Microsoft Word Диссертация Турганбаева docx



бет4/45
Дата26.12.2023
өлшемі2,57 Mb.
#199486
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
TURGANBAEVA Diss compressed
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
Зерттеудің мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнына сай ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін негізгі мектепте оқытудың əдістемесін жасау жəне оны тəжірибе жүзінде іске асыру.
Зерттеу нысаны: Жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пəні: Математиканы негізгі мектепте оқыту процесінде оқушылардыңықтималдық-статистикалық білімдерін қалыптастырудың мазмұны мен əдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер негізгі мектепте ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту мазмұны мен əдістемесі сабақтастық негізінде жүйелі түрде жасалса, онда бұл мaтемaтикaны oқыту прoцесiнде oқушылaрдың ықтималдық-статистикалық бiлiмдерін қaлыптaстыруға мүмкіндік береді, өйткені жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқыту процесінде белсенді оқыту əдістері, құралдары мен тəсілдері қолданылады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты, пəні жəне болжамы зерттеудің келесі міндеттерін шешуге мүмкіндік берді:

  • ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтерінің математика ғылымыныңжекесаласыболыпқалыптасуыныңтарихикезеңдерінанықтап,оны оқытудың əлемдік тəжірибесін зерделеу;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім берудің стандартын, математикадан oқу бaғдaрлaмaлaры мен оқулықтарында ықтимaлдықтар теориясы мен стaтистикa элементтерін oқыту мaзмұны мен əдістемелік мəселелерді тaлдaу, білім мазмұнындағы сабақтастықты айқындау;

  • жаңартылған білім беру мазмұнына сай ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтерін оқытуды ұйымдастыру əдістерін, құралдары мен тəсілдерін, стохастикалық есептерді шешуге үйрету əдістемесін жасау;

  • 5-9 сынып оқушыларының ықтималдық-статистикалық білімдерін қалыптастыру əдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру жəне оны оқу процесіне енгізу.

Берілгенміндеттердішешуүшінкелесізерттеуəдістеріпайдаланылды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, оқу- əдістемелік əдебиеттерге, жалпыға міндетті негізгі орта білім берудің стандартына, математика пəнінен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, оқу құралдарына жəне оқу-əдістемелік кешендеріне, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы оқыту практикасына талдау жасау;

  • əртүрлі елдердегі стохастикалық материалдарды оқыту əдістемесіндегі айырмашылықтар, өзіндік ерекшеліктер жəне ортақ қасиеттерін айқындауға бағытталған бірқатар шет елдердің мектептеріндегі ықтималдық-статистикалық материалдарды оқыту тəжірибесінің салыстырмалы талдауы;

  • диссертацияның негізгі теориялық ұстанымдарын жəне тұжырымдарын эксперименттік тексеру жəне олардың нəтижелерін өңдеу;

  • зерттеу нəтижелерін əдістемелік семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда талқылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет