.
Бұл «өлеңнің» қазақ өлеңі еместігі былай тұрсын, не ырғағы жоқ, не
үйлесі жоқ, не жолдарында буын санының бірдейлігі жоқ, не ішінде ауыз
тұшитын бір дәмді сөз жоқ. 14 беттік «кітаптың» барлық «өлеңі» де осындай.
Әлгі кітабымен қанағаттанбай жаңағы «ақынымыз» сол 1897 жылы
тағы да «қазақ тілінде» екі кітап бастырады, біреуінің аты - «Қисса-и әдеблі
бала», екіншісі - «Қисса-и екі егіз бала, көп кенеш». Бұл екі «кітабындағы»
«өлең» деп жазғандары жоғарыда мысалға алғандардан да жаман.
Қашафуддиннің, бұл үш «кітабы», онық бір жылда ғана бастырғаны.
Ол одан бұрын да, соң да осы сияқты «кітаптардың» нешеуін бастырмады
дейсің. Осы Қашафуддиндей қазақ аулына дін таратушы шарлатан
молдалардың қазақ тілін білмейтін баспасөз орындарын алдап, «қазақша
жазған өлеңдерім» деп, талай сандырақтарды кітап қып бастыруынан
жүздеген мысал келтіруге болар еді.
Оның бұл арада қажеті жоқ. Тіл бұзғыш молдалардың қазақ әдебиетін
қалай ластағанын әшкерелеуге жалғыз Қашафуддиннің «өлеңдері» де жетіп
жатыр.
Рас, қазақ аулында бала оқытқан молдалардың ішінен Ақмолда
(Мұфтахидден Мұхамедияров) сияқты ақын да шықты. Бірақ мұндайлар
бірен-сараң ғана.
Татар молдаларынан оқып хат таныған, жазуға талабы бар қазақ
жастарының бір жүйесі, оқытқан молдаларының сарынымен кетіп, өлеңдігі
олақ, тілі қазаққа түсініксіз, «қазақ тілінде» деген талай кітаптар шығарды.
Мысалға 1900 жылы шыққан «Өндірбай қажы» деген кітапты алайық. Мұны
жазушы Жүсіп Абдырахманов дейтін қазақ жігіті, Мекеде өлген Өндірбайға
арналған жоқтау өлеңдерін бастар алдында, оқушыларына мынадай түсінік
береді:
Ұшбу бәйітні оқушыға мағлүм болсын: мархұм Өндірбай хажы әл
Харамайн Арғын асылындән, Қаракесек нәсіліндән, Бәйбөрі ішінде -
Есбұлақ, Айтхожа байның нәсілінен 63 яшіндә, аллаһ тағаланың хүкімі илән
хажға үш мәртәбә барып, соңғы барғанда әл тәқдир дә ябтәлә мәужібіншә,
дарол фунуннан, дарол бақия рәхләт айлады...»
Осы кіріспе сөзбен кітабын бастаған Жүсіптің ақындық шама-шарқы
және тілі мына өлеңдерінен көрінеді:
Білмәймін на келерін ғариф басқа,
Боларма сөзім лайық осы тасқа.
Он бірде ишанларға хызмет қылып,
Халифліккә иетішті отыв яшта.
Алладан әмір фәрмән болғаннан соң,
Алар да ахрәткә қадам басты.
145
Өлеңдігі олақ, тілі нашар болғанмен, жоғарыда мысалға алған
Қашафуддин молданың «сөздерімен» салыстырғанда, Жүсіптің мына
өлеңінде аз да болса қазақ өлеңінің исі бар: ол - он бір буынды қара өлеңнің
негізінде құралған және әлсіз болғанмен, үйлесі сақталған. Бұл - мұсылманша
хат тану кезінің халыққа таман бейімделген бірінші адымы. Бертін
мұсылманша хат танығандар көбейіңкіреген кезде, бұл адымның жолы
тармақталып, халыққа кейі жақындап, кейі алыстап отырады; бір жүйесі-
бірыңғай дінді үгіттейтін поэзияны, бір жүйесі - араб, парсы, шағатай
тілдеріндегі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуды, бір жүйесі -
қазақтың ауыз әдебиетін жазып алып соларды жарыққа шығаруды, бір жүйесі
- қоғам тіршілігінін, қажетіне шығармаларын құрал етуді кәсіп қылады.
Жалпы алғанда, мұсылманша хат танудың қазаққа залалымен
қатар, пайдасы да тимей қойған жоқ. Егер XIX ғасырдан бастап қазақ
арасынан қалам ұстаушылар шықпаса, қазақтын, «Қозы Көрпеш», «Қыз
Жібек», «Қобыланды», «Алпамыс», «Біржан сал мен Сара қыздың,
айтысы» тағы сол сияқты эпостарының, әдет-ғұрып жырларының,
айтыстарының біразы жоғалар еді. Қазақтың ауыз әдебиетінің біразын
XIX ғасырда орыс ориенталистері жазып ап жарыққа шығарса, біразын
қазақтың мұсылманша хат білген адамдары жазып алып, кітап қып
бастырды. Сонымен қатар, егер қазақтың шын мағынасындағы жазба
әдебиеті XIX ғасырдан басталды десек, осы жазба әдебиетті бастауға,
өркендетуге араб әрпімен хат танудың аз жәрдемі тиген жоқ. Ең мол
үлгі алған мектебі орыстын, әдебиеті болғанмен, Абайдық өзіне
жазушы болуға мүмкіндік берген де - оның арабша хат тануы. Егер
арабша да, орысша да хат танымаса, Абай, ең жақсы дегенде, қазақ
ауыз әдебиетінің даңқты ақындарынын, бірі болар еді. Абайды «қазақ
жазба әдебиетінің классигі» атандыруға себепкер болған жағдайдың
біреуі - оның араб әліппесін білуі.
XIX ғасырда қазақтың араб әрпімен хат тануының бұл пайдалы
жағы болса, енді залалды жағы - халыққа түсініксіз араб-парсы
сөздерімен әдеби тіліміздің шұбарлануы болды, көркем әдебиетіміз
революцияға шейін бұдан құтыла алмады. Ар жағын қоя тұрғанда, 1905
жылдың бер жағында да, қазақ әдебиетінде Абайдан басталған таза
тілмен қатар, араб-парсы сөздерімен шұбарланған шығармалар
жарысып отырды. Мәселен, 1913 жылы басылған Баймұхамбет
Бейсенбаевтың өлеңдер жинағының аты «Милли шиғыр» («Ұлт өлеңі»),
1910 жылы шыққан Ғабдікәрім Мәжитовтың жинағының аты «Һидая»
(«Сый»), Қайырғали дегеннің 1909 жылы шығатын жинағының аты
«Шикаят» («Зарлау»), Мәселен, 1910 жылы «Әдебиет өрнегі» деген
атпен шыққан жинақтың авторы өзін «Ишанғали бин Бейсен ел
Байшарақи» деп таныстырады да, өлеңін былай құрастырады:
Ей қалам, бергіл сүйеніш, язамын хат.
Таратам милләтімә түрлі әбиат.
146
Милләткә көз салуда құсұрлығын
Алдына бү халықтың қоям қат-қат...
«Милләтім» дигән жанны көрмәм мин,
Бөкейлік қазағынан бір натиқ зат...
Өзім де ғажизана бір шәкірдмін,
Юлында миаләтімнің болам сүбәт.
Милләт үшін нафиғлы, мағрифатлы
Болған шун қылғай еді милләтім яд.
Абай заманында, Абайдан кейін әдебиет тілінің араб- парсы сөздерімен
шұбарлануы Ақмолда, Әубәкір, Ақан сері, Мұса молда, Шады төре, Нұржан
Наушабаев сияқты қазақ әдебиетінің тарихына аттарын қалдырған күрделі
ақындардың да шығармаларынан кездеседі. Олардың кейбір өлеңдерін қазіргі
жастардың түсінуі қиын. Мәселен, қазақтың тума ақыны Ақан серінің:
Хат жаздым, қағаз алып қалам, сия,
Көптеи-көп сәлем айттым гүл-назия.
Тағрифын тәмам қылып танығандай,
Ділуәрдән ділмәр керек шаһбазия.
Хат жаздым, қағаз алып қалам, сия,
Шири зат, дұхтан шаһи гүл-назия,
Әр нақыш мәдхамды түсінесің,
Діл арайы, діл хафзайы гүл нақия.
Садафтың шашыраған бауһарындай,
Көңілімнің заһирасына салдың ұя.
Ғасу дарын секілді бенет махбұб,
Қсания секілді кнэзия,-
деген өлеңін парсы тілін жақсы білмейтін кім түсіне алар? Абайдан он жас
қана кіші, бірақ әдебиетке қатар араласқан Нұржан Наушабаев араб-парсы
лұғатын (сездерін) жақсы білмегеніне өкініп, 1902 жылы «Манзумат қазақия»
деген атпен шығарған кітабына өлеңмен жазған кі-ріспесінде былай дейді:
Ұруым - Қыпшақ, тайпам-Құттық, таңбам - әліп,
Өлеңді бала жастан еттім қалып.
Парсы-ғараб лүғатпен келтірер ем,
Ғылымның дариясынан ішсем қанып.
Көңілге келген істі нұсқалайын,
Жоқ алтынды қазайын қайдан тауып.
Араб-парсының түсініксіз сөздері араласқан шығармалар XIX
ғасырдың жазба әдебиетінде ғана емес, ауыз әдебиетінде де кең орын тепті.
147
Бір мысал алайық: негізі Ақмола елінде Соқыр Қапаш дейтін әнші ақыннан
тараған, халық әні боп кеткен «Шамсиқамар» дейтін ән бар. Сол әннің өлеңі
былай келеді.
Шамсиқамар секілді дәфтар бану,
Кісі қайда зарлықты сіздей тану!
Ғашықлықтың белгілі нышанасы -
Айтқан сөзің құрбыға жетпей қалу.
Октябрь революциясына дейін қазақ әдебиетінің көбінде болған
осындай процеске ойлана көз жіберсек араб- парсы сөздерінің қазақ тіліне
енуіне ислам дінін таратушылардың, құранның негізгі уағыздарын «көркем
әдебиет» арқылы жеткізбек болған кітабы ақындардың іс-әрекетін айқын
байқар едік. Мұның өзі Шығыс әсерінің теріскей, кертартпашылдық жағын
ғана байқатады.
Біреулер Абайдың:
Сенсің жан ләзэәти,
Сенсін, тэн шәрбәти,
Сұлуды сүймәклік
Пайғамбар сүннәти, -
деген сөзіне тағы сол сияқты болымсыз бір дәлелдерге сүйеніп «Осы Шығыс
ықпалы емес пе?» дегенді айтады. Шығарманың Шығыстық әсерде болуы,
оның ішінде «ләззәти, шәрбәти» деген Шығыс сөздерінің тұруында емес,
шығарманың стилі, мазмұны, сарыны шығыстық болуда. Абайдың
шығармаларын осы жақтан алып қарағанда, біз одан жеке сөздер болмаса, не
идеялық, не керкемдік жағынан ешбір Шығыстың меңдеп жатқан әсерін таба
алмаймыз.
Расында, шығыстық әдебиеттің, әсіресе Орта Азияға ерекше әсерін
тигізген парсы әдебиетінің, қазақ ақындары түсуге қолайлы да, біразы түсіп
көрген де бірталай жолдары бар еді.
Бірінші, Әбілқасым Фирдоусидын, жолы. Бұл жол - Отан қорғау ісінде
еңбегі зор адамдардың жорықтарын дәріптеп жазған ұзақ сюжетті эпос жасау
жолы. Мұндай жолды қуған Абай замандастарынан қазақ ақыны болған жоқ.
Абай да бұл жолға түскен жоқ. Ол өзі түспеуімен қоймай:
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап,-
деп,
Батырдан барымташы туар даңқой,
148
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой,
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой, -
деп өзге қазақ ақындарын да ондай эпос жазудан бездіруге тырысады. Неге
өйткен себебіне алда тоқталамыз.
Екінші, Шайхы Сағдидың жолы. Бұл-қысқа түрде хикаялы (әңгімелі)
өлеңдер жазатын және өлеңдерінің көбі нақылға, насихатқа құрылған,
адамның мінез-құлқын түзеуге тырысатын, дидактикалық поэзияның жолы.
Түр және мазмұн жағынан, Сағдидің хикаяларына дәл келетін Абайдың
жалғыз ғана шығармасы бар, ол - «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген
өлеңі. Абайдың өзге өлеңдерінің біразында дидактизм сарыны басым
болғанмен, Сағдидің дидактизмі мен Абайдың дидактизмінің басы бір де,
аяғы басқа. Екеуі де халыққа мінезі жат адамды сөгумен қабат, сол мінезден
қайтуға шақырады. Осы араға шейін Абай Сағдимен бірге келеді де, содан
әрі қарай айрылады. Қоғам өміріндегі зұлымдықпен күресуге аттанған
Сағдидің ат басын тірейтін жері -тағдыр. Бұл «жерден» Сағдидің өзі де аттап
өтпейді, басқаларға да «атта» демейді. Абайдың ұғымында тағдыр адамға
жетекші емес, тағдырға адам жетекші. Адамның жақсы я жаман болуы
тағдырдан емес, өзінен. Зұлымдықпен күресу жолында зұлымдықтың өзінен
басқа бөгет жоқ. Адамға лаухыл-махфуздан келген зұлымдық жоқ. Жұрттың
«зұлымдық» деп атайтыны-қоғам тіршілігінен тысқары бірдеңе емес, сол
қоғамның өз өмірінен шыққан мінез. Зұлымдықтың өсетін топырағы-«терін
сатпай, телміріп көзін сатуда». Әділеттің есетін топырағы - еңбекте.
«Зұлымдық пен әділдіктің күресі» деген күрес - қанау мен еңбектің
арасындағы күрес. Бұл күрестің мақсаты - қанауды тоқтату.
Абай осылайша бөлініп кеткен Шайхы Сағдиге қазақ әдебиетінен
атқосшы болатын ақын - Ақмолда. Ақмолда Сағдидей хикая жазбаған. Бірақ
сөйте тұра, ұсақ нақылды өлеңдер жазатын Ақмолданық өміріндегі
әділетсіздіктерді қатты сынап кеп, жасайтын қорытындысы:
Бендені ризық деген қимылдатар,
Шашылған ризық болса жүріп татар,
Һәр бенде көресісін көрмей қалмас,
Керек сұлтан болсын, керек император.
Кеп сәлем баршаңызға дін қарындас,
Көңіліңіз ғаріптерге кең, қарындас.
Адамның өсек сөзі бәрі бекер,
Жазылған лаухыл-махфуз өзгерілмес.
Үшінші, Хожа Хафиз бен Омар Һайямнін, жолы, Шығыс әдебиетінде
осы екі ақыннан басталатын ағым тағдырға көнуге қарсы. Олардын, ойынша,
әрбір жеке адамды тағдыр емес, әкім емес, өзі билеу керек; әрбір жеке
149
адам, epiнің тән құмарын, жан құмарын қанағаттандыруда ерікті болу
керек. Адам дүниеге бейнет үшін емес, рақат үшін, сүйген жарын құшу
үшін, гүлді бақшаны мекендеп, жемісін жеу үшін, бұлбұлдың сайрауын
тыңдау үшін, өзі де сол бүлбұлға үн қосу үшін келген. Олардың тезисі:
«Жұмақ пен хор қызы бар ақиретте,
Тәтті шарап ішеді әркім текке»,-
Десе де, бұл дүниенің шарап, қызын
Алдыңнан кез келгенде аттап өтпе.
Достарыңызбен бөлісу: |