Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі
Microsoft Word бағдарламасында кестемен жұмыс, формула енгізу, диаграмма құру.
Дайындаған: Жанаева Г.Е.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Microsoft Word бағдарламасында кесте құру, формулалар редакторын қолдану және диаграмма құру жолдарын пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,
компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Көрнекі – құралдар: ДК, интерактивті тақта, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: Математика, қолданбалы информатика
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қайталау-білім анасы. (Үй тапсырмасын тексеру).
Мағынаны ашу. (Семантикалық карта)
Білген сайын келеді, біле бергім. (Жаңа сабақты түсіндіру)
Insert әдісі
«Өзің орында!» (Деңгейлік тапсырмалар)
«Ішіне-сыртына» стратегиясы
Білім шыңы. (сабақты пысықтау)
Үйге тапсырма.
Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) оқушылардың назарларын сабаққа аудару. б) оқушыларды сабақ жоспарымен, барысымен, мазмұнымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға Word бағдарламасы бойынша өткен сабақтардан сұрақтар қойылады:
♦ Word бағдарламасы дегеніміз не?
♦ Microsoft Word бағдарламасын іске қалай қосамыз?
♦ Мәтін үзіндісін көшіру, жою, жылжыту алдында қандай әрекет орындау керек?
♦ Microsoft Word терезесінің негізгі элементтері қандай ?
♦ Microsoft Word құжаттарын сақтау кезіндегі әрекет ретін көрсетіңіз.
♦ Microsoft Word бағдарламасында мәтіндік маркерлеумен немесе нөмірлеу қандай әмірлердің көмегімен жүзеге асады?
♦ Автомәтін деген не?
III. Семантикалық карта.
Берілген суреттің атын және атқаратын қызметін табу.
ІV. Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақ жоспары:
Word-та таблица орнату әдістері
Кесте ішіне мәтін жазу және мәтін iшiнe кесте салу элементтерімен танысу;
Кесте ішіндегі мәтінді форматтау
Word-та формула енгізу
Диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру
Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.
Кесте құрудың екі әдісі бар:
1. Вставка - Таблица - Вставить таблицу командаларын орындау арқылы.
2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
Осы екі әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 10 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер көп санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.
Кесте құрудың алгоритмі
1. Меню жолынан «Вставка» мәзірін таңдау. 2. Таблица командасын таңдау.
3. «Вставить таблицу» командасын орындаған соң
4. Экранға «Вставка таблицы» диалогтық терезесі шығады. Число столбцов өрісіне баған санын, число строк өрісіне жол санын енгізу керек.
5. «ОК» батырмасын шерту.
Кесте құрудың тағы бір жолы Нарисовать таблицу (Кесте салу) арқылы кесте сызуға болады және де сонымен қатар Таблица Excel түрінде енгізуге болады.
Кестелерді форматтау процесін жеңілдету үшін курсорды кестенің ішіне орналастырып Конструктор мәзірінен қажеттісін таңдаймыз.
Кестемен жұмыс істеу барысында бағананың немесе жеке ұяшықтың енін өзгерту қажеттігі туындайды. Ол үшін тордың немесе бағананың оң жақ шекарасын курсормен ауыстырамыз немесе кестенің ішіне курсорды орналастырып, Макет мәзірінен → жол биіктігі бойынша туралау және баған ені бойынша туралау командасы таңдалады.
Кесте құрылымына кірістірілетін бірнеше өзгертулерді Макет мәзіріндегі Кірістіру және Жою опциялары арқылы орындай аламыз. Жолдарды немесе бағаналарды қосымша кірістіру үшін Макет мәзірінен Жолдарды кірістіру немесе Бағаналарды кірістіру командасы таңдалады
Бір жолда қатар орналасқан бірнеше ұяшықты біріктіру үшін: ұяшықтарды ерекшелеп алып, Макет мәзірінен → ұяшықтарды біріктіру командасы орындалады.
Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: ұяшықтарды ерекшелеп алып, Макет мәзірінен → ұяшықтарды бөлу командасын таңдасақ, экранда « Ұяшықтар бөлу » сұхбат терезесі пайда болады. Сол терезенің «Бағандар саны» енгізу өрісіне бағандар санын бейнелейтін жаңа сандық мәнді енгізіп, ОК батырмасын басу жеткілікті.
Кесте безендіру алгоритмі
1. Кестені белгілеп алу.
2. Конструктор → Стили таблиц командаларын орындау.
3. Заливка арқылы кесте фонын таңдау.
Кестені жиектеу алгоритмі
Word редакторы жеке ұяшықтарға, жолдарға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Ол үшін Формат → Жиектеу және ішін бояу командасы орындалады.
1. Разметка страницы > Границы и заливка
3. Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
4. Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.
Кесте құруда тышқанның немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.
1. Кестені кірістіру командасын пайдаланып кесте даярлау:
1. Кесте → Кестені кірістіру командаларын орындаңыз.
2. Тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз.
3. Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жіберіңіз.
2. Ұяшықтардың орнын ауыстыру және көшірмесін алу:
1. Орны ауысатын немесе көшірмесі алынатын ұяшықтарды, жолдар мен бағаналарды таңдап және ерекшелеп алу керек.
2. Тышқан курсорын ерекшеленген ұяшықтың маңында оның солға қарай бағытталған тілсызық түріне келгенше орын ауыстырып қозғаңыз.
3. Орны ауыстырылуға нмесе көшірілуге тиіс мәлімет баратын ұяшыққа курсорды жеткізіңіз.
4. тышқан батырмасын қоя беріңіз.
3. Бағаналардың енін өзгерту:
1. Кесте => Ұяшықтардың биіктігі мен ені командаларын орындаңыз.
2. Экран бетіне сұхбаттасу терезесі шығады, оған қажетті параметрлер тағайындаңыз.
4. Кесте жолдарын басқару :
Кесте =>Ұяшықтардың биіктігі мен ені командаларын орындап, « Жол »
парағына өту керек.
2. Жол биіктігі, Авто, Минимум, Дәлме – дәл операцияларының бірін таңдау қажет.
3. Егер басқа жолдарды форматтау керек болса, сол парақтағы Келесі немесе Алдыңғы батырмаларының көмегімен қажетті жолға өту керек.
4. ОК батырмасын басу керек.
5. Кестелер тақырыбын дайындау:
1. Тақырыпты тікелей кестеде орналастыру ұшін, бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет. Оның ұшін біріктірілетін ұяшықтарды таңдап алыңыздар.
2. Кесте => Ұяшықтарды біріктіру командаларын орындаңыз.
Текстік құжатқа формулалар енгізу. Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізуге болады. Ол үшін
Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;
Вставка ->Символы -> Формула командалары орындалады, формула шаблонынан керекті формуланы таңдап аламыз.
Керекті шаблон табылмаған жағдайда , өзімізге жаңа шаблонды құруға болады. Ол үшін
Достарыңызбен бөлісу: |