Microsoft Word абай қҰнанбаев 1


V.  АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӨМІРІ



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)

V. 
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӨМІРІ 


 
66
«Әкенің баласы - адамнын, дұшпаны, адамның баласы - бауырың» 
деп,  нәсіліне,  дініне,  ұлтына  қарамай  бүкіл  еңбекші  адам  баласын 
бауыр  көргенмен,  Абай  өзінің  қазақ  ұлтынан  туғанын,  сол  ұлттың 
өркендеуіне  бойдағы  бар  қайратын,  ойдағы  бар  ақылын  жұмсауға 
міндетті  екенін  өзі  ес  білгеннен  өле-өлгенше  ұмытпаған  адам.  Сол 
ұмытпауының  үстіне,  қазақ  көркем  әдебиетінің  тарихында,  «қазағым» 
деген  сөзді  ұлттық  мағынасында  Абайдан  бұрын  аузын  толтыра  айтқан 
кісіні біз әзірге білмейміз. 
Ұлтқа ұлттық көзбен қарау бар да, ұлтшылдық көзбен қарау бар. 
Ұлттық  көзбен  қарау  - ұлтын сүю, бірақ оның жаманын  сүю емес, 
жақсысын  сүю.  Қоғамдық  тіршілігінде  тап  қайшылығы  бар  елдің  бар 
дәуірдегі  саяси  тіршілігі  де,  экономикалық  тіршілігі  де,  рухани 
тіршілігі  де  сол  қоғамның  барлық  күндеріне  бірдей  жәйлі  бола 
бермейді.  Мұндай  қоғамда  «біреу  шат,  біреу  қапа»  болмай  коймайды, 
Абайдың тілімен айтқанда, «байда мейір, жащыда бейіл де жоқ» болған 
соң, тілегі қайшы таптар, біреу і  қ ұ р ы п   тынғанша арпалысумен өтеді. 
Шын  мағынасындағы  ұлттық  ақын  өз  ұлтының  тарихынан  да,  өз 
заманындағы  тұрмыстан  да  көзі  шалған  әділетсіздікті  жасыра  алмайды. 
Қиянатқа  көндіге  алмайды,  зорлыққа  қарсы  шығады,  зорлықшылармен 
жауласады. Біздің Абай - осыны істеген ақын. Бұл - бір. 
Екінші,  дүние  жүзіндегі  барлық  ұлттардың  мәдеииет  сатысына 
өрлеуі  бір  деңгейде  емес:  біреуі  жоғары,  біреуі  төмен.  Қай  елдің  қай 
заманда,  мәдениеттің  қандай  сатысында  тұрғанын  біз  тарихтан  жақсы 
білеміз. 
Шын  мағынасындағы  ұлттық  ақын,  ұлтын  жақсы  көргенмен, 
дүние жүзінің мәдениет жарысында, өз ұлты алдыңғы қатарда жүрмесе, 
әрине,  оған  разы  бола  алмайды.  Ұлтының  тарихынан  да,  өз 
заманындағы  тұрмыстан  да  олқылықтар  көрсе,  оны  ашып  айтып, 
мінеуден тайсалмайды. Біздің Абай - осыны істеген ақын. 
Үшінші,  ұлтының  өткен  күнінен  де,  өз  заманындағы  тұрмысынан 
да кемшіліктер көріп, соны бірыңғай сынаумен ғана қанағаттанған ақын 
да  ұлт  ақыны  емес.  Шын  мағынасындағы  ұлттық  ақын  өз  ұлтының 
өткен күндегі өмірінен де, өз тұсындағы өмірінен де кемшіліктер тауып 
сынаумен  қанағаттанбайды,  сол  кемшіліктерден 
қалай  арылуы, 
кайткенде  алдыңғы  қатардағы  елдермен  теңдесуі  керектігін  ойлайды, 
өзі білген жолын сілтейді. Біздің Абай - осыны істеген ақын. 
Сондықтан  біз  Абайды  ұлттық  ақын,  қазақ  ұлтының  ақыны  деп 
айтамыз. 
Ұлтшылдық  көзбен  қарау  дегеніміз:  ұлтының  өткен  өмірінен  де, 
өз  заманындағы  өмірінен  де  кемшілік  таппай,  бірыңғай  жақсы  жағынан 
ғана  көру,  жаманын  да,  жақсысын  да  дәріптеу,  прогреске  жетектемеу, 
өз  ұлтының  тілегін  басқа  ұлттардың  тілегіне  қайшы  қою.  Қоғамдық 
өмірдің 
қай 
саласында 
болмасын 
ұлтшылдар 
өз 
ұлтының 
ерекшеліктерін  асыра  мадақтаумен  болады  да,  басқа  өнерлі  ұлттармен 


 
67
жақындастырмауға  тырысады.  Халықты  тар  шеңберлі  ұлттық  қауызда 
ұстағысы  келеді.  Мұны  біз  алашордашылардың  қылығынан  тәжірибе 
жүзінде көргенбіз де. 
Абайдың  идеологиясынан  да,  көркем  шығармаларынан  да  мұндай 
ұлтшылдықтың  өзі  түгіл,  көлеңкесін  де  сезбейміз.  Алашордашыл 
сыншылар  бір  кезде  Абайды  өздеріне  рухани  әке  етуге  тырысқан. 
Өзіміз  шәлкем-шалыс  пікір  айтып  қателессек  те,  алашордашылардың 
арам ниетіне кезінде соққы беруден тартынған кезіміз болған емес. 
Енді  Абайды  ұлтшыл  ақын  емес,  ұлт  ақыны  деген  пікірімізді 
дәлелдеуге кірісейік. 
Ең  алдымен  Абайдың  өз  ұлты  қазақтың  өткен  өміріне  оның  қалай 
қарағанын анықтап алған жөн. 
Қазақтың  өткен  өмірін  Абайдың  жақсы  білетіндігі  оның  барлық 
шығармаларынан  көрініп  отырады.  Ол  қазақ  өміріне  арнаған  көркем 
шығармаларымен  қатар,  қазақ  тарихын  жазу  мақсатын  көздеген.  Оған 
оның  «Біраз  сөз  қазақтың  қайдан  шыққаны  туралы»  деген  атпен  жазуға 
кірісіп,  басы  ғана  сақталып,  аяғы  жоғалған  тарихтық  еңбегі  куә.  Абай 
өзінің  бұл  еңбегін  кең  көлемде  жазуды  жоспарлаған  сияқты,  сақталған 
азғана  беттер  сол  үлкен  еңбектің  кіріспе  сөзі  іспеттес.  Себебі:  Абай 
еңбегінің  бұл  сақталған  беттерінде  қазақтың  өмірін  Ахмет  ханның  (XV 
ғасырдың аяғы)  тұсына ғана әкеп тоқтайды. Бұл  - қазақ мемлекеті  жаңа 
ғана құрыла бастаған кез. 
Осы еңбектің өзінен біз  Абайдың  қазақ тарихы  туралы мағлұматы 
мол  екенін,  Шығыс  және  Батыс  тарихшыларының  қазақ  туралы  жазған 
еңбектерінің  көбін  оқығанын  және  сол  оқыған  материалдарына  өзінің 
белгілі көзқарасы болғанын аңғарамыз. 
Абай қазақ халқының шыққан тегін дұрыс көзбен қараған. 
«Біздің қазақтың ықыласы, - дейді Абай, - атасын ғарабтан шықты 
дегенді  яки  бәни  Исраилдан  шықты  дегенді  ұнатқандай.  Онысы,  әрине, 
тауарихтан  (тарихтан)  хабар  тисе,  сол  жақтан  тигендіктен.  Ислам  діні 
бүрынғы 
ата-бабаларды 
ұмыттырып, 
діндестерді 
жақын 
көрсеткендіктен  һәм  артқы  жағы  хабарсыз  қараңғылықта  қалғандықтан 
болған  іс.  Һәммаға  мәлім:  әуелде  адам  балалары  бұл  күнгі  орындарына 
екі  жақтан  толқынып  келгендігі:  бірі  -  Үндістан  тарапынан,  ол  жақтан 
келген  жұрттың  көбі  білімді  жұрт  болып,  ертерек  ғылымға  үйір  болып, 
қайдан  шыққандарын  білгендер.  Екінші  -  маңғұл  жағынан  келген;  олар 
заманның  көбін  ғылымсыздықпен  өткізіп,  көбі  тауарихларын  терең 
білмей, түбі ескерусіз қалып, ата-бабаларын ақсақалдарының айтуымен, 
ауыз  хабарынан білгенге қапағат қылып жүріскен. Соның бірі, яғни сол 
маңғұлдан  шыққан  халықтың  бірі  -  біздің  қазақ.  Біздің  қазақтың 
маңғұлдан  шыққандығы  бізге  ұят  емес,  бірақ  біздің  білімсіз,  ғылымсыз 
қалмақтығымыз ұят». 
Қазақ  тарихшыларынан  мұндай  пікірге  бірінші  келген  Шоқан 
Уәлиханов.  Бірақ  оның  «Қазақтың  ата  тегі»  деген  атпен  орысша  жазған 


 
68
еңбегі  XIX  ғасырдың  60  жылдарында  жазылғанмен,  архивінде  жатып 
қалып,  1904  жылы  ғана  жарияланған.  Сондықтан  Абайдың  оны  оқуы 
мүмкін  емес.  Абайдың  бұл  пікірге  келуге  сүйенген  материалдары  1832 
жылы  «Қырғыз-қазақ  ордасының  тарихы»  деген  атпеп  үш  томды  кітап 
шығарған  Алексей  Левиннің,  «Қасым  хандығының  тарихы»  деген  кітап 
жазған  Вельяминов-Зерновтың,  XIX  ғасырдың  90  жылдары  «Қырғыз 
бен  Ұлы  жүз  қазақтарының  тұқымын  зерттеу  тәжірибесінен»  деген 
атпен  және  «Түрік  тұқымдас  халықтардың  құрылысын  және  санын 
зерттеу  туралы»  деген  атпен  екі  кітап  жариялаған  Аристовтың, 
Радловтың,  Крафттың,  Добросмысловтың  тағы  басқалардың  қазақ 
туралы  жазған  еңбектері  болу  керек.  Осы  еңбектерге  сүйеніп  отырып, 
қазақтың  араб  емес,  монғол-түрік  тұқымдас  ел  екенін  Шоқаннан  кейін 
анықтаған адамның бірі Абай болды.  
Бұдан  Абай  Шығыс  тарихшыларын,  я  қазақ  шежіресін,  немесе 
тарихқа  жәрдемші  материал  -  қазақ  фольклорын  ескермеді,  есептеспеді 
деген  мағына  аңғарылмауға  тиісті.  Оның  Шығыс  тарихшыларын 
Мүхаммед-Хайдар  Дүғлатиді,  Абұлғазы  Баһадүрханды,  «Тыбри», 
«Тарих  ғүлуми».  «Бабурнама»  сияқты  араб,  парсы  және  түрік  тілінде 
жазылған  тарихи  кітаптарды  оқығандары;  Шығыстан  да,  Батыстан  да 
оқыған 
кітаптарын 
қазақ 
шежіресімен, 
қазақ 
фольклорымен 
салыстырып  отырғандығы  «қазақ»  деген  сөздің  қайдан  шыққандығы 
туралы  пікірінде,  қазақтың  монғолға  бағынуы  туралы  айтқан  пікірінде 
айқын көрініп стырады. 
«Бірер  сөз  қазақтың  қайдан  шыққандығы  туралы»  деген  еңбегін 
Абай  тарихшы  болу  мақсатымен  емес,  өзінің  алдына  қойған  бір 
мәселесін  шешіп  алу  үшін  жазғанға  ұқсайды.  Ол  -  «көп  ғасыр  бойына 
қазақтың  көшпелі  тарихы  неге  өзгермей  келді?  Неге  ол  Европа 
мәдениетіне  жете  алмады?  Оның  материалдық  мәдениеті  өспеуіне  кім 
айыпты?»  деген  мәселе.  Абайдың  ойынша,  мұндай  артта  қалушылыққа 
X I I I  ғасырдан басталатын монғол шабыншылығы айыпты. 
Қазақ  даласын  Шыңғыс  хан  жаулап  алғанға  дейінгі  қазақ  өмірін 
Абай былай сыпаттайды: 
«Бұл  қазақ  Алатау  бөктерінде  жүргенде  егін  салмақ  секілді,  сауда 
қылмақ  секілді  шаруаларға  да  көршілерінен  көріп  айналған  екен... 
«Аттанып  барып  жылқы  алған,  ат  үстінен  ұйқы  алған»  деп, 
барымташыны мақтап, бұзылған кезі Шыңғыстан соң болса керек». 
Ескі егіншілік, отырықшылық тұрмыстан қазақтың айрылуына бас 
себепті  Абай  қазақ  даласын  Шыңғыстың  басып  алу  кесірінен  деп 
ойлайды.  Ол  ойына  мен  өзім  қосылам.  Қазіргі  қазақ  даласында 
қалдықтары  табылып  жатқан  қазақ  руларының  ескі  қалалары  сол 
Шыңғыс шапқыншыларының харекеттерінен құрығаны сөзсіз. 
Шыңғыс  хан  қазақ  даласын  жаулап  алғаннан  кейін,  Орта  Азияға 
шабуыл  жасағанда,  отырықшылыққа  айнала  бастаған  қазақтарды 
көшіріп ала кеткен. 


 
69
«Қазақтың  соғысқа  жарарлық  адамы,  -  дейді  Абай,  -  сол 
Шыңғыстың  әскеріне  қосылып,  бұларды  Шыңғыс  Жошы  деген  үлкен 
баласына билетіпті.  
Әуелде  Көр  ханды  өлтіріп  ұйғыр  жұртын  алыпты.  Онан  соң 
Азияның  тереңіне  шейін  еріп  барса  керек.  Себебі  қазақта  мақал  болып 
қалған:  «Жылан  жылы  жылыс  болды,  жылқы  жылы  ұрыс  болды,  қой 
жылы  зеңгер  тоғыс  болды»  дегені,  «Самарқанның  сар  жолы, 
Бұланайдың  тар  жолы»  дегені  -  бәрі  Шыңғыстың  сапарын  көрсеткен 
сөз.  «Бұланай»  деп  Гималайды  айтқаны  ма,  Үндукеш  тауы  ма?  Әйтеуір 
бір  тауды  айтқан  сөз  екені  -  «Буланайдан  үлкен  тау  болмас,  бұланнан 
үлкен аң болмас» деген мақалынан мағлұм. 
Сонан  соң  бұлар  бұрынғы  Алатауды  қалдырып,  Ташкент 
төңірегіндегі тауларды мекен қылса керек». 
Монғол  шабыншылығының  қазақты  отырықшы  тұрмыстан,  егін, 
сауда  кәсібінен  айырып,  көшпелі,  жауынгершілік  салтқа  салып 
жібергенін  Абайдың  жек  көруі,  моңғолдар  билеп  түрған  кезді 
сипаттаған мына сөзінен көрінеді. 
«Сондағы билеген  хандары, билері,  - дейді  Абай,  - бұларды ешбір 
түзу  харакетке  түсірмей,  дайым  барымтамен  мал  қумақ,  ауыл  шаппақ, 
бірде  ол  ел,  бірде  бұл  елмен  жауласпақ,  қырыспақпен  күн  кешіп,  еш 
шаруа,  өнерге  үйрене  алмай,  өздері  кедей  болған  һэм  өспеген.  Бүгін 
біреуді  өзі  талап  қырып  келсе,  ертең  өзін  біреу  талап  қырып  кете 
берген». 
Мұндай  монғолшылдықты  Абай  қазақтың  бақыты  емес,  соры  деп 
түсінеді.  Монғолдар  жаулап  алудан  бастап,  XVIII  ғасырда  Россияға 
бағынғанға  шейінгі  қазақ  өмірі  бір  қалыпта,  өзгермей,  үнемі  көшпелі 
тұрмыста  қалып  қоюына  бас  айыптыны  Абай  монғолдар  деп  ойлайды. 
Меніңше, оның осы ойы дұрыс. 
Өз ұлтын сүйген Абайдың, қазақтың Россияға қарауын қабылдауы 
да,  қазақты  орыстың  мәдениетін  үйренуге  шақыруы  да  осыдан.  Абай 
қазақтың  Россияға  бағынуын  тарихи  қажет  деп,  қазақ  үшін  прогресс 
деп түсінген. 
Бірақ  Абай  қазақтың  өткен  өміріне,  Россияға  қараудан  бұрынғы 
өміріне,  сын  көзімен  қарай  отыра,  ол  өмірді  жаман  жағынан  ғана 
көрмейді, жақсы жағынан да көреді. 
«Рас,  бұрынғы  біздің  ата-бабаларымыздың  бұл  замандағылардан 
білімі,  күтімі,  сыпайы  тілді,  тазалығы  төмен  болған.  Бірақ  бұл 
замандағылардан  артық  екі  мінезі  бар  екен...  Ол  екі  мінезі  не  десең, 
әуелі  -  ол  заманда  ел  басы,  топ  басы  деген  кісілер  болады  екен.  Көш-
қон  болса,  дау-  жанжал  болса,  билік  соларда  болады  екен.  Өзге  жүрт 
жақсы-жаман  өздерінің  шаруасын  істей  береді  екен.  Ол  ел  басылары, 
топ  басылары  қалай  қылса,  қалай  бітірсе,  халықта  оны  сынамақ  жоқ, 
бірден-бірге  жүгірмек  болмайды  екен.  «Қой  асығын  қолыңа  ал, 
қолайыңа  жақса,  сақа  қой»,  «бас-басыңа  би  болсаң,  Манар  тауға 


 
70
сыймассың,  басалқаңыз  бар  болса,  жанған  отқа  күймессің»  деп  мақал 
айтып,  тілеу  ғып,  екі  тізгін,  бір  шылбырды  саған  бердік  деген  соң, 
қайтып  бұзылмақ  түгіл,  соның  жетпегенін  жетілтем  деп,  жамандығын 
жасырып,  жақсылығын  асырам  деп  тырысады  екен...  Екінші,  намыскер 
келеді  екен.  Ата  аталып,  аруақ  шақырылған  жерде  ағайынға  өкпе, 
араздыққа  қарамайды  екен,  жанын  салысады  екен.  «Өзін  қор  тұтқан 
жаттан  зар  тұтады»  деп,  «аз  араздықты  қуған  көп  пайдасын  кетірер» 
деп,  «ағайынның  азары  болса  да,  безері  болмайды»  деп,  «алтау  ала 
болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса,  төбедегі  келеді»  деп,  «жол 
қуған  қазынаға  жолығар,  дау  қуған  пәлеге  жолығар»  десіп.  Кәне,  осы 
екі мінез қайда?» 
Қазақ  арасындағы  осындай  тәртіп  жойылғаннан  кейін  елдің 
бірлік-берекесі кете бастағанына Абай: 
 
Кетті бірлік 
Сөнді ерлік 
Енді кімге беттемек? 
Елің - ала, 
Оты - шала, 
Тайса аяғың, кім көмек? 
Ел де жаман, 
Ер де жаман - 
Аңдығаны өз елі, 
Елде сыяз, 
Ойда ояз, 
Оңбай-ақ тұр со жері, 
  
- деп ренжиді. Тағы бір өлеңінде: 
Бас қосылса арысқа, 
Кім шабады намысқа, 
Жатқа барар беті жоқ, 
Жалынбай тұрар көті жоқ, 
Ісі кетер шалысқа,- 
 
деп  налиды.  Халық  ұнатып  сайламай  я  көптен  ақылы  асқандықтан 
билемей, 
жоғарғы 
әкімдерге, 
сайлаушыларға 
пара 
беріп 
әкім 
болғандарды Абай: 
 
Бас-басына би болған өңшең қиқым, 
Мінекей бузған жоқ па елдің сиқын, 
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, 
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың,- 
 
деп қынжыла сөгеді. 


 
71
«Бас-басына  би  болған  өңшең  қиқымның»  елді  қалай  бүлдіргенін 
Абайдың  қаншалық  көре  білгеніне  біз  ілгеріде  толық  тоқтаймыз,  Бұл 
арада  айта  кететініміз:  берекеден  айрылған  елдің  бейнесін  ол  былай 
береді: 
Ел қағынды, 
Мал сабылды, 
Ұрлық, өтірік гуде-гу. 
Байы - баспақ, 
Биі саспақ, 
Әулекі аспақ сыпыра қу. 
Ақы берген, 
Айтса көнген, 
Тыныштық іздер елде жоқ. 
Аққа тартқан, 
Жөнге қайтқан, 
Ақыл айтқан бенде жоқ. 
Әз тұтуға, 
Сыйласуға, 
Қалмады жан бір татыр. 
Сыпыра батыр, 
Пәле шақыр, 
Болдың ақыр тап-тақыр. 
Өз заманындағы қазақтың елдігі осындай берекесіз күйге түскенін 
көрген Абай, өткен заманда бірліктің орнауын ойлаған Абай еліне «кел, 
кейін  қайтайық»  деген  сөзді  ешбір  шығармасында  айтпайды.  Оның 
тілеуі  алдында.  Алға  қарай  бастаған  елін  оның  апарам  деп  тырысқан 
жері орыс мәдениеті, орыспен бірлік. 
Қазақтын  ескі  мемлекет  билеу  тәртібінен  Абайдың  қабылдайтыны 
да  бар,  қабылдамайтыны  да  бар.  Оған  оның  өз  заманында  сайланған 
билер туралы мынадай сөздер айтқаны дәлел. 
«Әрбір  болыс  елде  старшын  басы  бір  би  сайландық.  Бұл  көп 
халыққа  залалды  болатындығы  көрініп,  сыналып  білінді.  Бұл  билік 
деген  біздің  қазақтың  ішінде  әрбір  сайланған  кісінің  қолынан  келе 
бермейді. Бүған бүрынғы Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі 
жолын, Әз-  Тәуке  ханның  «Күл  төбенің басында күнде кеңес болғанда» 
жеті  жарғысын  білмек  керек.  Һәм  ол  ескі  сөздердің  қайсысы  заман 
өзгергендіктен  өзгеріп,  ескіріп,  бұл  жаңа  заманға  келмейтұғын  болса, 
оның  орнына  татымды  толық  билік  шығарып,  төлеу  саларға  жарарлық 
кісі болса, керек еді. Ондай кісі жоқ». 
Абай  өз  заманының  шындығын  жете  білумен  қатар,  оны  өзінің 
түсінуінше, өзгертпек ниеттен де алыс емес. 
 
Менсінбеуші ем наданды, 
Ақылсыз деп, қор тұтып. 


 
72
Түзетпек едім заманды, 
Өзімді тым-ақ зор тұтып, - 
 
дегені  ақынның  әр  ойынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  ісінен  де 
хабар  бергендей.  Абайдың  «Қара  мола  жиналысы»,  «Көктума 
жиналысы»  деген  үлкен  жиындарды  бастағаны  жайындағы  кейбір 
деректерді келтіре кеткен де орынды. 
Бүл  жиындарда  бірнеше  ояздың  билерінің  басы  қосылып,  әр  оязға 
қарайтын  қазақ  руларының  арасындагы  дау-шарлар  тексерілген  деседі. 
Сол  жиындарда  өздерінен  Абайдың  білімінің  жоғарылығын  көрген 
билер  Абайды  төбе  би  сайлап,  жиынды  Абайға  басқартқан.  Осы 
басқаруында, 
Абай 
жаңа 
заманның 
ыңғайына 
бұрынғы 
қазақ 
заңдарының  жарамдысын  алып,  жарамсызын  тастап,  жаңа  заманға 
лайықты  92  статьялы  заң  шығарған  дейді.  Абайдың  ол  заңы  да,  заңда 
нелер айтқаны да сақталмағанға ұқсайды. 
Қазақтың  ғұрпында  ақсақалды,  әкені,  жасы  үлкен  кісіні  сыйлау 
әдеті бар. Қазақтың ел билеу тәртібіне сын көзімен қарайтын  Абай, бұл 
әдетке  де  сол  көзбен  қарайды.  Заманының  мінезі  жат  адамдарын 
сынағанда Абай: 
 
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің 
Сөзінен сырдаң тартып тез жиренбек- 
 
деп кінәлайды. Сондай адамдар туралы жазған тағы бір елеңінде: 
 
Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, - 
 
дейді.  Баланың  жақсы-жаман  болуы  әкенің,  өскен  ортасының 
тәрбиесінен деп ұққан Абай: 
 
Басында әке айтпаса ақыл, жарлық, 
Ағайын табылмаса ой саларлық, 
Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен, 
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық,- 
 
дейді.  Бірақ  Абайға  әке  атаулының,  үлкен  атаулының  бәрі  жақсы  емес. 
Абайдың айтатыны: 
 
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, 
Өзі зордың болады иығы зор. 
 
Сондай  иығы  зорлардың  көпке  беретін  үлгісіне  Абан  сүйсініп, 
былай мадақтайды; 
 


 
73
Білімділер сөз айтса, 
Бәйге атындай аңқылдап, 
Өзгелер басын изейді, 
«Әрине» деп мақұлдап. 
 
Абай  білімдінің  де,  ақсақалдың  да  барлық  сөзін  мақұлдай  бер 
демейді. Ол: 
 
Ақсақал айтты, бай айтты, 
Кім болса, мейлі сол айтты,- 
Ақылменен жеңсеңіз, 
Надандарға бой берме, 
Шын сөзбенен өлсеңіз, 
Аят, хадис емес қой, 
Кәпір болдың демес қой, 
Қанша қарсы келсеңіз, - 
 
дейді.  Елге  үлгі  болуды  тілемей,  ел  бірлігін  көздемей,  елдің  алалығына 
себеп болатын шалға Абай былай деп ұрсады: 
 
Дәулеті жоқ бурыл шаш, 
Үйіңе кет, топтан қаш... 
Ағайынның ішінен  
Шыға қалса тайталас, 
Партия жиып, мал сойса, 
Бата оқисың, жейсің бас. 
Басалқа сөз сенде жоқ, 
Айтқан сөзің: «Малың шаш!» 
Итше індет тілемей, 
Жат үйіңде өлсең де аш! 
Ойлап-ойлап қарасам, 
Осындай шал қайда жоқ. 
Қозғау салып қоздырғыш 
Кезбе шалдан пайда жоқ. 
 
Елінің  өткен  өміріндегі  пайдалы  ісіне  жақсы  қарап,  пайдасыз  я  
ескірген  істерін  қабылдамаған  Абайдың  бір  өзгешелігі
 
сол  ескі  өткен 
өмірді  зерттегенде,  ол  сол  заманның  жамандары  былай  тұрсын, 
жақсылықтарының өзін дәріптеуді мақсат қып қоймаған. 
Мәселен,  әр  елдің  тарихында,  мемлекеттің  ең  үлкен  ісінің  бірі 
жаудан  отанын  қорғау  болса,  отанды  айламен,  (білск  күшімен 
қорғайтын  заманда,  елдің  ең  ардақтайтын  адамы,-  ақылды  мемлекет 
басқарушылары  мен  білегі  де,  жүрегі  де  күшті  батырлар  болса,  сондай 


 
74
басқарушылары  мен  батырларын  барлық  елдің  ауызша  ақындары  ғана 
емес, жазба ақындары да дәріптесе, Абай осыны істеді ме? Бұл бір. 
Екінші,  «Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу»  я  «Қыз  Жібек»  (сияқты 
адамгершіліктің  бір  биік  мұнарасы  -  махаббаттан  туған  тамаша 
шығармалар  барлық  елдерде  кездеседі.  Осы  тақырыпты  ауызша 
ақындар да, жазба ақындар да өздерінің шығармаларына өзек еткен ғой. 
Абай соны істеген бе? 
Бұл сұрауға Абайдың берер жауабы: 
 
Батырды айтсам, ел шауып алған талап, 
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, 
Әншейін күн өткізбек әңгімеге 
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап. 
 
«Бір  сөзін  мыңға  балапты»  Абай  сүйсініп  айтып  отырған  жоқ, 
кекетіп айтып отыр, олай кекетуіне Абайдың мына сөзі куә: 
 
Батырдан барымташы туар даңғой, 
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. 
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, 
Елірмелі маскүнем байқалған ғой... 
Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге 
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. 
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, 
Есіл өнер қор болып кетер түзге. 
 
Қазақтың  батырларына,  ғашықтарына  арналған  шығармалар 
жазбауы  былай  тұрсын,  ислам  дінін  таратушы  «батырдың»  бірі,  өзінен 
басқа  қазақ  ақындарының  талайы  мақтап  қисса  жазған  Әзірет  Әліге  де 
ешбір  шығармасын  арнамайды.  Өзі  мақтап  шығарма  жазбауымен 
қоймай, Әзірет Әліні мақтап қисса шығарғандарды Абай: 
 
Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз, 
Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз, - 
 
деп  мысқылдайды.  Қысқасы,  біз  Абайдың  қаламынан  туған  барлық 
көркем  шығармалардың  ішінен  «Масғұт»,  «Ескендір»  және  аяқталмай 
қалған  «Әзім»  деген  үш  поэмадан  басқа  не  қазақтың,  не  басқа  елдердің 
өткен  өміріне  арнаған  бір  де  шығарма  көре  алмаймыз.  ІІІығыс 
аңыздарынан  алып  жазған  жаңағы  үш  поэманы  да  Абайдың  ескілікті 
дәріптеу  мақсатымен  емес,  өз  заманына  арнаған  пікірлерінің  керегіне 
жарату мақсатымен жазғанына кейін тоқтаймыз. 


 
75
Абай  шығармаларының  ішін  ақтармай,  сыртына  ғана  қараған 
кісіге, оның ескіліктен бойын бұлай аулақ салуы нигилистігі сияқтанып 
тұрады. Мұндай күдіктің қателігін Абай мына сөзімен мансұқ қылады: 
 
Мен жазбаймын елеңді ермек үшін, 
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін, 
Көкірегі сезімді, тіл орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. 
 
Осы  арада  біз  Абайдын,  өзінен  бұрынғы  өмірге  қалай  қарауы 
туралы  айтқымыз  келген  пікірімізді  аяқтаймыз  да,  оның  өз  заманына, 
замандастарына  қалай  қарауына,  не  кателігін,  не  кемшілігін  көргеніне, 
сол кемшіліктерді түзеуге не ақылдар бергеніне ораламыз. 
Абайдың  барлық  өлеңдері  де,  прозамен  жазған  барлық  өсиет 
сөздері  де,  Шығыстан  я  орыс  классиктерінен  аударғандары  да 
түгелімен 
өз 
заманына, 
өз 
замандастарына 
арналған. 
Абай 
шығармаларының  негізгі  тақырыбы  өзімен  замандас  қазақтардың 
тіршілігінен алынған. 
Ол  -  өз  заманының  әрі  фольклорисі,  әрі  тарихшысы,  әрі  
жаңашылы,  әрі  экономисі,  әрі  саясатшысы,  әрі  философы  әрі 
мысқылшысы,  әрі  эстетигі,  әрі  суретшісі,  әрі  ақыны,  әрі  прозаигі,  әрі 
музыканты, әрі аудармашысы, әрі ақсақалы,  әрі замандасы, әрі баласы. 
Егер  осының  бәрін,  мәселен,  Италия  тарихында  Леонардо  да  Винчи, 
орыс  тарихында  Ломоносов  әр  ғылымның  өз  тілімен  сөйлесе,  Абай  бір 
ғана  тілмен  сөйлейді,  ол  тіл  -  көркем  әдебиет.  Абайдың,  Абай  емес-ау, 
оны туғызған ортаның күші де осында, әлсіздігі де осында. Күші дейтін 
себебіміз:  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  тіршілігі  Абайды 
дүние  жүзінің  ең  алдыңғы  қатардағы  данышпанындай  қайратпен, 
ақылмсн,  сезіммен  туғыза  білді.  Әлсіздігі  дейтін  себебіміз:  мәселен, 
орыс  тарихында  Карамзиннен  бастап,  Пушкинді,  Лермонтовты, 
Гогольді, 
Некрасовты, 
Герценді, 
Белинскийді, 
Чернышевскийді, 
Писаревті,  Короленконы,  кәтте  Блок  пен  Брюсовты  ішіне  қоса  жүз 
жылда,  ең  аз  дегенде,  жүз  жазушы  мен  сыншы  көтерген  ауыр  жүкті, 
қазақ  халқы  Шоқан,  Ыбырай,  Абай  үшеуіне  жүктейді.  Үшеуінің  ішінде 
ең  ауыр  салмақ  түскені  Абай.  Сондықтан  егер  Абай  кейде,  кейбір 
мәселеде  солқылдақтық  көрсетсе,  ол  оның  күшінің  аздығынан  емес, 
жүгінің аса ауырлығынан. 
Абайдың  сол  жүктерді  қалай  көтергенін,  әуелі  оның  қоғам
 
тіршілігін  басқару  ниетімен  ат  жалын  тартып  мінген  кезде,  өз  руы 
Тобықтыда  не  хал  барын  баяндауынан  бастайық,  Тобықтының  хал-
жайын ол былай сипаттайды: 
 
Ел бүлігі Тобықты, 
Көп пысыққа молықты. 


 
76
Малдының малын көре алмай, 
Борышын түгел бере алмай, 
Көрінгенге обықты. 
Қазақтың малын сапырып, 
Көп пәлеге шатылып, 
Кесапатқа жолықты... 
Саудагер қашты бұл елден, 
Несиесін жия алмай. 
Бұралқылар сандалды, 
Жуандарға сыя алмай. 
Сыйымсыз болды алашқа 
Барымтасын тыя алмай. 
Нанымы жоқ, анты бар, 
Ел нұсқыны кетті ғой, 
Елмін деген салты бар, 
Әлі кунге уайым 
Қылған жан жоқ ұялмай. 
 
Осындай  жағдай  Тобықтыдан  басқа  руларда  да  барлығын 
берекесіздік,  бірліксіздік,  ел  қамын  емес,  өз  қамын  ойлаушылық, 
біреуін біреуі жеуге, алдауға тырысушылық өзге рудан да табылатынын 
Абай былай баяндайды: 
 
Бөтен елде бар болса, 
Ежеттесің, сыйласың,. 
Сыбырлас, сырлас көп болған, 
Көптен тату қимасың. 
Басыңа жұмыс тускен күн  
Татулықты бұрынғы, 
Не қылып ол ойласын, 
Ашып берер жауыңа  
Өзі көрген қоймасын. 
«Бөтен  елдегі  ежеттестік»  жау  мен  достың  арасында  жүргенде 
қандай екі жүзділік амал қолданатынын Абай былай бейнелейді: 
 
Желіккен жауың кез болса. 
Араздығы сөз болса. 
«Бәрекелді батыр» деп, 
Мақтап-мақтап қоздырар. 
Ескі досын көргенде, 
Есебі жоқ ант ішіп, 
Аруақ, құдай айтысып, 
Сыр алғалы айттым деп; 
Жауыңды алдап қайттым деп, 


 
77
Кұдайдан қорықпай, ант ұрған, 
Иман жүзін тоздырар. 
Келіп-кетіп көп журіп, 
Мен досыңмын деп жүріп, 
Дұшпандығын оздырар. 
Алдайды деп жауыңа, 
Ел тарттырмай баурыңа 
Көрінгенді азғырар. 
Кеселді болып бітеді, 
Жақсыға біткен жақындар. 
Жау жағадан алған күн  
Өздері иттей тақымдар. 
 
Мұндай  «ежеттестер»  Абайдың  байқауынша,  достарына  ғана 
сенімсіз,  алдауыш  емес,  өз  тұқымдарына  да,  өз  туысқандарына  да 
алдауыш, опасыз. 
 
Туысқанға кекшілі  
Жас баладан бетер-ді... 
Жақынға еріп мал салмай, 
Жауды керіп жан салмай, 
Қайдан ғана біледі, 
Ауыр менен жеңілдің 
 Арасымен өтер-ді. 
Жолдас аз боп сасқанда, 
Әуелі сонан естисің 
 «Ат үстінен көтерді». 
 
Осындай «туысқандар» әр елде де барын Абай былай баяндайды: 
 
Әркімде-ақ бар ғой туысқан 
Қайсысы жауды қуысқан? 
Күн жауғанда қойныңда, 
Кун ашықта мойныңда - 
Арылмас міндет болған соң, 
Әркімнің көңілі суысқан... 
Жат айбынар ісі жоқ, 
Жау айдынар күші жоқ... 
Қалжыңы теріс, сөзі - ұрыс, 
Айтқан сөзге көнбейді. 
Өз тентегін көрмейді, 
Қазан бұзар бір қырыс, 
Сондай кесел туысқан. 
Қай жерінен болады, 


 
78
Көңілге медеу ол тыныс. 
 
Барлық қазақ елінен осындай халді көрген соң, ол: 
 
Көңілім қайтты достан да, душпаннан да, 
Алдамаған кім қалды тірі жанда. 
Алыс, жақын қазақтың бәрін көрдім, 
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. 
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, 
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда, 
Мұнан менің қай жерім аяулы деп, 
Бірге тұрып қалады кім майданда? 
Ендігі жұрттың сөзі ұрлық-қарлық, 
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық, 
Осы күнде осы елде дәнеңе жоқ, 
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық. 
 
Абайды  назарландырып  отырған  осы  хал  не  хал?  Бұл  қазақтың 
сүйегіне біткен хал ма? Болмаса белгілі бір жағдайда туған хал ма? 
Қазақ 
халқының 
мұндай 
халге 
ұшырауына, 
сол 
кездегі 
экономикалық және саяси жағдай себепкер еді. 
«Л.  Н. Толстой және оның дәуірі» деген мақаласында  В. И. Ленин 
Толстойдың  «Анна  Каренина»  дейтін  романының  Левин  атты 
геройының: 
«Қазір 
бізде 
мұның 
бәрі 
(орыстың 
1861 
жылғы 
реформасына  шейінгі  өмірін  айтып  отыр.-  С.  М.)  асты-үстіне  шығып, 
жаңадан  ғана  (реформадан  кейінгі  өмірін  айтады.-  С.  М.)  құрылып 
жатыр»,-  деген  сөзін  мысалға  алады  да:  «1861  -1905  жылдардағы 
дәуірді бұдан гөрі дәлірек сипаттау қиын»,- дейді. 
«Ненің  асты-үстіне  шыққанын,-  дейді  Ленин  жаңағы  пікірін 
айқындай  түсіп,-  әрбір  орыс  жақсы  біледі  немесе  ең  болмағанда, 
онымен әбден таныс. Ол - крепостниктік право және соған сәйкес бүкіл 
«ескі тәртіп». Ал ненің «жаңадан ғана құрылып жатқаны» қалың бұқара 
халыққа  мүлдем  таныс  емес,  жат,  түсініксіз.  Осы  «жаңадан  ғана 
құрылып  жатқан»  буржуазиялық  құрылыс  Толстойға  құбыжық  көрініп, 
Англия  тәрізденіп,  бұлдыр  керінеді.  Дәл  құбыжық  болып  көрінеді, 
өйткені  Толстой  осы  Англиядағы  қоғамдық  құрылыстың  негізгі 
белгілерін,  ол  құрылыстың  капитал  үстемдігімен,  ақша  ролімен, 
айырбастың  шығып  дамуымен  байланысын  анықтау  талабының  бәрін 
де,  былайша  айтқанда,  принцип  жүзінде  керексіз  деп  біледі. 
Халықшылдарға  ұқсап  Толстой  Россияда  «құрылып  жатқан»  нәрсе 
буржуазиялық  құрылыстан  басқа  ештеңе  де  емес  екенін  көргісі 
келмейді, көзін жұмып, бұл ойдан бойын аулақ салады. 
Россиядағы  Бүкіл  қоғамдық-саяси  істің  таяудағы  міндеттері 
тұрғысынан  алып  қарағанда  1861  -1905  жылдардағы  дәуір  үшін  (және 


 
79
бідің заманымыз үшін де) бірден-бір  маңызды мәселе болмағанмен, өте 
маңызды 
болған 
мәселе 

Англияда, 
Германияда, 
Америкада, 
Францияда  және  басқа  жерлерде  өте  әр  түрлі  формаларда  болып 
отырған  осы  құрылыстың,  буржуазиялық  құрылыстың,  Россияда 
«қалайша  құрылуы»  туралы  мәселе  екені  әбден  орынды  еді.  Бірақ 
мәселені  осылайша  айқын,  нақтылы-тарихи  түрде  кою  Толстойға  мүлде 
жат  бірдеңе  сияқты.  Ол  жалпылап  ойлайды,  ол  адамгершіліктің 
«мәңгілік»  негіздері,  діннің  мәңгілік  ақиқаттары  деген  көзқарасты  ғана 
жақтайды,  бүл  көзқарас  ескі  («асты-үстіне  шыққан»)  құрылыстың, 
крепостниктік  құрылыстың,  Шығыс  халықтар  тұрмысы  құрылысының 
идеологиялық көрінісі ғана екенін түсінбейді»
1

Лениннің  мақаласы  реформадан  кейінгі  Россияның  халін  ғана 
емес,  Россияға  бағынған  басқа  елдердің  де,  солардың  ішінде  қазақтың 
да  халін  ұғуға,  Толстойдың  көзқарасын  ғана  емес,  Абайдың  да 
көзқарасын ұғуға жарық жол сілтейді. 
1861  жылдың  реформасынан  басталған  Россиядағы  капиталистік 
өркендеудің қаулаған өрті қазақ даласына да ұшқынын түсірді. 
«Ұшқынын» 
деген 
сөзді 
әдейі 
алып 
отырмыз. 
Себебі: 
капиталистік  құрылыс  басталғаннан  кейін  Россияда  жасалған  заводтар, 
фабрикалар,  оларды  бірлестіретін  синдикаттар,  трестер,  олардың 
тынысын 
алдыратын 
банктер 
қазақ 
арасында 
1917 
жылдың 
революциясына  шейін  де  орнаған  жоқ.  Лениннің  «1862  жылы 
Толстойдың  «қимылсыз»  Шығыс  деген  Шығыс  елдерінің  бірнешеуінде, 
1905  жылдың  оқиғасынан  кейін  соған  ұқсас  оқиғалар  болды.  «1905 
жыл-  «Шығыстық»  қимылсыздықтың  ақыры  еді»  деуі  де  содан.  Қазақ 
ауылына  буржуазиялық  құрылыстың  нышандары  1905  жылдан  былай 
қарай  ене  бастағаны  даусыз.  Оған  дейінгі  қазақ  шаруасындағы 
капитализмнің  тегі  -  күні  жетпей  туған  бала  сияқты,  әрі  нәзік  әрі  әлсіз, 
әрі шалағай еді. 
1861 
жылдың 
реформасы 
Россияның 
ауыл 
шаруасын 
да 
«төңкеріп»,  «жаңалықтар»  жасады:  егін  кәсібімен  шұғылданатын 
помещиктердің  шаруасына  капитал  ене  бастады.  Бұл  «жаңалықтың»  да 
қазақ аулына ұшқыны ғана кеп түсті. Егін кәсібімен шұғылданған қазақ 
помещиктері  1905  жылдың  бер  жағында  ғана  бірен-сарандап  көріне 
бастады.  Одан  бұрынғы  қазақ  аулында  болған  егіншілік  әркімнің  өзіне 
қажетті  мөлшерінде  ғана  болатын.  Базар  үшін  егін  ектірген  қазақты 
1905 жылдың ар жағында біз білмейміз. 
1861  жылдың  реформасынан  қазақ  даласына  келген  «көрнекті» 
жаңалық  -  қазақтың  негізгі  кәсібі  -  мал  ша-руасының  товарға  айнала 
бастауы, ақша мен малдың араласуы. 
Қазақтың 
натуралдық 
мал 
шаруасына 
ақшаның 
араласуы 
реформадан  бұрын,  қазақ  елі  Россияға  бағынудан  басталған.  Бірақ 
реформадан  бұрын  мал  өсірген  қазақ  байларынан мал  саудасымен  кәсіп 
істегендер  некен-саяқ  болған.  Өз  ақшасына  мыңдаған  сиырлар  мен 


 
80
қойлар  жинап,  орыстың  купецтеріне  өткізу,  қазақта  реформаның  бер 
жағында басталды, 1905 жылдың бер жағында күшейді, көбейді. 
Ақшаға  шейінгі  қазақ  байларының  байлығы,  жалпы  алғанда, 
баянсыз  болушы  еді.  Ол  кезде  қазақ  елі  қысы-жазы  көшіп 
жүретіндіктен,  кейбір  жылдар  жаңбыр  жаумай,  малдың  қысқы  отына 
жер  тақыр  болса  немесе  жер  отты  болғанмен,  қыс  жаңбыр  жауып, 
мұздақ  болса,  аяғынан  оттап  күн  көретін  малдар  жұтап,  қырылып 
қалатын.  Сондай  жылдарда  мыңдаған  қарасы  бар  байлар  көктемде 
тақыр  кедей  боп  шыға  келетін.  Қазақтың  «Батыр  бір  оқтық,  бай  бір 
жұттық»  деген  мақалы  содан  шыққан.  Ақша  шыққан  кезде  жылқысы 
жұтаған бір байдың: 
 
Хош, сау бол енді менің, айғырларым, 
Құтты боп бауырларың, бай қылғаның, 
Жұт деген жалмауыз кеп жалмаған соң, 
Жануар айғырларды қайғырғаным! 
Хош, сау бол енді менің, биелерім, 
Қанатын қымызыңа иелерің, 
Жұт деген жалмауыз кеп жалмаған соң, 
Зар жылап босап кетті жүйелерім. 
Хош, сау бол енді менің, аттарым-ай, 
Базарға қымбатыңда сатпадым-ай, 
Базарға жұттан бұрын сатып-сатып, 
Шіреніп бай көпестей жатпадым-ай! – 
 
деп  өкіну  де  содан.  Ақша  шықпаған  кезде  мал  товарға  айналмаған 
кезде, қазақ ауылдары қысы-жазы көшіп жүретін кезде, қазақтар қысқы, 
жазғы  жайлауға  төзбейтін  малды,  мәселен,  сиырды  малданбайтын. 
Олардың  малданатындары  қой  мен  жылқы  болатын.  Климаты  жылы 
оңтүстіктегі  қазақтар  болмаса,  түйе  малын  да  көшпелі  қазақтар  көштің 
келігіне лайықтап, аз өсіретін. 
Сиыр  малы  қазақ  шаруасына,  қазақ  елі  Россияға  қосылғаннан 
кейін екі себептен кірді. 
Бірінші.  Реформадан  жеті  жыл  кейін,  1868  жылы  жерсіз 
крестьяндардың  ереуілдерінен  құтылу  үшін  және  қазақ  даласын 
меңгеру  үшін  патша  өкіметі  орыс  шаруаларын  Қазақстанға  көшіре 
бастады.  1822  жылдың  заңынан  кейін  қазақ  даласына  сирек  орнаған 
Көкшетау,  Ақмола,  Атбасар,  Торғай,  Ырғыз,  Қарқаралы,  Баян,  Аякөз, 
Алматы,  Қапал  сияқты  қалалардың  арасына  1868  жылдан  кейін 
поселкелер кеп орнады. Орыс қалаларының, орыс поселкелерінің малды 
қыстыгүні  қорада  күтетін  салтын  көрген  қазақтар,  жазғы  кешін 
доғарғанмен,  қыстыгүні  бір  орында  мекендеп,  қысқа  шыдамсыз  малға 
жаз  пішен  даярлап,  қыс  қорада  күтетін  болды.  Осындай  түрмысқа 
айналғаннан  кейін,  жаз  аяғынан  оттап,  қыс  қорада  күтілетін  сиыр 


 
81
малын  да  жинай  бастады,  пайдалы  екенін  біле  бастады.  Бүл  жөнде  XX 
ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  шаруасын  зерттеген  Щербина  былай  дейді: 
«Орыс поселкелері келумен қазақ шаруасы түбірімен өзгерді. Бұдан елу 
жыл  бүрынғы  өмірімен  салыстырсаң  көп  айырма  бар.  Қазақтар  қазір 
сиыр малын көбейте бастады. Көшпелі кезде ол жоқ. Қазақ қазір малды 
аяғынан оттатпайды, шөп шабады, алдағы жылына шөп жинайды»
1

Екінші.  Россияның  базарына  саудаға  салуға  қолайлы  екі  түрлі 
ғана  мал  болды:  сиыр,  қой.  Қазақтың  жылқысы  орыс  базарында  құнды 
саналған жоқ. Түйе мен ешкінің сауда-саттыққа мүлде құны болмады. 
«Ақша  атасын  танымайды»  дейді 
қазақ  мақалы.  Ақшаға 
ұстаушының  ақсүйеқ  я  қарасүйек  екендігі  емес,  оған  қажеті  -  ұстай, 
жүргізе  білетін  кісі.  Егер  Россияның  капиталистері  бұынғы  дворяндар 
мен  помещиктерден,  тіпті  крепостной  праводан  кейіи  азат  болған 
шаруалардан  да  шықса,  қазақта  мал  саудасын  жүргізіп  байығандар 
бұрынғы  «аталылардан»  да,  сауда  жүргізе  білген  «атасыздардан»  да 
шықты. 
Жаңадан 
әсіресе 
«атасыздардан» 
шыққан 
байлар 
шаруашылықта  да,  саясатта  да  замана  жағдайына  икемделіп  өздерінің 
үстемдігін жүргізе бастады. Шортан- байдың: 
 
Әуелі зорлар қор болды, 
Әуелгі қорлар зор болды,- 
 
деген өлеңі осы кезде
 
туды. XIX-XX  ғасырларда осы сарында жазылған 
өлеңдерді  жннаса,  қалың  бір  том  кітап  болар  еді.  Барақ  Абайдың 
барлық  шығармаларынан  бұл  томға  кірстін  не  бір  ауыз  олең,  не  бір 
ауыз  сөз  табылмас  еді.  Себебі  Абай  ескіні  көксеген  де  адам  емес, 
адамды  «сүйегіне»  қарап  бағалаған  да  адам  емес,  оның  бағасында 
адамның  адамгершілігі  тұқымында  жақсылық  болғандықтан  емес, 
өзінде жақсылық болғандықтан. 
Абай  «аталы»  байға  да,  «атасыз»  байға  да  қарсы.  Оның  ешбір 
шығармасынан  осы  екі  жүйелі  байды  мақтаған  бір  ауыз  сөз  таба 
алмайсың.  Бай  атаулының  қанаушы  екенін  Абай  жақсы  біледі  де  және 
сол  қанауға  барлық  шығармаларында  қарсылық  ойын  айтып  отырады. 
Сөйте  тұра,  оның  ойынша,  жаман  әдеттің  бәрі  қазақта,  оның  ішінде 
байларында  ғана  сияқты  да,  басқа  елдің,  әсіресе  орыстың,  оның  ішінде 
байларының істері түгелімен жап-жақсы, оның: 
 
Мал жияды мақтанып білдірмекке, 
Көзге шұқып малменен күйдірмекке. 
Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар, 
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке, - 
 
дейтін байлары, «ары, ұяты, халқы - мал» деп сөгетін байлары қазақтікі 
ғана сияқты да, өзге елдің, әсіресе орыстың, байлары олай емес сияқты. 


 
82
Абай,  бір  сөзінде  қазақтың  отырықшы  өзбек,  татар,  орыс  сияқты 
елдерді сықақтайтынын айта кеп былай дейді:  «Сонда мен ойлаушы ем, 
ә,  құдай,  бізден  басқа  халықтың  бәрі  антұрған  келеді  екен  деп,  ең  тәуір 
халық  біз  екеміз  деп,  енді  қарап  тұрсам,  сарттың  екпеген  егіні  жоқ, 
шығармаған  жемісі  жоқ,  саудагері  жүрмеген  жері  жоқ,  қылмаған 
шеберлігі жоқ. Өзімен-өзі әуре боп, ешбір шәһәрі жауласпайды. Орысқа 
қарамай  тұрғанда,  қазақтың  өлісінің  ақырет  дегенін,  тірісінің  киімін 
сол  (өзбек-С.  М.)  жеткізіп  тұрды...  Орысқа  қараған  соң  да,  орыстың 
өнерін  бізден  олар  көп  үйреніп  кетті...  Ноғайға  (татарға)  қарасам, 
солдаттыққа  да  шыдайды...  еңбек  қылып  мал  табу  жолын  да  солар 
біледі... Орысқа айтар сөз де жоқ. Біз құлы ғүрлы да жоқпыз». «Көкірек 
тола қайғы,- дейді Абай,- қазақтың осы мәдениетсіздігін көріп отырып,- 
кісінің  өзін  де  билетпейді,  бойды  шымырлатып,  буынды  құрытып,  я 
көзден жас толып ағады, я тілден ыза боп ағады». Сол сөзін өлеңінде де 
қайталап: 
 
Қайғы шығар ілімнен, 
Ыза шығар білімнен. 
Қайғы мен ыза қысқан соң, 
Зар шығады тілімнен, 
Қайтып қызық көрермін  
Әуре-сарсаң күнімнен, - 
 
дейді.  
Өзбектен,  татардан,  орыстан  қазақтың  мәдениеті  төмен  болатын 
себебін Абай былайша түсіндіреді: 
«Мұның  бәрі  -  төрт  аяқты  малды  көбейтуден  басқа  ойының 
жоқтығынан,  өзге  егін,  сауда,  өнер,  ғылым  секілді  нәрселерге  салынса 
бұлай болмас еді». 
Қазақ  елінің  мәдениеттен  артта  қалуын,  қазақ  шаруасының 
берекесіздігін,  өркендемеуін  Абай  бір  ғана  мәселеден  деп  ойлайды.  Ол 
- еңбексіздік. 
 
Еңбек жоқ, харекет жоқ, қазақ кедей, 
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей,- 
 
дейді ол. 
Қазақ  халқының  көпшілігі  кедей  болу  себебі,  оның  еңбекті 
сүймегендігінен  емес,  жалқаулығынан  емес;  кедей  болуының  себебі: 
біріншіден,  ол  кездегі  ауылдың  өндіріс  күшінің  әлсіздігінен  болса, 
екінші  жағынан,  әрі  өз  байларының,  әрі  орыс  помещиктері  мен 
капиталистерінің екі жақты қанауына түскендіктен: 
 
Кедейдің өзі жүрер малды бағып, 


 
83
Отыруға отын жоқ үзбей жағып, 
Тоңған иін жылытып, тонын илеп, 
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. 
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап, 
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап, 
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын, 
Бір жағынан қысқанда жел де азынап. 
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, 
Қай жерінде кедейді тұрсын күйі? 
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе, 
Ол да қылған кедейге үлкен сыйы. 
Қар жауса да тоңбайды бай баласы, 
Үй жылы, киіз түтқан айналасы. 
Бай ұлына жалшы үлы жалынышты, 
Ағып жүріп ойнатар көзден жасы. 
 
Бұл  -  қазақ  жалшыларының  біреуінің  ғана  басындағы  хал  емес, 
барлық  қазақ  байларының  жалшылығында  жүретін,  барлық  қазақ 
жалшыларының  халі.  Қазақ  жалшыларының  мұндай  ауыр  халін  Абай 
көлденең  тұрып  қана  сипаттамайды,  соларға  жаны  ашып,  халдерін 
қайғыра  сипаттайды.  Бірақ  Абайдың  ол  жалшыларға,  сондай  халден 
қайткенде  де  құтылу  үшін  сілтер  айқын  жолы  жоқ.  Еңбексіз 
«пысықтарға» Абай: 
 
Еңбек қылсаң ерінбей, 
Тояды қаргың тіленбей,- 
 
деген 
ақыл 
айтса, 
байдың 
есігінде, 
қоршылықта 
жүрген 
жалшыларға  оны  айта  алмайды.  Ерінбей  еңбек  еткенмен,  өте  нашар 
халде  отырған  қазақ  жалшыларына  сол  халден  қайтсе  арылудың 
айласын тауып бере алмаған Абай: 
 
Алса да аяншақтау кедей сорлы, 
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. 
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей. 
Бір қыс сақта, тас болма сен де о ғұрлы! 
 
деп байға жалынады. 
Абай  бір  мәселені  былай  деп  өте  дұрыс  қояды:  «Әрбір  байлық 
іздеген,  -  дейді  ол,  -  малым  көп  болса,  өзім  де,  балаларым  да  малды 
болса  екен  дейді.  Ол  мал  көбейсе,  малшыларға  бақтырмақ.  Егер  де 
қыстауы  тарлық  қылса,  арызы  жеткендіқ  сыйы  өткепдіқ  байлық 
қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. 


 
84
Ол 
қыстауынан 
айрылған 
және 
біреуге 
тиіспек 
я 
болмаса, 
орынсыздығынан елден кетпек. Әрбір қазақтың ойы осы. 
Осылар біріне-бірі достық ойлай ма? «Кедей көп болса, ақысы кем 
болар  еді,  малдан  айрылғандар  көбейсе,  қыстауы  босар  еді»  деп,  мен 
«ананы  кедей  болса  екен»  деп,  ол  мені  «кедей  болса  екен»  деп,  әуелде 
ішімізден  қас  сағындық.  Әрі-беріден  соң  сыртымызға  шықты: 
жауластық,  дауластық,  партияластық,  осындай  қастарға  сөзім  өтімді 
болсын деп қызметке, болыстыққа, билікке таластық». 
Тамаша  айтқан  сөз.  Жеке  шаруа  үстем  болған  антагонистік 
қоғамның,  ол  қоғамның  ішіндегі  қанаушы  таптың  ой-пікірі  ғажап  дәл 
берілген.  Бірақ  Абайдың  бір  жетімсіздігі  -  осындай  ой-пікір,  осындай 
мінез  қазақта  ғана  бар  деп  ұғады.  Басқа  елдердің  тіршілігін  жете 
білмеген  Абай  осындай  мінез-құлық  тек  қазаққа  ғана  тән  дегендей 
кылады. 
Еңбексіз  күн  көретін  жеке  шаруа  иелерін  Абай  бір  бояумен  ғана 
суреттемейді. Оларды үш жүйеге бөледі.  
Бірінші. 
 
Мал жияды мақтанын білдірмекке, 
Көзге шұқып малменен күйдірмекке, 
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар, 
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке, - 
 
деп сыпаттайтын «мал құмар, мақтан құмар, адамды дос көрмей, малды 
дос  көретіндер».  Бұларға  Абайдың  қай  көзбен  қарағаны  «өзі  шошқа» 
деген сөзден анық аңғарылады. 
Екінші.  «Шын  момын  бай»  Абайдың  ойынша,  ол  «ырыс  баққан 
дау  бақиас»  деген  мақалмен  боламын  деп,  бергенімен  жаға  алмай, 
жарымын  беріп,  жарымын  тыныштықпен  баға  алмай,  ұры,  залым, 
қуларға жемтік боп жүргендер. «Шын момын байларды алмасаң, - дейді 
Абай  бұл  жүйелі  адамдар  туралы,-  соның  тілеуін  тілемесең  болмайды. 
Сонан  басқаны  таба  алмадым».  Бұл  сөзіне  қарағанда  Абай  аты  байға, 
байлыққа қарсы емес, біреуге зорлық қылатын байға қарсы. Зорлықсыз, 
біреудің  еңбегін  қанамай  ешкім  де  байи  алмайтынын  бұл  арада 
қайталамай-ақ қояйық. 
Үшінші.  Абай  тілімен  айтқанда,  «пысықтар».  Осы  мәселеге 
кеңірек  тоқтағымыз  келеді.  Себебі:  Абайдың  өлеңдерінде  де,  прозамен 
жазылған нақыл сөздерінде де осылардың аттары көп аталады. 
«Пысықтың» кім екенін Абай былайша баяндайды: 
 
Еңбегі жоқ еркесіп. 
Бір шолақпен серкесіп, 
Пысық деген ант шықты. 
Бір сөз үшін жау болып, 


 
85
Бір күн үшін дос болып, 
Жүз құбылған салт шықты. 
Пысық кім деп сұрасаң, 
Қалаға шапса дем алмай, 
Өтірік арыз көп берсе, 
Көргендерден ұялмай, 
Сыбырдан басқа сыры жоқ, 
Шаруаға қыры жоқ, 
Өтірік өсек мақтанға 
Ағып тұрса бейне су. 
 
Бұлар: 
 
Атым шығып жүрсін деп, 
Берекеге қас болса, 
Желіктірген айтаққа 
Арақ ішпей мас болса, - 
 
не істейді? Істейтіні: 
 
Кабаған итше арсылдап шыға келер, 
«Мен қапсам бір жеріңді бөксерем», - 
 
деп. 
Олардың  қабатындары  кімдер?  Әрине,  иесі  кімге  айтақтап  қосса, 
солар. Сондықтан да: 
 
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, 
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып. 
 
Осы  «еңбегі  жоқ,  еркесіп»  жүретін,  біреудің  айтағына  «еріп, 
әркімді  бір  қабатын  «пысыққа»  ұрсумен  қатар,  Абай  оның  осындай 
халге не себепті түсуінің сырын былайша ашады: 
 
Еңбек жоқ, харекет жоқ, қазақ кедей. 
Тамақ аңдып қайтеді тенгіремей. 
«Ет пен қымыз сықылды ас жоқ» дейді, 
Ол немене жоқтықтың әсері емей? 
Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан, 
Тәтті, дәмді іздер ең одан да арман. 
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр, 
Құлдық ұрып асайсың асы бардан. 
Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа, 
Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа, 


 
86
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, 
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа. 
 
Міне,  қайдан  кеп  шығады  шындық.  Тамақ,  екінші  сөзбен 
айтқанда,  дәулет,  байлық  кімде  болса,  күш  соның  қолында.  Тамағы 
жоққа  тамағы  барлар  тамағын  есіркеп  бермейді,  сол  берген  тамағы 
арқылы «дереу бір жұмысына жұмсау үшін» береді, «Өз пұлымен күнде 
тоятын  халі  жоқ»,  «асы  барларға  құлдық  ұрып»  «тамағын  асырайтын» 
«пысықтардың» «ит» болып «айтаққа» шабатын себебі осында. 
 
Ел қыдырып, ас ішіп, 
Еркек арын сатады, 
Бала-шаға, ұрғашы, 
Үйде жарап қатады,- 
 
деп  Абай  ол  «пысықтардың»  үй  ішінің  де  күн  көрісі  нашар  екенін 
айтады. 
Бұл  хал  «пысықтың»  ғана  трагедиясы  емес,  сол  кездегі  барлық 
замандастарының трагедиясы деп ойлаған Абай былай дейді: 
 
Жас өспірім замандас қапа қылды, 
Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды, 
Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, 
Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. 
Жамандық, жақсылықпен оған бір бәс, 
Дін ісін, құдай ісін айыра алмас, 
Арын сатып, ант ұрып іздегені - 
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас. 
Тұрлаусыздың қолынан не келеді? 
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? 
Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп, 
Сендіре алмай, сене алмай сенделеді. 
Онда оны алдайды, мүнда мұны, 
Жанын берсе, табылмас сездің шыны. 
Алты жақсы, жүз жылқы болған басы, 
Бір семіз ат болады оның құны. 
 
Тағы бір өлеңінде: 
Заман ақыр жастары, 
Қосылмас ешбір бастары, 
Бір-біріне қастыққа  
Қойнына тыққан тастары. 
Саудасы - ар мен иманы. 
Қайрат жоқ бойын тыйғалы. 


 
87
Еңбекпен етті ауыртпай, 
Құр тілменен жиғаны, - 
 
деп  әлгі  пікірін  қайталайды.  Замандастары  туралы  осындай  пікірді  көп 
өлеңіне өзек етіп, айыптаушы күшке айналдырады. 
Абайдың,  өлеңдеріне  сенсең,  өзі  мен  замандастарының  «ар, 
иманын  саудаға  салуына»,  «еңбекпен  етін  ауыртпай,  құр  тілмен  мал 
жинауына»,  «қу  тілмен  қулық  саууына»,  «терін  сатпай,  телміріп  кәзін 
сатуына» олар ғана айыпты смес, заман айыпты. 
Ол: 
Әркімді заман сүйремек 
Заманды қай жан билемек 
Заманға жаман күйлемек. 
Заманы оны илемек - 
 
дейді. Бұл қандай заман? 
Бұл  -  жоғарыда  В.  И.  Ленин  сипаттаған  1861  -  1905  жылдың 
арасындағы  заман.  Бірақ  осы  заманның  -  Россияда  капитализм  оты 
тұтанып,  арты  қалың  өртке  айналған  заман  екенін,  сол  өрттің  ұшқыны 
қазақ  даласы  сияқты  отар  елдерге  де  кеп  түскенін,  қоғам  тіршілігіндегі 
қанау-қаналудың,  содан  туған  әділетсіздіктің,  азаптың,  қайғылардың 
бәрі  сол  өрттен  екенін  Абай  ақындық  жанымен  сезсе  де,  оның  шын 
мәнін жыға түсінбеді. 
Абай  заманының  экономикалық  жағдайын,  ол  жағдайды  Абайдың 
қалай  түсінуін  осымен  доғарып,  енді  сол  заманның  саяси  халіне 
тоқтайық. 
Абайдың  шығармаларында  көп  кездесетін  кейіпкерлер  -  болыс, 
старшын,  би.  Абай  бұларға  өшіге,  жауласа,  қаламын  рақымсыз  түйрей 
жазады. Осылар кімдср? 
Бұл  сұраудың  жауабын  жоғарыдағы  бір  сөзінде  жер  қүмар,  мал 
құмар,  жалшы  құмар  байлар  туралы  Абай  айта  кеп,  «жауластық, 
дауластық,  партияластық,  осындай  тұстарда,  сөзім  өтімді  болсын  деп 
қызметке, болыстыққа, билікке  таластық» деген. 
Абайдың, бұл сөзінен қазақ байларының әкімдікке таласуы - саяси 
үстемдікке таласуы екендігі айқын көрініп тұр. 
Сондай  үстемдікке  қазақ  байлары  қалай  таласатын  еді  және 
оларды патша өкіметі қалай қолдаушы еді? 
1868  жылдың  заңы  бойынша,  қазақ  елінде  округке  бөліну 
системасы  жойылып,  оның  орнына  қазақ  елі  губернияларға,  уездерге, 
болыстарға,  старшындарға  бөлінді.  Бұларды  басқаратын  әкімдердің 
ішінде,  тек  болыстық  әкімдер  мен  старшындық  әкімдер  ғана  халықтың 
дауыс 
беруімен 
сайлануға 
тиісті 
де, 
өзгелері 
жоғарыдан 
тағайындалатын. 
Абайдың: 


 
88
Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп, 
«Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем» деп, 
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ, 
Ұлық жүр: бұл ісіңді кек көрем деп,- 
 
деуі  осыдан.  Абайдың  «сайлау  елді  бүзуға  себеп  болады»  деген  сөзіне 
қосылуға  болады  да,  ол  бұзылуды  «ұлық  кек  көрді»,  ұнатпады  деуіне 
қосылуға  болмайды,  себебі  -  оның  «ұлық»  деп  отырғаны:  орыстан  ғана 
тағайындалатын  уездіқ  я  губерниялық  әкімдер.  Одан  әрі  барсақ,  жалпы 
патша  өкіметі.  Шынында,  патша  өкіметі,  оның  қазақ  аулын  басқарып 
отырған  губерниялық  және  уездік  әкімдері,  қазақ  аулының  әкімдері  - 
старшындарды,  билерді,  болыстарды  сайлағанда,  сайлау  туралы 
шығарған заңын дұрыс жүргізді ме? 
Бұл  сұрауға  жауап  берерден  бұрын,  патша  өкіметінің  осы 
сайлауды қандай мақсатқа пайдаланғанына тоқталайық. 
Патша  өкіметінің,  әсіресе  капитализм  дәуірленен  кездегі  патша 
өкіметінің,  ұлт  пен  ұлтты  араздастырып  ұстау  саясатын  қолданғаны,  әр 
ұлттың  өз  ішін  алалықта  ұстау  саясатын  қолданғаны  баршаға  мәлім. 
Рулық 
жүйеге 
бөлінген 
қазақтың 
«алтыбақан 
ала 
ауыздығы» 
бұрынғыдан да күшейе түсті. 
1868  жылдың  заңынан  кейін  шыққан  болыстық  сайлауларда 
губерниялық,  уездік  әкімдердің  пара  алуы  шектен  асты.  Олар  параны 
жасырып  алмай,  көзге  керсетіп  алатын  болды  және  параны  кім  көп 
берсе,  қайткенде  де  ретін  тауып  соны  сайлады.  Ол  кездің  сайлауы  үш 
жылда  бір  қайталайды,  губерния  мен  уезден  де  сайлау  өткізуге  келетін 
ұлықтар,  бұл  сайлауда  параны  кеп  бергенді  сайласа,  келесі  сайлауда 
одан  артық  беретіндер  табылса,  соны  сайлап  кетті.  Қысқасы, 
сайлаушынын, сүйейтіні - параны мол бергендер. Абайдың: 
 
Бірде оны жарылғап, бірде мұны, 
Қуды ұнатты-ау Семейдін, бұл қаласы, - 
 
дейтін себебі де осында. 
Өзге  байлардан  үстем  болу  мақсатымен  болыс  болуға  тырысқан 
байлар,  сайлауға  дауыс  беретін  атқа  мінерлерді  қайткенде  өз  кісім  ғып 
алам  деп,  малын  шашып  басы  катса,  оның  сол  мал  шашуы  атқа 
мінерлердің  де  басын  аз  қатырмайды.  Атқа  мінерге  алым  керек.  Кім 
алым  берсе,  ол  -  соның  кісісі.  Дауысты  сатып  алу  ашық  саудаға  түскен 
соң,  қай  атқа  мінердің  кімге  сатылса  да  еркі.  Сондықтан  бір  рудағы 
атқа  мінерлердің  қайсысы  кімге  сатылғысы  келсе  соған  кетеді.  Бір 
ауылда  екі  атқа  мінер  болса,  екеуі  екі  жаққа  сатылуы  мүмкін,  болмаса 
аға  мен  іні,  әке  мен  бала  екі  жаққа  сатылуы  мүмкін.  Мүмкін  ғана  емес, 
шыны  да  солай  болған.  Әкесі  сайлауға  таласушылардың  бір  жағыг, 
баласы екінші жағын жақтап кеткенді өзіміздің де көзіміз керді. 


 
89
Әке  мен  бала,  аға  мен  іні,  тұқымдас,  рулас  атқа  мінерлердің  екі 
партияны жақтауы аяқсыз қалмайтын. Бұл жақтаудың арты бір ауылдың 
екі  бөлініп  қонуына,  бір  ағайынды  екі  адамның  екі  ауылға  бөлінуіне, 
әкенің  аулынан  баласының  көшіп  кетуіне  себеп  болды.  Олар  кей  кезде 
іргелесін  бөлектеумен  ғана  қанағаттанып  қалған  жоқ.  Осы  араздықтан 
бірінің-бірі  малын  барымталау,  қонысын  тартып  алу,  жанжалдасу, 
төбелесу,  кісі  өлу,  өтірік  жаламен  де,  шын  қылмысымен  де  абақтыға 
жаптыру, жер аударту, берген қыздарын қайтып алу, қыз-келіешектерін 
ұрласу... Абайдың заманында қазақ елінің дертіне айналып кеткен. Осы 
халдің бәрі де Абайдың шығармаларынан кең орын алады. 
 
Болды да партия, 
Ел іші жарылды, - 
деуі, 
 
Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып, 
Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып, - 
 
деуі замана шындығы екені аян. 
Заманның  саяси-экономикалық  халінен  қазақ  аулында  пайда 
болған  осындай  мінезді  адамдардың  бәріне  Абай  «пысық»  деген  ат 
қойып, олар туралы пікірін былай қоры тады:  
 
Мал мен бақтың дұшпаны, 
Кеселді пысық көбейді. 
Күшік иттей үріп жүр, 
Кісіден кеммін демейді... 
Қызмет қылған кісісін 
Құрытуға таяйды. 
Қылып жүрген өнері, 
Харекеті - әрекет, 
Өзі оңбаған антұрған, 
Кімге ойлайды берекет? 
Кімді ұялып аяйды? 
Расы жоқ сөзінің, 
Ырысы жоқ өзінің, 
Өңкей жалған мақтанмен, 
Шынның бетін бояйды. 
Бұл сөзімде жалған жоқ, 
Айтылмай сөзім қалған жоқ, 
Абайлаңыз, байқаңыз 
Елдің жайы солай-ды. 
 
Ондай пысықтардың не көздейтінін Абай: 


 
90
 
Ар мен ұят ойламай тәнін асырап, 
Ертеңі жоқ бүгінге болған қүмар, - 
 
деп  түйеді  де,  өзінің  замандастары  туралы  мынадай  зілді  қорытынды 
жасайды: 
 
Дос, жарың, ағайының бәрі екіұшты, 
 Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.  
Сүйсе жалған, сүймесе аямаған, 
Бұл не деген заманға ісім түсті! 
 
«Пысықтарды»  сатып  алып  болыс,  би  я  старшын  болатындар 
ақшаны  желге  шашпаған.  Есеппен  шашқан:  сайлау  өтісімен,  келесі 
сайлауға  шейін  олар  өткен  сайлауда  шығарған  ақшасын  «елден» 
жиюмен  және  еселеп  жиюмен  шұғылданады.  «Елден»  деген  сөзді 
тырнақшаның  ішіне  алатын  себебіміз:  әкімдерге  шығын  төлейтіндер 
жалпы  ел  емес,  оның  ішінде  момындар  ғана.  Келесі  сайлауда  қарсы 
шығар  деп  қауіптенетін  «пысықтар»  мен  байларға  әкімдер  тимейді. 
Абайдың тұрғыласы Шортанбай ақынның қазақ кедейін: 
 
Аш-жалаңаш бейнетпен, 
Жүдеп, арып талады. 
Бір ешкісі бар болса, 
«Шығын» деп тілмаш алады. 
Ол «шығынын» бермесе, 
Төбесін тілмаш ояды. 
Кедейге салып шығынды, 
Араны бидің тояды. 
Қағаздатып бұзауын 
Ноғайына
1
 қояды, 
Кедей қайтіп күн көрер: 
Борышқа белден батады, 
Жалғыз сиырын сатады, - 
 
деп  сипаттауы  сондықтан.  Абайдың  өзі  де  ол  әкімдерді  «қазақты  жеген 
қайратты ер» деп кекетеді. 
Абай  заманындағы  ауылда  таласпай  сайланатын  әкім  жоқ, 
Парасыз  талас  жоқ.  Паралы  таласта  бай,  әсіресе  ақшалы  бай,  жеңеді. 
Бірақ  осы  жеңіп  әкім  болғандардың  қандай  екенін  айқын  көрсету  үшін 
Абайдың  «Болыс  болдым  мінекей»  деген  сатирасына  ерекше  тоқталған 
жөн,  өйткені  ол  «пысықтар»  мен  «атқа  мінерлердің»  қай  тұрпаттағы 
адам екендігін айна қатесіз көрсетеді: 
 


 
91
Болыс болдым мінекей, 
Бар малымды шығындап. 
Түйеде қом, атта жал, 
Қалмады елге тығындап. 
Сөйтсе-дағы елімді 
Ұстай алмадым мығымдап, - 
 
деп өкінеді. Неге олай өкінетінін ол болыстың өзі былайша баяндайды: 
Кәкір-шүкір, көр-жерді. . 
Пайда көріп ептеймін, 
Мынау арам, тентек деп, 
Еш кісіні теппеймін. 
Өзімдік бол деп ел жиып, 
Бұзақының бүлігін 
«Жақсы ақыл» деп «құп» деймін... 
 
Ел  басқару  тәртібі  осындай  болған  соң,  болыс  өзінің  келешегіне  
сенбеуін былайша баяндайды: 
 
Қайтіп көмек болады. 
Ант ұрған өңкей ұры-қар? 
Көргенім әлгі, ойлашы,- 
Ұят, намыс, қалды ма ар? 
Енді сайлау болғанда, 
Түсе ме деп тағы шар?! 
Бұл күніме бір күні 
Боламын ғой деймін зар. 
 
Осындай қауіпке түскен болыс: 
 
Ел жайылды, жетпей ме 
Оязға да бір хабар? 
Араны бидің тояды. 
Қағаздатып бұзауын  
Ноғайына қояды, 
Кедей қайтіп күн көрер: 
Борышқа белден батады, 
Жалғыз сиырын сатады, - 
«Тағы бүйтіп кеттің» деп, 
Қозғау салар, қолға алар. 
Қатты қысым қылған соң,   
Басым сотқа айналар, 
Кірлі болып түскен соң, 
 
Көрген күнім не болар, -   


 
92
 
деп  үрейленеді,  Өзіне  де,  еліне  де  сенбейтін,  ел  басқарудың  өнерін 
білмейтін  мұндай  болыстардың,  өзінен  үлкен  ұлықтың  алдында  өзін 
қалай  ұстайтынын  Абай  сол  болыстың  өз  аузымен  былайша 
сипаттайды: 
 
Күштілерім сез айтса, 
Бас изеймін шыбындап... 
Жай жүргенде, бір күні  
Атшабар келді лепілдеп, 
«Ояз шықты. Сыяз бар», 
«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп, 
Сасып қалдым, күн тығыз, 
Жүрек кетті лүпілдеп, 
Тың тұяқ кезім, сөйтсе де 
Карбаңдадым өкімдегі. 
«Ат жарамды, үй жақсы 
 Болсын, бәрің күтін» деп, 
Қайраттанып халқыма, 
Старшын, биді жиғыздым, 
«Береке қыл» деп, «бекін» деп, 
Сөз айтып жүрмін күпілдеп: 
«Құдай қосса жұртымның 
 Ақтармын осы жол сүтін» деп. 
 
Ояз  келер  деп  осылай  сасқан  болыс,  ояз  келгенде  қандай  халде 
болғанын мына сөздерімен кәрсетеді: 
 
Күн батқанша шабамын, 
Әрлі-берлі далпылдап, 
Етек кеткен жайылып  
Ат көтіне жалпылдап. 
Оязға жетсін деген боп, 
Боқтап та жүрмін барқылдап, 
Кейбіреуге таяғым, 
Т иіп те кетті бартылдап, 
Пысықтың көбі бүғып жүр, 
Беттесе алмай шаңқылдап, 
Ашылып омырау, күн ыстық, 
Қойын кетті алқылдап 
 
Осынша  үрейленген  болыстың  оязға  жолыққанда  не  бітіретіні 
оның мына сөзінен көрінеді: 
 
Оңашада оязға. 


 
93
Мақтамаймын елімді, 
Өз еліме айтамын 
«Бергенім жоқ, - деп, - белімді». 
Мақтанамын кісімсіп, 
Оязға сөзім сенімді. 
 
Ел  басқару  әдісін  де,  өзінен  жоғарғы  әкімге  жағыну  әдісін  де 
білмеген мұндай болыстардың келетін қорытындысы: 
 
Ақыл айтар туғандар, 
Бұл сезімді ойлаңдар, 
Каталашка көбейді, 
Сөгіс естіп тозды ажар, 
Мынау елді ұстарлық 
Кісі емеспін, кел, құтқар! 
 
Бұндай  қорытындыға  келетіндер  болыс  атаулының  бәрі  емес. 
Олардың  ішінде  елді  қатал  ұстау  арқылы  бұқтырудың,  жоғарғы 
әкімдерге  жағыну  арқылы  панасында  болудың  неше  түрлі  айласын 
білетіндер  де  аз  болмаған.  Қазақтың  әр  руынан  табылатын  «40  жыл 
болыс  болғандар»  немесе  «болыстығы  атадан  балаға  көшкендер»  Абай 
сипаттаған болыстан басқа сипаттағылар. Олар да Абайға мәлім. 
Абай  осының  екеуін  де  ұнатпайды.  Ояздың  алдында  қадірі  жоқ 
болысты  ол  жоғарыда  мысалға  алған  «Болыс  болдым  мінекей»  деген 
өлеңінде сықақтаса, оязға жағымды болыс туралы былай дейді: 
 
Мәз болады болысың, 
Арқаға ұлық қаққанға, 
Шелтірейтіп орысың 
Шенді шекпен жапқанға... 
Оқалы тон тола ма 
Ар-ұятын сатқанға? 
Куанарлық қыз емес, 
Жылтырауық таққанға... 
Осы да есеп бола ма, 
Ар, абұйыр тапқанға? 
Миың болса, жолама 
Бос желігіп шапқанға... 
Жайы мәлім шошқаның, 
Түрткенінен жасқанба 
 
Бұндайларды  «ар-ұятын  сатқан...  шошқа»  деп  неге  атайтындығын 
Абай  насихат  сөздерінде  былайша  толықтырады.  «Ол  болыс  болғандар, 


 
94
өзі  болыстыққа  қулық,  арамдықпен  жеткен  соң  момынды  қадірлемейді, 
өзіндей арам қуларды қадірлейді. 
Осы  күнде  қазақта  «ісі  білмес,  кісі  білер»  деген  мақал  шықты. 
Оның 
мәнісі: 
ісіңнің 
түзулігінен 
жетпессің, 
кісінің 
амалшы, 
айлалығынан жетерсің деген сөз». 
Өз  тұсындагы  болыс  атаулының  бәріне  наразылығын  біз  Абайдың 
барлық шығармаларынан да айқын көреміз. Ол бір шығармасында: 
 
Елі жөнді болыстар, 
Мақтанып жүр тарқылдап, - 
 
дегенмен, 
осы 
пікірін 
өзге 
шығармаларының 
ешбіреуінде 
қайталамайды. Оның барлық шығармаларында қайталайтыны күштілері 
сөз айтқанда, бас изеп шыбындайтын, ар-ұяттан безген, әділдікке қадам 
баспай, ұры-қарымен табақтас болып, жөнсіздікті жен көрген болыстар. 
Өз  заманындағы  жалпы  өкімет  билеу  системасын  яғни  патша 
өкіметін  өзгерту  керек  деген  пікірге  келе  қоймаған  Абайдың  «алыс-
жақын 
қазақтың 
бәрін 
көргенде», 
барлық 
жерде 
кездестірген 
қиянатшыл әкімдерден ауылды құтқаруға ұсынатын жолы қайсы? 
Бұл  сүраудың  жауабын  Абайдың  езіне  айтқызып  көрейік.  Ауыл 
әкімдерінің  яғни  старшын,  би,  болыстардың  елді  рақымсыз  жәбірлеуін 
баяндай  кеп,  Абай  былай  дейді:  «Осы  қазақ  халқы  осылай  жылдан-
жылға  төмендеп,  бұзықшылық  та  тарап  бара  жатқан  соң,  менің  ойыма 
келеді: 
Қазақтың  болыс  сайлаймын  деген  кісісі,  пәлен  дәрежелі,  орысша 
образование  алған  кісі  болсын.  Егер  де  орталарыңда  ондай  кісі  жоқ 
болса  яки  бар  болса,  жоғарғы  ұлықтың  атауымен  назначениемен 
болады десе, бұл халыққа пайдалы болар ма еді деймін. Оның себебі, ол 
қызмет құмар қазақ балаларына оқу-білім алуға о да пайдалы іс; екінші, 
атаумен  болған  болыстар  халыққа  міндетті  болмас  еді,  ұлыққа  міндетті 
болар  еді.  Атаумен  сайлау  қылғанда,  тергеу  мен  сұрауының  барлығына 
қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлкім жоғалар еді». 
Орысша образованиесі бар адамды болыстық әкім сайлаудан, егер 
ел  сайламаса,  назначениемен  тағайындаудан  Абайдың  екі  мақсаты 
барлығын көріп отырмыз: біреуі - орысша оқыған адамнан әділдік күту, 
екінші  -  оны  көріп,  өзге  қазақ  балалары  да  орысша  оқыр  еді  деп 
дәмелену. Абайдың осы ойларын біраз талқылап көрейік. 
Бірінші,  орысша  оқыған  кісі  сайлансын,  я  тағайындалсын  деген 
пікірді  Абай  неге  айтады?  Оның  айтатын  себебі:  Абай  заманында 
болыстыққа  таласып  сайланатын  қазақтардың  жүзден  тоқсан  тоғызы 
орысша  сауатсыз  десек  қателеспейміз.  Олардың  көпшілігі  сауат  түгіл, 
орыстың тілін де білмейді. 
Ол  кездің  заң-законы  орыс  тілінде  ғана  жазылады.  Кеңсе 
жүмыстары орыс тілінде ғана жүреді. Орыс тілін білмейтін, орысша хат 


 
95
танымайтын  болыс  жоғарыдан  келген  бұйрық-жарлықты  өзі  де 
түсінбейді,  басқарып  отырған  еліне  де  түсіндіре  алмайды.  Ел  мен 
өкіметтің  арасындағы  дәнекер  сияқты  болыстың  мұндай  халде  болуы 
шыдарлық қылық емес. Тілмаш арқылы ұлықпен сөйлесуде мән шамлы, 
өйткені  екі  жақ  та  құр  нобайын  түсінгенмен,  шын  мәнін  аңғармайтын. 
Сондықтан  да  ұлыққа  жағу  үшін  болыстар  әйтеуір  үкімет  кәріне 
ілікпеуді  көздеп,  өз  еліне  әңгір  таяқ  ойнатуды  ғана  білетін.  Абайдың 
орысша оқыған кісі болыс болсын дейтін бір себебі осы. 
Екінші, Абайдың ұғымында: 
 
Біреуден біреу артылса, 
Өнер өлшеніп тартылса. 
Оқыған, білген - білген-ақ. 
Надан - надан-ақ сан қылса. 
Оқыған білер әр сөзді, 
Надандай болмас ақ көзді, 
Надан жөндіге жөн келмей. 
Білер қайдағы шәргезді. 
 
Абайдың  бұл  арада  «оқыған»  деп  отырғаны  мұсылманша  оқыған 
емес,  орысша  оқыған  адам;  олай  дейтін  себебіміз:  Абайдың  түсінуінде 
«хикмет  те,  мал  да,  өнер  де,  ғылым  да,  бәрі  де  орыста  тұр».  Бұл 
мәселеге, 
Абайдың 
ағартушылық 
пікірін 
талқылағанда 
толық 
тоқтаймыз.  Бұл  арада  айтайын  дегеніміз:  Абай  мұсылманша  оқуды  дін 
үшін ғана қажет деп үғады, дүниеде жақсы тіршілік жасауға керекті оқу 
-  орыс  оқуы  деп  біледі.  Оның  ойынша,  орысша  оқыған  кісінің  сана-
сезімі  жоғары  болады,  олай  болса,  орысша  оқығандардан  сайланған 
болыстар сауатсыз надан болыстардай қиянаттылыққа бармайды. 
Үшінші,  орыста  мемлекеттік  тәртіп  бар  екенін  көрген  Абай,  егер 
орысша  оқыған  қазақ  болыс  сайланса,  сондай  тәртіп  қазақ  арасында  да 
орнар  еді  деп  үміттенеді.  Оның:  «Егер  мұндай  болыстар  сайланса, 
«өтірік  арыз  берушілер  азаяр  еді,  бәлкім  жоғалар  еді»,  -  деуі  де 
сондықтан.  Абайдың:  «Ондай  болыстар  халыққа  міндетті  болмас  еді, 
ұлыққа  міндетті  болар  еді»,  -  деуінен,  орысша  оқығандардан  сайланған 
болыстар  халық  қамын  ойламай,  ұлыққа  ғана  жақсын  деген  мағына 
шықпайды.  Оның  бұл  арада  «халық»  деп  отырғаны  -  еңбегімен  күн 
көріп  жүрген  момындар  емес,  еңбексіз  күн  көретін,  әрі  момындарды 
жеу, әрі байларды жалынышты қылу қолынан келетін «пысықтар». Егер 
орысша  оқыған  кісіні  Абай  ұсынған  жолмен,  жоғарғы  ұлықтар 
сайлаусыз, назначениемен тағайындаса, ондайлар «пысықтарға» тәуелді 
болмайды  да,  олардың  ырқына  жүрмейді.  Сөйтіп,  олардың  елге 
көрсететін қиянатын тежейді. 
Төртінші,  Абайдың  ұғымында,  өкімет  басындағы  адам  өз  елінің 
жетекшісі  ғана  емес,  өктемшісі  де.  Абай  өкімет  басындағы  адамның 


 
96
қолындағы  өкімін  қиянатқа  жұмсалуына  қарсы  да,  жақсылыққа 
жұмсауына  қарсы  емес.  «Қазаққа  ақыл  берем,  түзетем  деп  қам  жеген 
адамға, - дейді Абай, - екі түрлі нәрсе керек; бірінші - зор әкім болу. Ол 
әкім  үлкендерін  қорқытып,  жас  балаларын  еріксіз  қолдарынан  алып 
медреселерге  беріп,  бірін  ол  жолға,  бірін  бұл  жолға  салып,  дүниеде 
есепсіз  көп  жолдар  бар,  сол  әрбір  жолда  бір  медресе  бар,  соларға 
тоздырып,  бірін  «сен  бұл  жолды  үйрен,  сен  бұл  жолды  үйрен»  деп 
жолға  салып,  мұндағы  халыққа  шығынын  төлетіп  жіберсе,  хәттә 
қыздарды  да  ең  болмаса  мұсылман  ғылымына  жіберіп,  жақсы  дін 
танырлық  қып  үйретсе,  сол  жастар  жетіліп,  бұл  аталары  қартайып 
сөзден қалғанда, түзелсе болар еді». 
Қазаққа  орыс  білімін  берудегі  Абайдың  мақсаты  қазақты  орыспен 
мәдениет  мәселесінде  ғана  теңестіру  емес,  саяси  және  хұқұқ  (право) 
жағынан  да  теңестіру.  Орыстан  тағайындалатын  жоғарғы  ұлықтарға 
қазақтың  оқымаған  надан  болыстарының  не  үрейленіп  жолай 
алмайтынын,  не  ондайлардың  ұлықтар  шенді  шекпен  жауып,  арқасына 
қаққанына  мәз  болатынын  Абай  қатты  сөгеді.  Өзінен  зор  ұлықтың 
алдында  кісілік  бейнесін  жоғалтып  жалпақтайтын  болыстар  туралы 
Абай тағы да былай дейді: 
«Жорғалықпен  (жоғарғы  ұлықтың)  көңілін  алсам  екен  деген 
(қазақтан  болыс  сайланған)  надан,  әке-шешесін,  ағайын-жұртын,  дінін, 
адамшылығын  (ұлық)  жауырынан  бір  қаққанға  сатады...  Орыстың 
ғылымы,  өнері  -  дүниенің  кілті...  Бірақ,  осы  күнде  орыс  ғылымын 
баласына  үйреткен  жандар,  соның  қаруымен  тағы  қазақты  аңдысам 
екен дейді. Жоқ, олай ниет керек мес, малды қалай адал еңбек қылғанда 
табады  екен,  соны  үйретейін,  мені  көріп  жаңа  үйренушілер  көбейсе, 
ұлықсыған  орыстардың  (чиновниктерін  айтады.-С.  М.)  жұртқа  бірдей 
закүні  болмаса,  закүнсіз  зорлығына  көнбес  едік.  Қазаққа  күзетші 
болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт болудың қамын 
жейік деп, ниеттеніп үйрену керек». 
«Балаңа  қатын  әперме,  -  дейді  Абай  замандас  қазақтарына,  -  енші 
берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет». 
Осы  арада  Абайдың:  «Осы  күні,  орыс  ғылымын  баласына 
үйреткен  жандар,  соның  қаруымен  тағы  қазақты  аңдысам  екен  дейді» 
деген  пікіріне  біраз  тоқталып,  оны  әбден  толықтыра  түсу  үшін 
Абайдың өлеңдеріне жүгінейік. 
 
Интернатта оқып жүр, 
Талай қазақ баласы, 
Жаңа өспірім, көкөрім, 
Бейне қолдың саласы. 
Балам закон білді деп, 
Қуанар ата-анасы... 
Орыс тілі, жазуы 


 
97
Білсем деген таласы. 
Прошение жазуға 
Тырысар, келсе шамасы. 
Ынсапсызға не кереқ 
Істің ақ пен қарасы, 
Нан таппаймыз демейді, 
Бүлінсе елдің арасы... 
Аз білгенін көпсінсе. 
Көп қазаққа епсінсе 
Кімге тиер панасы? 
Орыс теріс айтпайды, 
Жаман бол деп оларды, 
Қаны бұзық өзі ойлар, 
Қу менен сұм боларды. 
Орыста қалар жаласы, 
Бұл іске кім виноват? 
Я Семейдің қаласы? 
Я қазақтың аласы? 
 
Абайдың  байқауынша,  «бұл  іске  Семейдің  қаласы  да,  қазақтың 
аласы  да  виноват».  Семей  қаласының  «виноват»  болатын  себебі:  бірде 
оны,  бірде  мұны  жақтап,  қуды  үнатады;  екінші  сөзбен  айтқанда,  ел 
арасына  іріткі  сап,  бірімен-бірін  жауластыратын  Семейдегі  уездіқ 
губерниялық 
ұлықтардың 
өздері. 
Сол 
ұлықтар 
араздастырған 
ауылдардың  байлары  мен  «пысықтары»  бірінің  үстінен  бірі  өтірікті-
шынды  арыздарды  жаудырады.  Оған  әлгі  «интернатта  оқып  жүрген», 
«прошение  жазуға  тырысатын»  қазақ  жастары  жәрдемдеседі.  Оларды 
«прошениеге»  «қаны  бұзық  сұм-сұрқия  болуға»  баулитын  Семейдің 
әкімдері  ғана  емес,  «ата-анасы  мен  ағайын-туғаны  да  бір  жағынан 
бұзады». 
Бұл сияқты ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін 
емес,  араздастыру  үшін  оқитын,  ойында  «я  тілмаш,  я  адвокат  болу» 
жүрген  қазақ  балаларына  Абай  қарсы.  Бірақ  бұлардың  «қаны  бұзық 
сұм-сұрқия  болуына»  орыстың  оқуы  айыпты  емес,  өскен  ортасы,  сол 
ортаның бұзық мінезін қабылдаған өздері айыпты. Абай оларға: 
 
Ойында жоқ бірінің 
Салтыков пен Толстой,- 
 
деп ұрсады. Абай оларға ұрсумен ғана қанағаттанбайды. Ол: 
 
Ақылы кімнің бар болса, 
Демес мұны тілі ащы. 
Айтыңызшы, болсаңыз 


 
98
Здравомыслящий! 
Ақыл айтпай ма ағасы? – 
 
деп  ақыл  айта  бастайды.  Оның  жастарға  ең  алдымен  айтатын  ақылы  - 
талапты болу. Ол: 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге,- 
 
дейді  де,  осы  «талап  қыл»  деген  сөзін,  насихат  сөздерінде  кеңейтіп 
былай  дейді:  «Білім-ғылым  үйренбекке  талап  қылушыларға  әуелі 
білмек  керек.  Талаптың  өзінің  біраз  шарттары  бар,  оларды  білмей 
іздегенмен  табылмас.  Әуелі  ғылым-білім  табылса,  ондай-мұндай  іске 
жаратар  едім  деп,  дүниенің  бір  қызықты  нәрсесіне  керек  болар  еді  деп 
іздемеске керек. Оның себебі: білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық 
болып,  бір  ғана  білмектің  өзін  дәулет  білсең  және  әрбір  білмегеніңді 
білген  уақытта  көңілде  бір  рақат  хұзур  хасил  болды.  Сол  рақат 
білгеніңді  берік  ұстап,  білмегеніңді  тағы  да  сондай  білсем  екен  деп 
үміттенген  құмар,  махаббат  пайда  қылды.  Сонда  әрбір  естігеніңді, 
көргеніңді көңіл ұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады. 
«Егер дін  көңілің өзге  нәрседен болса, білім-ғылымды бірақ соған 
себеп қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі, асырап 
алған  шешенің  мейірімі  секілді  болады;  бастапқыдай  болғанда,  тапқан 
шешеңнің  мейірімі  секілді  болады.  Адамның  көңілі  шын  мейірленсе, 
білім-ғылымның
 
өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». 
Ғылым  іздеудің  жолы  -  жарыстың  жолы  деп  ойлаған  Абай, 
ғылымға  жарысушыларға  мынадай  ақыл  айтады:  Білмек  үшін  үйренбек 
керек  бақасқа  (жарысқа  деген  мағынада.-С.  М.)  бола  үйренбе,  азырақ 
бақас  көңілді  пысықтандырмақ  үшін  залалды  емес,  көбірек  бақас 
адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі: әрбір бақасшыл адам хақты 
(шындықты.-С.  М.)  шығармақ  үшін  ғана  бақас  қылмайды,  жеңбек  үшін 
бақас  қылады.  Ондай  бақас  хұсідшілікті  зорайтады,  адамшылықты 
зорайтпайды, бәлкім, азайтады». 
Үлгісіз,  жетектеушісіз,  құрғақ  талаппен  адамның  ғылымды 
меңгере  алмайтынын  Абай  жақсы  біледі.  Сондықтан  ол  қазақтың  оқуға 
талабы бар жастарына: 
 
Ғалым болмай немене, 
Балалықты жеңсеңіз. 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Бір ғалымды керсеңіз. 
«Ондай болмақ қайда» деп 
Айтпа, ғылым сүйсеңіз, 
Дүние де езі, мал да езі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,- 


 
99
 
дсген  ақыл  айтады.  Тіршіліктің  рақатына  қажетті  ғылым  Европада, 
әсіресе  орыста  деп  ұққан  Абай  оларды  «дін  ұстазымыз  емес,  дүние 
басшымыз»  деп  есептейді  де,  оларға  «хакімдер»  деген  ат  қойып  былай 
дейді:  «Бұл  хакімдер  ұйқы-тыныштық,  әуес-қызықтың  бәрін  қойып, 
адам  баласына  пайдалы  істер  қылмақта,  яғни  электрді  тауып,  аспаннан  
жайды  бұрып  алып,  дүниенің  бір  шетінен  қазір  жауап  алып  тұрып,  от 
пен  суға  қайласын  тауып,  мың  адам  қыла  алмастай  қызметтер  істетіп 
қойып  тұрғандығы,  оның  бер  Жағында,  адам  баласының  ақыл-пікірін 
ұстартып,  хақ  пенен  батылдықты  айырмақты  үйреткендігі,  баршасы 
нефығлық  (пайдасы.-С.  М.)  болған  соң,  біздің  оларға  міндеттілігімізде 
дау жоқ». 
Орысша  оқыған  қазақ  жастарына  Абай  осы  «хакімдердей»  ғалым 
бол дегенді ұсынады. Ол: 
 
Военный қызмет іздеме 
Оқалы киім киюге, 
Бос мақтанға салынып, 
Бекер көкірек керуге, - 
 
деп, сыртын жылтыратумен мәз болып, іші халыққа жат болудан: 
 
Қызмет қылма оязға, 
Жанбай жатып сөнуге. 
Қалай сабыр қыласың, 
Жазықсыз кунде сөгуге? – 
 
деп  тілмаштыққа  құмартудан  қазақтың  орысша  оқыған  жастарын 
сақтандырады. Оның айтар ақылы: 
 
Алыс та болса, іздеп тап 
Кореннойға кіруге. 
 
Бұл  -  Абайдый,  оқығандарға  тілмаш  сияқты  қосаққа  ерген 
«жандайшап»  болма,  түпке  жегілетін,  екінші  сөзбен  айтқанда,  біреудің 
жүгін сүйресетін емес, жүкті өзің сүйрейтін бол деген ақылы.  
«Кореннойға» жегіл дегенде, Абайдың ұсынатын қызметі екеу. 
Біріншісі:  
 
Я байларға қызмет қыл, 
Ерінбей шауып желуге; 
Адал жүріп, адал тұр, 
Счетың тура келуге 
Жаныңа жақса, соңынан 


 
100
Жалқауланба еруге. 
Қисық болса, закон бар 
Судьяға беруге. 
 
Екіншісі: 
Я өз бетіңмен тәуекел, 
Занимайся прямотой, 
Жеңіл көрме, бек керек 
Оған да ғылым, оған да ой. 
Екеуі  де  ашық  пікір:  «байларға  қызмет  қыл»  дейтін  себебі:  завод, 
фабрика,  сауда  солардың  қолында,  байлық  соларда,  сондықтан  кәсіп 
қып  мал  табам  деген  кісі  оларға  соқпай  кете  алмайды.  «Байға  қызмет 
қылғысы» келмеген адамға Абайдың: 
 
Я өз бетіңмен тәуекел, 
Занимайся прямотой, - 
 
деген ақыл бергенде айып отырғаны: 
 
Егіннің ебін, 
Сауданың тегін 
Үйреніп, ойлап, мал ізде. 
 
Яғни  егіннен  қалай  мол  өнім  алудың,  сауданы  қалай  ұтымды 
жүргізудің  амалын  білсең,  байға  қызмет  қылмай-ақ,  өз  бетіңмен  өнерлі 
шаруа жасап алуың мүмкін. 
Абайдың қорытынды ақылы: 
 
Бір ғылымнан басқаның 
Кеселі кеп асқанға. 
Олай болса: 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға кеңіл берсеңіз. 
 
«Дүние  де,  мал  да  өзінен  табылатын»  осы  ғылымды  Абаймен 
замандас қазақтардан ізденетіндер кімдер? 
Бұл сұраудың жауабын да Абайдың өзіне бергізейік. 
 
Амалдап қарағайды талға жалғап, 
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап. 
Мақтан қуған мал құмар нені үға алсын, 
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап. 
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап, 
«Қусын» десе қуанып жүр алшаңдап. 


 
101
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп, 
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап». 
Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап, 
Терең ой, терең ғылым іздемейді, 
Өтірік пен есекті жүндей сабап. 
 
Бұлар Абайдың тілімен айтқанда, қазақтың: 
 
Еңбегі жоқ еркесіп, 
Бір шолақпен серкесіп... 
Қызмет қылып мал таппай, 
Ғылым оқып ой таппай... 
Ел қыдырып, ас ішіп, 
 
арын  сататын  «пысықтары»,  Абайдың  ойынша,  бұлардың  ішінен 
«мыңнан бірі болмаса», «оқы, ғалым бол» деген сөзді ұғары жоқ. 
Қазақтың  байлары  туралы  Абайдың  айтатыны:  «Олардың  діні, 
құдайы,  халқы,  жұрты,  білімі,  ұяты,  ары  -  бәрі  мал.  Сөзді  қайтіп  ұқсын 
және ұғайын десе де қолы тие ме: суармақ, тойғызбақ, саудасын жимақ, 
күзеттірмек  бақтырмақ,  ұры-бөрі,  қыс,  суық-сұғанақ,  -  солардан 
сақтамақ, солардан сақтарлық кісі таппақ». 
Абайдың  байқауынша,  мұндай  байлардың  ғылым  үйренуге  «қолы 
тимейді».  
Қазақтың  «пысықтары»  мен  байларының    ғылымға  көзқарасы  осылай 
деп  ойлаған  Абайдың  кедейлер  туралы    айтатыны:  «Қой  жүнді  қоңырлар 
күнін де көре алмай жүр».  
Олай  болса,  қанша  «оқыңдар,  ғалым  болыңдар»  дегенмен,  оның  бұл 
ақылын  іске  асыратын  кісі,  Абайдың  ойынша,  өзімен  замандас    қазақ 
арасында жоқ. 
Бұлай  «жоқ»  болудың  объективтік    бір  жағдайы  барын  Абай  ешбір 
шығармасында    айтпайды.    Ол  жағдай  –  Абай  заманындағы  қазақ  елінің 
отарлық  халі.  Отарланып  отырған  қазақтың  я  басқа  елдердің  арасына    білім 
таратайын,  мектептер  ашайын,  оқытайын  деген  мақсатты    патша  өкіметі 
алдына қойған емес. 
Ұлттық  мектеп  жоғын  еске  алып,    қазақтың  тіршілігін  өркендетуге 
себепкер    болатын  оқу  деп,  патша  өкіметінің  алдында,  қазақ  балаларын 
орысша  оқыту  туралы    мәселе  көтерген  кісі    -  қазақтың  атақты  ғалымы  
Шоқан  Уәлиханов.  Шоқанның  іске  асыра  алмай  кеткен  бұл  арманын,  оның 
тетелес рухани інісі  Ыбырай Алтынсарин жүзеге асырды. 
Ең  алдымен,  Шоқан  мен  Ыбырайдың  патша  өкіметінен    «  Қазақ 
балаларына  арнаулы  орыс  школасын  аш»,  -  деп  өтінуі  балаларды  ғылымға 
баулитын қазақтың ұлттық мектебі жоқтығынан  ғана емес,  қазақ балаларын 
орыс  школаларына    бірен-сарандап  қана  алып,  көпшілігін  алмағандықтан. 


 
102
Сондаықтан Шоқан мен Ыбырай  «егер қазақ балалары үшін арнаулы школа 
ашылса, балалар көбірек тартылар еді» деген мақсатты көздеген. 
Екінші,  патша  өкіметі,  қазақ  арасынан  өзіне  қызметкер  даярлау 
мақсатымен,  XVIII-XIX    ғасырларда  орыс  школасында  аздаған  қазақ 
балаларының  оқуына  рұқсат  еткенмен,  өкіметпен  қатынасы    бар  хан 
тұқымдары  мен  бірен-саран  бектер  болмаса,  ислам  дінінің  әсеріндегі  өзге 
қазақтар,  осы    оқудан  қашқан.  Патша  өкіметінің  уездік  және  губерниялық 
әкімдері    қадағалап  сұраған  кезде,  қазақтың  надан  байлары  жалшыларының  
балаларын  я  жетімдерді  ұстап  берген.  Абайдың:  «Қайдағы  кедейдің 
балаларын орысқа қорлап  береді»,- дейтіні осыдан. 
Үшінші, Ыбырай Алтынсариннің қадағалап сұрауымен,  ХІХ ғасырдың 
60-жылдарынан 
 
бастап, 
патша 
өкіметі 
ашуға 
рұқсат 
берген 
Русско-киргизский  деп  аталған        школалар    Батыс  Қазақстанның  және 
бұрынғы Торғай облысы атанған елдердің уездік қалаларында ғана ашылған. 
Бұл  школалар  өзге  қазақ  облыстарының   балалары  түгіл,    сол  екі  облыстағы  
қазақ  балаларының    жүзден  бірін  ғана  орналастырған.  Оған  Ыбырай 
Алтынсариннің  1884    жылы    30  сентябрьде    Оқу  министрлігіне    жазған 
запискасының мына жері куә:  «300 мың халқы бар Торғай облысында  бес-ақ 
училище  бар, олардың да төртеуі  екі класты ғана, біреу-ақ қолөнер кәсібінің 
(ремесленное)    школасы.  Бәрін  қосқанда  оқитын  баланың  саны  екі-ақ  жүз». 
Алтынсариннің  бұл  запискасында    қойылып  отырған  екі  мәселеге  көңіл 
аудара кетейік: 
1.  Бүкіл  Торғай  облысында  қазақ  балаларына  арналып    ашылып 
отырған  бес  училищенің  төртеуі  екі-ақ  класты  деп  Алтынсарин  жай  айтып 
отырған  жоқ.    Алты  жыл  ғана  оқытатын  бұл  екі  класты  школадан,  қазақ 
балаларының  алып  шығатын  мамандығы  -  учительдік.  Өздері  оқып  шыққан 
школада  олар,  әрине,  учитель  бола  алмайды;    орыстың  бастауыш 
школаларына    сабақ  беруге  тілдері  де  ,  білімдері  жетпейді,  қазақ 
ауылдарында  олар  бала  оқытатын    бастауыш  школа  жоқ.  Олай  болса  екі 
класты  училищені    бітіріп  шыққан  қазақ  балаларына      білімін  пайдаға 
асыратын  орын  жоқ.      Сондықтан  да  Алтынсарин    осы  запискасында  
өкіметтен  қазақ  болыстарында    орысша  бастауыш  школалар  ашуды  өтінеді. 
Оның  бұл  өтінішін    өкімет  1888  жылы  ғана  еске  алып,  Торғай  облысына 
қарайтын  25  облыстағы    қазақ  елінің  бес  болысына  ғана  бір-бір    бастауыш 
мектеп ашуға рұсат берген. 
2.  Жоғары  а  аталған  запискасында  Алтынсарин  оқу  министрлігінің  
алдына қазақ аулына аты школа ғана емес, учительдік бағыттағы школа ғана 
емес,  қолөнер  кәібінің  школасын  көп  ашуды  өтінеді.    Бұл  Алтынсариннің 
төрт аяқты  мал бағумен шұғылданған қазақты өнеркәсіпке  тарту мақсатына 
туған пікір.  Абай да осы пікір де болған.  «Егер де мал керек болса, қолөнер 
үйрен,- дейді Абай,- мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай қолөнерлі 
болу-қазақтың әулиесі сол. »  Алтынсариннің де, Абайдың да «қолөнер» деп 
отырғаны  сол  кездегі  қазақ  ауылдарының  көбінен  табылатын  етікшілік, 
өрмекшілік,  балташылық,  зергерлік  сияқты  көп  заманнан  келе  жатқан 


 
103
жабайы  кәсіптер  ғана  емес.    Европа  техникасын  қолданған  өнерлі  кәсіптер. 
Пташа өкіметі Алтынсариннің бұл ұсынысын қабылдамаған.  
 
Төртінші,  Алтынсариннің  ынтасымен    Торғай  облысында  және 
Батыс  Қазақстанда    ашылған  аз  ғана  школаларда  оқитын  азғаан  балалардың 
халі өте ауыр болғанын  Алтынсариннің Орынбордағы оқу инспекторы В. В. 
Крестинскийге жазған мына хаттарынан көреміз.  
 
Қазақ  балалары  оқитын  школаның  үйі  туралы  1880  жылы  18 
февральда    былай  деп  жазады:  «  Торицк  қаласындағы    қазақ  школасына 
уездік начальник  өз үйінің екі бөлмесін, жылына 300 сом алатын боп жалға 
берген  екен,  бөлмелер  лас,  оқу  кезінде  балалардың  үстінен  жүріп  жатқа 
кісілер.  Бұл  сияқты  үйшікте  бала  оқып  оңа  ма?..  Ырғыз  қаласындағы  қазақ 
балалар  оқитын  үй  одан  да  жаман.    Қалалық  управа  балалар  оқитын 
бөлмелерге  бір  саудагер  қатынды    орналастырған.    Ол  қатынның 
келімді-кетімді кісілері сабақ кезінде топырлап жатады.  Жатарда балаларды 
ауыз бөлмеген қамайды.  
 
 Школаның  директоры  қазақ  балаларын  қалай  тәрбиелейтіні 
туралы    1889  жылы    20  февральда  жазған  хатында  былай  дейді:  «Ор 
қаласындағы қазақ школасының  директоры А. Г. Бессонов  жынданған болар 
деймін,  әйтпесе  мына  қылықтарын    не  деуге  болады:  4-кластан  бастап  
балаларға  інжілді    (евангелие)  оқытып,  христиан  дініне  баулымақ  болған. 
Балалар  бұнысына  көнбесе,  бұзылған  иттер  деп  балағаттап,  кйбіреуін  үйден 
тепкілеп,  сабап  қуып  шыққан.  Сұмдық  емес  пе  мынау!    Бұлй  тәрбиелеумен 
қазақ  балаларын    орыс  білімін  алудан  қашырмаймыз  ба?»    Осы  жылы    8 
мартта жазған хатында Алтынсарин интернаттағы қазақ балаларының  киімі, 
төсек-орнының нашарлығын, тамақтарының аштығын айтады. 
 
Бесінші,  осындай  қиындықпен  екі  класты  орысша-қазақша 
бітірген  қазақ балаларына ілгері барып оқуға орын жоқ,  орта дәрежелі орыс 
школалары    олардың  бірен-саранын  ғана    алады.    Қазақ  ауылдарын  барып 
бала  оқытуға  школа  жоқ;    ауылдан  олардың  табатын  қызметі    старшындар 
мен  болыстарға  писарь  болу.  Алтынсарин  1887  жылы    28    майда 
Крестинскийне  жазған  хатында  осыны  айтады.  Сондықтан  Абайдың 
интернатта оқып жүрген қазақ балаларын: 
 
Прошение жазуға 
Тырысар келсе шамасы,- 
 
деп, немесе: 
 
 
 
 
Я тілмаш, я адвокат 
 
 
 
 
Болсам деген бәрінде ой,- 
 
деуінде өкінішпен қатар, объективтік себеп барында аңғарамыз. 
 
Жоғарыда  баяндалғандардан    қазақ  балаларының  оқуында    көп 
қиындықтар бар екендігі айқындалса керек. Қиындықсыз табылған мал харам, 


 
104
осы  аз-мұз    оқығандардың  өзі  халқына  адал  еңбек  етсе,  көрген  жоқтық  пен 
қорлық еселеп қайтуға тиіс. 
 
Өзінің    дінге,  дүниеге,  тіршілікке  көзқарасында  рационалист 
Абай, қазақ балаларына  «орысша оқы, ғалым бол» дегенде, ғылымды ғалым 
болу үшін ғана емес,  сол ғалымдығын, білімін, туған халқы -қазақтың  төмен 
дәрежедегі мәдениетін, экономикасын көтеру үшін, сана-сезімін көтеру үшін, 
сойтіп  Россиядағы    ең  мәдениетті  орыс  халқы    мен  қазақ  халқын  мәдениет 
міселесінде де  теңестіру үшін оқы, ғалым бол деген. 
 
Өзінің  аағартушылық  идеясын  насихаттаудан  тартынбаған  Абай 
қазақ  қауымының  білімді,  түгелдеей  сауаттыболуына  қажетті  жағдайлар 
жоқтығын  аңғарып,    орыс  білімі  арқылы    өз  елінің  шаруасын  ,  мәдениетін 
көтеру      жөніндегң  мақсатының  орындалмайтынын  шамалайды  да,  алдына 
«не  істеу  керек?»  деген  сұрау  қояды.    Абай  сияқты  халқына  кқсем  болғыс 
келген  адамның  өзіне  мұндай  сұрау  қоймауы  мүмкін  емес.    Өйткені  ауыл 
экономикасы  ақша  араласқанымен  ,  бұрынғы  төрт  аяқты  мал  бағатын  , 
көшпелі күйінде тұр.  Отар ауыл бұл халде  тұрып, шаруасын да, мәдениетін 
де    орыс  халқымен  теңдестіре  алмайды.  Қалай  теңдестіреді?  Көшіп  жүрсе 
қала  сала алмайды. Қала сала алмаса мекетеп аша алмайды. Мектеп ашпаса 
білім  ала  алмайды.    Білім  алмаса,  Абай    «үйрен»  дейтін  егін  мен  сауданың 
«ебін»  біле  алмайды.    Егін  мен  сауданың  тегін  білмесе,  қазақ  шаруасы  төрт 
аяқты мал бағудан арыла алмайды.  Одан басқаны білмесе,  Абайдың тілімен 
айтқанда, жоғарғы мәдениетті орыс былай тұрсын, қазақ өзбек пен татарға да 
жете алмайды.   
Экономикалық  жағынан    капитализмнің  қанды  тырнағана  ілігіп, 
өрмекші  торына  түгелдей  шырмала  қоймаған    қазақ  даласы  саяси  жағынан  
1868  жылдың  заңына  маталды.    Абай  заманындағы  сол  заң  қазақ  заманына  
қазақ  аулына  бүліншілік,  берекесіздік,  дау-жанжал  ала  келді  де,  «қызмет 
қылып  мал  таппай,  ғылым  оқып  ой  таппай»  жүрген  «пысықтарды» 
бұрынғыдан  да  көбейтті.  Олар  Абайдың  оқы  дегеніне    құлақ  асудан  қалды, 
әлдеқалай  олардың  ішінен  «ал  оқиын»    деп  білегін  сыбанушылар  табыла 
қалса, оларға оқитын орын табудың өзі қиямет болды.  
Енді не істеу керек? 
Бұл сұраудың тұйығанан Абай өзінше жол таппақ болады.  
Ең алдымен Абай таппақ болған шаруашылық жолға  тоқтайық.  Шаруа 
мәселесін  шығармаларында  көп  айтқанмен,  Абайда  белгілі  экономикалық 
программа  бар  дей  алмаймыз.    Жалпы  алғанда  оның  мақсаты:  күн  көрісте 
біреуді  біреу  жемеу  екенін  ,  әркім  өзінің  адал  еңбегімен  күн  көру    екенін, 
еңбек иелеріне өнерлі, өнімді еңбек атқару қажет екені жоғары да айтақамыз.  
Осылай  дей  отыра,  рационалист  Абай  бұл  мәселені  теориялық 
дәрежеде  ғана  қалдырмай,  оның  тәжірибелік  жағына  да  көңіл  бөледі.    Қазір 
қазақ аулында: 
 
Мал иен бақтың дұшпаны, 
Кеселді пысық көбейді. 


 
105
Күшік иттей үріп жүр, 
Кісіден кеммін демейді,- 
 
деп қатты сөгіп, адал әрекетке ұмтылғандарға  мынадай ақыл береді: 
 
Мінер атын,  киімін ып-ықшам қып, 
Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып, 
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан, 
Антұрғанға қосылма кеткін қаңғып! 
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, 
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. 
Өз үйінен жиреніп қашып жүрген 
Антұрғанға қосылма қапылыста,- 
дейді де:  
 
 
 
Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,  
 
 
 
Сенімді дәулет емес сен қуанар. 
 
Олай болса: 
 
 
 
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, 
 
 
 
Малың болса, сыйламай тұра ламас ел. 
 
Абайдың  «кет»  деп  отырған  «жат  жері»  қазақпен  көршілес  отырықшы 
елдердің, әсіресе орыс елінің поселкілері, қалалары, завод-фабрикалары болу 
керек.  
 
Абайдың өз заманындағы жастарды: 
 
 
 
 
Заман ақыр жастары 
 
 
 
Қосылмас еш бастары 
 
Бір-біріне қастыққа  
 
 Қойнына тыққан тастары; 
 
 Саудасы -ар мен иманы, 
 
Қайрат жоқ бойын тыйғалы, 
 
 Еңбекпен етті ауыртпай, 
 
 Құр тілмен мал жиғаны,- 
 
деп    сөгетіні  бізге  мәлім.    Бірақ  бұл  кінәны  Абайдың  барлық  қазақ  жасына 
артпайтынын,  «Құйрығы  шаян,  беті  адам  пысықтардан»  түңілгенмен,  көкіре 
гі  сезімді,  ойы  орамды»    жастардан  түңілмейтінін,  оларды  «шыға 
ойлап,шығандап  қылық  қылуға»,  «жат  жерге  кетіп,  жалға  жүріп,  мал  тауып 
келуге»,    «қаруының  барында  қайрат  қылып»,  жалынын  адал  еңбекке 
пайдалануға шақыратынын көреміз. Оның айтатыны: 
 
 
 Жастықтың оты жалындап, 
 
 Жас жүректе жанған шақ, 


 
106
 
 Талаптың аты арындап, 
 
 Әр қиынға салған шақ, 
 
 Уайым – аз, үміт–көп, 
 
 Ет ауырмас бейнетке, 
 
 Бүгін-ертең жетем деп 
 
 Көңілге алған дәулетке... 
 
 Қайратқа сеніп қақтықпай, 
 
 Жазасын тауып жауласар, 
 
Қатынша тілмен шаптықпай, 
 
Майданға шықса жарасар, 
 
Жалыны қайтар дененің, 
 
Үнемі тұрмас осы шақ, 
 
 Талайғы кәрі дүниенің  
 
Бір кетігін ұстап бақ! 
 
«Талайғы кәрі дүниенің» қай кетігін табу туралы абайдың айтатыны: 
 
 
Әсемпаз болма әрнеге, 
 
Өнерпаз болсаң арқалан. 
 
 Сен де бір кірпіш дүниеге, 
 
Кетігін тап та бар қалан!.. 
 
 
 Пайданы көрсең бас ұрып, 
 
Мақтанды іздеп, қайғы алма, 
 
Мініңді ұрлап жасырып,  
 
Майданға түспей бәйге алма! 
 
 
 
Өзіңде бармен көзге ұрып, 
 
Артылам деме өзгеден. 
 
Күндестігін қоздырып,  
 
Азапқа қалма езбеден. 
 
 
Ақырын жүріп, анық бас, 
 
Еңбегің кетпес далаға. 
 
Ұстаздық қылған жалықпас, 
 
Үйретуден балаға. 
 
Еңбек  майданында  дал  жүріп,  әсемпаз  болмай,  өнерпаз  боп,  еңбек 
сарайына    өзінің  білімі  сыятиын  кетігін  тауып  қаланып,  ойынан  шыққан 
жасқа абайдың айтары: 
 
 
Адалдан жиған тиынды 
 
Салд жа сақта қапшыққа. 
 
Қолдағыңда қорғап бақ,  


 
107
 
Мал арзан деп аптықпа. 
 
Сыпайы жүр де шаруа ойла, 
 
Даңғойланып қаптықпа. 
 
«Жат  жерге  кетіп  жалға  жүріп»  адал  адал  еңбңгімен  шаруа  жинаған 
қазаққа,  одан  кейін  шаруаның  қандай  түрін  бағу  жөнінде  Абайдың  не  жол 
ұсынатыны мәліміз. Ол бір өлеңінде: 
 
 
 Егіннің ебін, 
 
Сауданың тегін, 
 
Үйреніп, ойлап, мал ізде. 
 
Адал бол, бай тап. 
 
Адам бол, мал тап, 
 
Қуансаң, қуан сол кезде,- 
 
десе,    бұл  айтып  отырған  әсірессе  «егіні»,  отырықшы  елдің  кәсібі  болса, 
отырықшы елдің кәсібі болса, екінші өлеңінде: 
 
 
Осы қымыз қазаққа, 
 
Мақтаның ба, асың ба? 
 
Қымызы басар артынан 
 
Ет даяр ма қасыңда? 
 
Бойыңа сіңіп өрт  болған 
 
Қызба бастық жасыңда. 
 
Қызылшыл семіз, жас қымыз– 
 
Бір үлкен   борыш басыңда. 
 
Жуасты мін де, айран іш, 
 
Жоқ немеге шатылма.. 
 
Жылқыны аңдып ұры жүр, 
 
Әр төбенің тасында. 
 
Ой көзімен қарасаң, 
 
Қойдан жылқы асыл ма? 
 
Мақтанға бола жиям деп, 
 
Жылқы үшін жұртқа бас ұрма. 
 
Қымыз, семіз дегенің 
 
Бір мақтан ғой,  жасырма. 
 
Мақтан қума, керек қу, 
 
Ойсыздарға қосылма, 
 
Қойныңда ақша, қолда қой, 
 
Күзетке оңай шошынба!- 
 
деп көшпелі халыққа бағуға оңай мал түрін малдануды ұсынады.  


 
108
Егін  салсын,  сауда  істесін,  мал  бақсыын,  қолөнер  кәсібімен 
шұғылдансын, әйтеуір адал кәсіппен шұ,ылданатын адамдар, әсіресе жастар, 
қазақ арасынан табыла қалса, оларға Абайдың айтар насихаты: 
 
 
Керек іс бозбалаға талаптылық, 
 
Әр түрлі өнер мінез жақсы қылық. 
 
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, 
 
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық. 
 
 
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, 
 
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз, 
 
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен. 
 
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз. 
 
 
 Бр жерде бірге жүрсең басың қосып, 
 
Біріңнің бірің сқйле сөзін тосып. 
 
Біріңдің бірің ғиззат, құрмет етіс, 
 
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып. 
 
 
Жолдастық, сұхбаттастық–бір үлкен іс, 
 
Оның қадірін жетесіз адам білмес. 
 
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, 
 
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес. 
 
Еңбек  майданында  теңдесу  арқылы  шын  көңілмен  достасу  сарыны 
Абайдың  шығармаларынан  еш  уақытта  үзілмейді.  Қоғамдық  тұрмыста 
халықты  осылай  бірлікке,  достыққа  шақырған  Абай,  қоғамның  жеке 
мүшелеріне  семьялық  тұрмыста  да  осы бірлікті,  осы  шын  көңілмен  сүйіскен 
достықты ұсынады. 
 
 
Махаббатсыз дүние бос, 
 
Хайуанға оны қосыңдар. 
 
Қызықтан өзге қалсаң бос, 
 
Қатын,бала–досың бар,–   
 
дейді  Абай.  Осы  мәселеге  біраз  тоқырайық.  Әйелі  мен  ері  бірін-бірі  қалай 
құрметтеу керектігі туралы Абайдың өлеңмен ұсынатын программасы бар. 
 
 
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, 
 
Қоржаң суық келеді кей сасық ми, 
 
Ері ақылды, қатыны мінезді боп 
 
Тату болса райыс үстіңдегі үй. 
 
 
Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, 


 
109
 
Болмаса мінезінің еш кесегі. 
 
Майысқан бейне гүлдей толықсыған 
 
Кем емес алтын тақтан жар төсегі... 
 
 
Үйіңе тату құрбың келсе кіріп, 
 
Сызданбасын қабақпен имендіріп. 
 
Ері сүйген кісіні о да сүйіп, 
 
Қызмет қылсын көңілі таза жүріп. 
 
 
Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі, 
 
Абыройлы қалжыңмен келсін өзі.  
 
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда, 
 
Қатыныңда болмасын оның көзі. 
 
Ерін  сүюде  әйеліне  осындай  ақыл  айтқан  Абай  әйелін  сүюде    еріне  де 
ақыл айтып, екеуіне де төресін әділ беруге тырысады. Ерге оның айтары: 
 
 
 Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас, 
 
Салынсаң салдуарлық қадір қоймас. 
 
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін, 
 
Төбетке өлекшінің бәрі бір бәс. 
 
Абайдың  «еппен  жүрсін»  дегені  «жігітшілік»  құру  емес,таңдап  жүріп, 
өзіне лайықты жар табу  екенін оның мына сөздерінен  көреміз: 
 
 
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, 
 
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме. 
 
Әйел жақсы болмайды көркіменен, 
 
Мінезіне көз жетпей көңіл берме. 
 
Көп жүрмес, жеңсікқойлық тез-ақ тозар, 
 
Жаңғырар жеңсік құмар, жатқа қозар, 
 
Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар, 
 
Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар. 
 
Ондай әйел табылса: 
 
 
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, 
 
Бүлк еткізбес алайша соқса тамыр. 
 
Жар көңіліне бір жанын пида қылып, 
 
Білместігің бар болса қылар сабыр. 
 
Әйел мінезіне қара, көркіне қарама дегенге Абай ерекше тоқталады. Ол: 
 


 
110
 
Шу дегенде көрінер сұлу артық, 
 
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық, 
 
Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, 
 
Кімі паңдау келеді, кімі тантық. 
 
 
Ақыл керек, іс керек, мінез керек, 
 
Ер ұялар іс қылмас, қатын зерек, 
 
Салақ, олақ,ойнасшы, керім-кербез, 
 
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек,– 
деп: 
 
Әуелден сұлу жайы бізге мәлім, 
 
Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған,– 
 
деп,  сұлуға  құмартатындарды  ойландырады.  «Қандай  қызды  алған  жөн?» 
деген сұрауға оның берер жауабы: 
 
 
«Жасаулы» деп, «малды» деп, байдан алма, 
 
«Кедей қызы арзан» деп құмарланба. 
 
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, 
 
Ата-ананың қызынан қапы қалма! 
Мұндай  жар  таппақ  жігітке  Абайдың  ұсынатыны:  «Әкенің  құда 
болуымен үйлену емес, өзі таңдап үйлену» және  «көрсе қызарлықпен» емес, 
сынын,  сырын,  мінезін  ұғып  алып,  өзінің  ақыл  таразына  дәл  келгенде  ғана 
үйлену.    Абайға,  әйелді  таңдаудың  екі  жолы  бар.  Біреуі–  «құмарлық»,  бұл– 
жеңіл жол; біреуі – «ғашықтық», бұл – ауыр жол. 
 
 
Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол, 
 
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
 
Егер ғашық болса: 
 
 
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, 
 
Мен не болсам болайын, сен аман бол.  
 
Көңілімнің рақаты сен болған соң, 
 
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. 
 
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, 
 
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың? 
 
 
Ғашықтық келе жеңер бойыңды алып,  
 
Жүдетер безгек ауру сықылданып! 
 
Тұла бойы тоңар, суыр үміт үзсе, 
 
Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып. 
 


 
111
Дәмеленген  ғашықтың  ойын  Абай  «Айттым  сәлем,  қалам  қас,  
«Қиыстырып мақтайсыз» деген өлеңдерінде көрсетеді. Бұл өлеңде біз: 
 
 
Айттым сәлем, қалам қас, 
 
Саған құрбан мал мен бас, 
 
Сағынғаннан сені ойлап, 
 
Келер көзге ыстық жас. 
 
 
 
 
Сенен артық жан тумас,  
 
Туса туар артылмас. 
 
Бір өзіңнен басқаға 
 
Ынтықтығым айтылмас. 
 
 
Асыл адам айнымас, 
 
Бір бетінен қайрылмас, 
 
Көрмесем де, көрсем де, 
 
Көңілім сенен айрылмас,– 
 
деген жігіттің  қызға құмарлығын: 
 
 
Ақылыңа сөзің сай, 
 
Сіз–жалын шоқ, біз–бір май. 
 
Ыстық сөзің кірді ішке, 
 
Май тұра ма шыжымай. 
 
 
Қабыл көрсең, көңілім жай, 
 
Тастап кетсең, япырмай, 
 
Ит қор адам болар ма, 
 
Бұл жалғанда сорлыңдай?! 
 
 
Тілегімді бермесең, 
 
Амалым не жерлесең? 
 
Үйір қылма бойыңа, 
 
Шыны жақсы көрмесең. 
 
 
Қайғың болар шермен тең 
 
Қара көңілім жермен тең, 
 
Сенсіз маған жат төсек, 
 
Болар бейне көрмен тең... 
 
 
 
Көңілің тұрса бізді алып, 
 
Шыныменен қозғалып, 
 
Біз–қырғауыл, сіз–тұйғын, 


 
112
 
Тояттай бер, кел де алып,– 
 
деген қыздың  жігітке құмарлығын көреміз. Осы құмартқан екі ғашық үйлесе 
қалған  күнде,  екеуінің  табысқан  минутындағы  жан  жүйелерін  Абай  мына 
өлеңмен көрсетеді: 
 
 
 Қызарып, сұрланып, 
 
Лүпілдеп жүрегі, 
 
Өзгеден ұрланып, 
 
Өзді-өзі керегі... 
 
 
Аяңдап ақырын, 
 
Жүрекпен алысып, 
 
Сыбдырын, тықырын, 
 
Көңілмен танысып. 
 
 
Иығы тиісіп, 
 
Төмендеп көздері, 
 
Үндемей сүйісіп,  
 
Мас болып өздері. 
 
Бірақ бұлай ғашық боп қосылу оңайлықпен болмайтынын жігіт те, қыз 
да  бірін-бірі  сынап  барып,  көңіліне  толған  күнде  ғана  серт  байласатынын, 
жігіттің қызға айтатын мына сөзінен көреміз: 
 
 
Тереңдеп қарайсың, 
 
Телміріп тұрмайсың,  
 
Бихабар жүргенсіп, 
 
Бек қатты сынайсың. 
 
 
Сан кісі мұңайсын, 
 
Сабырмен шыдайсың. 
 
Күйемін, жанамын, 
 
Еш рақым қылмайсың. 
 
Қыздың  «рақым  қылмауы»,  оның  ғашықпын  деген  жігітті  «бихабар 
жүргенсіп,  бек  қатты  сынауынан»  болуы  да  мүмкін.  Егер  қыз  жігіттің  шын 
ғашық  болуына  өзі  де  ғашық  болуымен  жауап  бермесе,  я  ғашықпын  деп 
жүріп, алдаса, жігіт қызға: 
 
 
Ғашықтық– қиын жол, 
 
Жетсең жеттің, 
 
Жетпей өттің. 
 
Не болды? 


 
113
 
Арманда өмір 
 
Өтті. 
 
Ойлар ма екен бір мені сол? 
 
 
Салдырып аяқ, қол, 
 
Жетпей сертке, 
 
Ішім дертке, 
 
Тез толды. 
 
Ажал уақыты 
 
Жетті. 
 
Мен өлейін, сен сау-ақ бол,– 
 
деген зарын айтады. Ғашығынан күдер үзген жігіттің ақтық айтар сөзі: 
 
 
Қор болдым,жаным, 
 
Сенсіз не менің күнім. 
 
Бек бітті халім, 
 
Тағдырдан келген зұлым. 
 
Тағдыр етсе алла, 
 
Не көрмейді пәндә? 
 
 
Сайрай бер, тілім, 
 
Сарғайған соң бұл дерттен. 
 
Бүгілді белім, 
 
Жар тайған соң әр серттен. 
 
Қамықты ғой көңіл, 
 
Қайтсе болар жеңіл? 
 
Сонда  да  «үмітсіз  –  шайтан  болсын»  дегенді  медеу  қылған  жігіт,  осы 
өлеңін: 
  
 
 
Сағындым сені, 
 
Көрмедім деп көп заман, 
 
Адам деп мені, 
 
Салмадың сен хат маған. 
 
Жай таба алмай жүрек, 
 
Жасыған соң сүйек. 
 
 
 
Бұл қылған изарым 
 
Барса жардың  маңына, 
 
Ол– қылған дәрім, 
 
Ғашығымның жанына. 
 
Оңалдырып ойды, 
 
Түзетпей ме бойды?– 


 
114
 
деп бітіреді.  
Үй  тұрмысын,  семьялық  тіршілікті  алғанда  ,  Абай  әйелдің  рөліне 
ерекше маңыз береді. «Еркек–бас, әйел–мойын» деген қазақтың  мақалын бұл 
мәселеде  өзіне  тезис  қып  алған  Абай  осы  пікірді  қолдамайтындарды  ойға 
түсіру  үшін,  Шығыс  ертегілерінен    алып,  «Масғүт»  деген  поэма  жазады. 
Поэманың  мазмұны:  араб  елінде  Һарун-Рашид  патша  заманында  Масғұт 
деген  жігіт  болады.  Бұл  жігіт  бір  күні  ерт  е  шәһәрдан  саяхатқа  шығып  келе 
жатып,  ұры  тонап  жатқан  шалға  кездеседі.  Масғұта  шалды  аршалап  алады. 
Шал  Масғұтты  сыйламақ  болып  бақшасына  алып  келеді  де,  пісіп  тұрған  үш 
түрлі  жеміс ұсынады: ақ,қызыл,сары.  
 
 
Ағын жесең, ақылың жаннан асар, 
 
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасыр, 
 
Егер де қызыл жеміс алып жесең, 
 
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,– 
 
дейді шал, Масғұт қызыл жемісті таңдайды да, себебін былай баяндайды:  
 
Мен болсам, егер ағын жемек едім, 
Ақылды болдым елден бөлек дедім, 
Мен ақылды билемен не қылсам да, 
Мені ақыл билесе керек дедім... 
Сарыны жеп мен болсам байдың өзі, 
Аузында тамам жанның болдым сөзі, 
Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп, 
Жан біткеннің тігілер маған көзі... 
Қызылды жесем, мені әйел сүйер, 
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер? 
Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, 
Деп едім бір пайдасы маған тиер. 
Еркектің еркек адам болса қасы, 
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы? 
-Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, 
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы? 
 
Масғұт  әйелді  таңдағанда  тән  құмарын  басу  үшін  емес,  әйелден 
досын  көбейту  арқылы  барлық  адаммен  бауырласу  үшін  таңдады. 
Осындай  көркем  шығармамен  Абай  әйелдің  қоғам  тұрмысындағы 
ролінің салмақты екендігін дәлелдейді. 
Семьяда,  қоғамдық  тұрмыста  әйелдің  ролі  үлкен  екенін  көрсеткен 
Абай  қазақ  өміріндегі  ғашықтықты  қиялынан  туғызып  отырған  жоқ,  өз 
ұлты  қазақтың  шындық  өмірінен  алып  отыр.  Қазақтың  жігіті  қазақтың 
қызына 
құмарлана 
да 
біледі, 
ғашық 
бола 
да 
біледі. 
Оның 


 
115
құмарлығының  да,  ғашықтығының  да  басқа  ұлттардың  құмарлығы  мен 
ғашықтығынан,  солардың  ішінде  мәдениетті  елдердің  құмарлығы  мен 
ғашықтығынан  ешбір  айырмасы  жоқ.  Қазақ  өмірінен  туған  Қозы 
Көрпеш  -  Баян  сұлудың  ғашықтығы  еш  Ләйлі  -  Мәжнүннен,  ешбір 
Ромео - Джульеттадан кем емес. 
Абай  бұл  мәселеге  арнайы  тоқтаған  уақытта,  ең  алдымен  жан 
ләззәтін,  сезім  дүниесін  айрықша  ардақтап,  әйел  мен  еркектің  тең 
болуы  идеясын  көрсетеді.  Махаббатсыз  семьяның  тірлігінде  береке 
жоқ,  қалың  малмен  еріксіз  қосақталған,  шариғатпен  матастырылғандар 
құр сүлделер екендігін Абай өлеңдерінен айқын аңғарамыз. 
Исламдық  Шығыста,  Октябрь  революциясына  шейін  Россияға 
қарайтын  Орта  Азияда,  ер  мен  әйел  сүйісіп  қосыла  алмауына  «харам» 
себеп  болса,  ислам  дінін  шалағай  тұтып  келген  қазақ  елінде  сүйісіп 
қосылуға бөгет «харам» емес, «қалың мал» деген індет болды. 
Қалың  малдың  қазақ  ғұрпына  қай  кезде  сіңген  дерт  екенін  біз 
білмейміз.  Біздің  білетініміз:  бала  туған  хабарды  естігенде  қазақ  «ат 
ұстар  ма?»,  «қырық  жеті  ме?»  деп  сұрайды:  «ат  ұстары»-  ұл,  «қырық 
жетісі»-  қыз.  «Қырық  жеті»  деген,-  қызға  қалыңға  төленетін  малдың 
саны:  жеті  бас  төлдейтін  мал,  олардың  жеті  құнан-құнажыны,  жеті  тай-
танасы,  жеті  құлын-бұзауы,  жеті  бүкбесі  (ұрығындағы  төлі)-  барлығы 
35  мал;  оған  жеті  той  малын  қосса  -  42  мал;  оған  «өлі-тіріге»  беретін 
бір  малды,  шеге  атты,  мінгі  атты,  босаға  атты,  жанама  атты  қосса- 
барлығы 47 бас мал болады. «Қыздың құны -47» деген осы. 
Қазақ  ғұрпында  «47»  беретін  қызды  күйеу  таңдап  жүріп  айттыру 
ілуде  біреуден-ақ  кездеседі.  (Қыз  Жібекті  Төлегеннің  таңдап  жүріп 
айттыруы сияқты) Әдетте көңілдес, дәрежесі я малы теңдес адамдардан 
ұл  мен  қыз  туса,  я  жас  күнінде  атастырып  құда  боп  қояды  (Қозы 
Көрпеш-Баянның  әкелері  Қарабай  мен  Сарыбай  балалары  тумай  тұрып 
құда боп қоюы сияқты). 
Ата-аналарының  құда  болуы  арқылы  жастай  атасқан  ұл  мен 
қыздың 
ішінен 
әлдеқалай 
теңдестері 
ұшырап 
қалуы 
мүмкін- 
Ондайлардың 
сағынып, 
құмартып 
қосылатынын 
біз 
Абайдың 
«Жазғытұры»  деген  елеңінен  көреміз.  Бұл  өлеңде  Абай  қыстай  қар 
астында  жатқан  жерді  -  қалыңдыққа,  қыстай  жерді  көре  алмай  аңсаған 
күнді - күйеуге теңеп былай дейді: 
Күн  -  күйеу,  жер  -  қалыңдық,  сағынышты  Құмары  екеуінің  сондай 
күшті. 
 
Күн қырындап жүргенде, көп қожаңдап, 
Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты... 
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Біреуіне-біреуі қосылыспай, 
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, 
Жер толықсып түрленер тоты құстай. 


 
116
 
Бірақ  өмірде  мұндай  бақыттылар  сирек  кездеседі.  Ата-  ананың 
құда  болуымен  жастай  атасқандардың  көпшілігі  біріне-бірі  тең 
болмайды. 
Теңдес 
болмаған 
соң, 
сүйісіп 
қосылмайды, 
әкенің 
күштеуімен,  әдет  күшімен  еріксіз  қосылады.  Осыдан  талай  зарлар, 
бақытсыздықтар, трагедиялар туады. 
Қалың  малдың  мылқау  күшін  құрал  ғып  жұмсайтын  әсіресе 
байлар.  «47»  төлеп  көп  қатын  алатын  солар.  «47-нің»  күшімен 
сексендегі  шалдың  18-дегі  қызды  алуы  да  сол  байларда  ғана  болатын 
әрекет. Сүйген қызына қосыла алмаған жігіттің: 
 
Өй, қалқа, қайғы тарттым сені ойлай, 
Күйдірді ғашық отың ерікке қоймай, 
Қолымнан ақ тұйғыным кетті ұшып, 
Жылқы екен қыздың байы, сығыр, ойбай! - 
деп зарлануы, 
 
Өй қалқа, сен маған жоқ, мен саған жоқ, 
Шекеңде бұлғақтаушы ед үкіден шоқ. 
Түсімнен ұйықтағанда бір кетпейсің, 
Оянып тұра келсем, дәнеңе жоқ! - 
деп қыздың өкінуі, 
 
Қамыстың көлден тарттым қоғаларын, 
Айтады әркім көрген қасірет-зарын, 
Арылмас басқа қара түсті туман, 
Білмеймін оның қашан ашыларын! – 
 
деп жігіттің құса болуы, 
 
Базардан алып келген қара қиық, 
Қорқамын той қылғаннан жұртты жиып, 
Балаңды іштен шыққан малға сатып, 
Әкетай, неғып бердің көзің қиып? – 
 
деп  қыздың  зарлануы  «47-нің»  кесірінен  екені  айдан  анық.  Қазақтың 
белгілі ақыны Ақан серінің сүйген қызына: 
 
Аулым қонған Сырымбет саласына, 
Ғашық болдым ақ сұңқар баласына, 
Лашынға лайық ғашық жарым, 
Бөктергіге қор болып барасың ба? - 
 
деп зарланып, арашалар амалы болмаған соң,- 


 
117
 
Олай көшкен ауылым, бұлай көшкен, 
Сырымбеттің тауынан құлай көшкен, 
Жарты бидай ауыздан жарып жескен, 
Ғашық жарым, қош сау бол құдай дескен,= 
 
деп қоштасуы қазақ елін жайлаған қалың малдың кесірі екені мәлім. 
 
Дегенге бал Қадиша, бал Қадиша, 
Күйеуің алпыс бесте шал, Қадиша. 
Ноқтаға кірген басың шыға қоймас, 
Қайтейін, қош аман бол, бар, Қадиша! - 
 
деген  өлең  де  қалың  мал  салдарынан  туған  ызалы  қоштасудың  сарыны. 
Қалың  мал  салдарынан  туған  қазақ  әйелінің  бақытсыздығын  арнайы 
әңгімелесе,  ол  жөніндегі  әдебиетті  толық  талқыласа,  жеке  кітап  жазуға 
болар  еді.  Сондықтан  біз  қалың  мал  туралы  пікірді  осымен  аяқтап,  осы 
мәселеге 
Абайдың 
қалай 
қарағанына 
келейік. 
Қазақ 
әйелінің 
бақытсыздығына  себепкер  болған  бұл  пәленің  бір  ғана  тамырын  қазбақ 
боп, Абай бір өлеңінде былай дейді: 
 
 
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, 
Хан да жанын қияды қыз жолында. 
Алтын, күміс кигені қамқа, торғын, 
Күтуші қыз, келіншек жүр соңында. 
Деген сөз: «Бұқа буға, азбан дуға», 
Хан қарық боп түсіп жүр айғай-шуға 
«Етімді шал сипаған құрт жесін», - деп,  
Жартастан қыз құлапты терең суға.  
 
Абайдың бұл сипаттап отырғаны, - исламдық Шығыс еліндегі «храмда» 
(гарема)  тән  ләззәті  үшін  торға  түскен  қыздың  келбеті.  Қысқа  ғана  ғып 
сипатталған  бұл  оқиғаға  Абайдың  өзі  қалай  қарайтыны  оның  мына  өлеңінен 
көрінеді:  
 
Сән-салтанат жұбантпас жас жүректі,  
Кім де болса, тұрғысын көксемек-ті.  
Мезгілі өткен дәуренді қуалаған,  
Неғылсын бір қартайған қу сүйекті.  
 
Кәрі, жас дәурені өзге, тату емес,  
Епке көнер ет жүрек сату емес.  
Кімде-кім үлкен болса екі мүшел, 


 
118
Мал беріп алғанменен қатын емес.  
 
Шалдың  жас  қызды  алуы  хан  заманында  ғана  болған  оқиға  емесін,  өз 
заманында да болып жатқан оқиға екенін  Абайдың мына сөздері көрсетеді.  
 
Бай қартайса, малына берер шылбыр,  
Мал өмірі жаңғыртпас, құдай ұрғыр.  
Біреудің қызын алып малға сатып,  
Баяғыны іздеген қандай құрғыр.  
 
Мұндай байға Абай былайша ұрсады:  
 
Қатыным қалай демес ақсақал бай.  
Сонымен дос болып жүр, япырым-ай!  
Қу қатының майысса, сәз боласың,  
Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай!  
 
Кінәсіз бәйбішемен болады араз,  
Жастың көңілі ылымас, ол өзіне аз!  
Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай,  
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз.  
 
өмірдің  өзге  мәселелерінде  замандастарына  өзін  ұстаз  көріп  ақыл 
айтатын,  қисықты  ақылмен  түзетуге  тырысатын  Абай  ұрсып  отырған  бұл 
шалына да ақыл айтқан болады.  
 
Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,  
Мүйіз шықпас қатынның тіліне  ерсең,  
Тіпті оңбассың өзіңе-өзің мәз боп,  
Дастарқанның байлығын мақтан көрсең.  
 
Абайдың  бұл  ақылын  құдай  атқан  шал  ала  қоя  ма?  Соған  ызаланған 
Абай өлеңін:  
 
Үнем болмас құйрықты бұлғаңдатқан.  
Сауырсына шапақтап сүйіп жатқан.  
Екі көңіл арасы жылшылық жер,  
Оны қайтіп қосады ол антатқан! –  
 
деп бітіреді. 
Бұл  шірік  тамырды  Абай  одан  әрі  қазбайды,  ешбір  шығармасында  бұл 
таұырыпқа  енді  қайтіп  оралмайды.  Егер  түгелдей  ақтарса,  бұл  шірік 
тамырдың  тармақтары  әрі  көп,  әрі  тереңде  жатқан  болар  еді  және  оларды 
түгел  қопарып  шығып,  үстіне  өскен  зұлымдықтың  өркендеуін  тоқтатуға 


 
119
Абайдың  әлі  келмес  еді.  Қалай  келсін:  бұл  әшейін  ғана  зұлымдық  емес, 
әлеуметтік  зұлымдық.  Себебі:  қалың  малға  жалпы  әйел  заты  сатылғанымен, 
жаңағы  шалдар  алатын  жас  тоқалдар  жалпы  қазақтың  қызы  емес,  олардың 
ішінде  кедейлердің  қызы  еді.  Егер  бұл  мәселенің  тамырын  қызы  бастаса, 
Абай  талай  ласқа  және  өзінің  аршуға  шамасы  келмейтін  батпақтарға 
кездеседі.  Сондықтан  Абай  бұл  зұлымдықтың  шетін  байқап  қана  көреді  де, 
әрі  барса,  батып  кететін  болған  соң,  тайқып  қайта  шығып,  оны  ақтаруға 
жүрегі  айнып  жоламайды.  Қазақ  әйелдерін  бақытсыздыққа  ұшыратып 
отырған  бұл  зұлымдықты  қайткенде  жоюдың  жолын  таппаған  Абай  ол 
туралы ақылдымсынып ешбір сөз айтпайды да.  
*    *    * 
 
Қазақтың  қоғамдық  тіршілігіндегі  экономикалық,  саяи  теңсіздіктен 
туған  зұлымдықтарды  сынай  отыра,  сол  зұлымдықтардан  арылудың  айқын 
жолын  таба  алмаған  Абай  қоғамның  тең  жарасы  әйелдердің  басындағы 
зұлымдық  бұлтын  арылтудың  да  айласын  таба  алмайды.  Қазақ  халқының 
басындағы  өзге  қайғыларын  арылта  алмаудан  қандай  торықса,  әйел 
мәселесінде де сондай торығады. Қоғам тұрмысындағы өзге әділетсіздіктерді 
түзетуде  замандастарынан  өзіне  серік  таба  алмай  жалғызсыраған  ол  әйелдің 
жүрек бостандығын көксеуде де өзіне серік таба алмай жалғызсырайды.  
Жалғыздық  сарыны  Абайдың  шығармаларынан  кең  орын  алатыны 
мәлім. Оның негізгі түпкі себебі: Абай заманындағы қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігінде,  сол  кездегі  қоғамдық  қарым-қатынаста  екендігі  жоғарыда  әр 
тараптан  баяндалған  қазақ  өмірінен,  оған  азамат  ақынның  көзқарасынан 
айқын аңғарылуға тиіс.  
Абай  –  қоғамшыл  ақын.  әрбір  қоғамшыл  ақын  –  ең  алдымен  –  үгітші. 
өзі  сенген  идеяны  шығармасы  арқылы  үгіттемейтін  ақын  болмайды.  Біздің 
Абай да сондай. Ол қоғам тұрмысындағы әділетсіздікті сынап қана қоймайды, 
сол  әділетсіздікті  қайткенде  жоюдың  жолын  іздейді,  өзі  тапқан  «жолмен 
жүрейік»  деп  халқын  үгіттейді.  Бірақ  Абайдың  үгіті  жалаң  тілмен  айтылған 
үгіт  емес,  көркем  тілмен  айтқан  үгіт.  Ол  күнделік  өмірден  туған  тіршіліктің 
неше  түрлі  жабайы  мәселелерін  тамаша  көркем  тілмен,  көркем  бейнемен 
береді.  Абайдың  шығармаларына  қарағанда,  қоғамдық  тіршілігінде  көркем 
сипаттап  беруге  жарамайтын  тақырып  жоқ  сияқты.  Осы  көркемдікті  Абай 
қалай жасады. Енді соны баяндайық.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет