Microsoft Word История.№1,2010


қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық    жөніндегі  ұйым



Pdf көрінісі
бет22/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық    жөніндегі  ұйым  деп  атау  жөнінде шешім  қабылданды.  Бұның 
өзі Ұйым жұмысына жаңаша саяси серпін берді.  
1994  жылы  осы  ұйымның  Будапеште  өткен  саммитіне 55 мемлекет  қатысты.  Елбасы 
Н.Ə.Назарбаев  осы  жиында  алғаш  рет  сөз  сөйлеп,  Қазақстанның  Еуропа  мен  Азия  кеңістігіндегі 
қауіпсіздікпен даму процестерін қамтамасыз ету жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды. Осы жиынның 
тəуелсіз  Қазақстан  үшін  маңызы  ерекше  болды,  өйткені    əлемдегі  ядролық  қарулы  мемлекеттердің 
Қазақстанға берген қауіпсіздік  кепілдігі туралы келісімге қол қойылды. 
1996  жылы  Лиссабон  кездесуінде  «ХХI  ғасырдың  Еуропасы  үшін  жалпы  жəне  жан-  жақты 
қамтитын  қауіпсіздік  үлгілері»  туралы  декларация  қабылданды. «Қарулануға  бақылаудың  негіздері», 
«Қауіпсіздік саласындағы өзара іс қимыл бойынша форумның күн тəртібін  дамыту»  сияқты маңызды 
құжаттар қабылданды. 
ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысын Сыртқы істер министрлігінің кеңесі 3 жылға сайлайды. 2005 жылдан 
бастап  бас  əкімшілік  лауазым  иесі  болып  Марк  Перрен  де  Бришамбо  (Франция)  иеленеді.  Бұл  ұйым 
Венада орналасқан. Онда 3300 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі (2800 адам) 19 миссия мен 
жер-жердегі  іс-шараларда  қызмет  атқарады. 2010 жылы  ұйымның  бюджеті 150 765 000 миллион 
еуроны  құрайды. 2010 жылы  ЕҚЫҰ-ның  қаржылық  қуатын  талқылап,  келістіру  бойынша  үдеріс 
Қазақстанның  жетекшілігімен  жүргізіледі.  Бюджеттің 72 жүздейі  əлемдегі  түрлі  шараларға 
жұмсалады.  Сонымен  қатар, 2006 жылы  ЕҚЫҰ-ға  өз  еркімен 25 миллион  еуро  көмек  көрсетілген. 
Осындай  əлемдегі  болашағы  мен  беделі  зор  ұйымға  төрағалық  ету,  Қазақ  елінің  дүние  жүзіне 
танылуына мол мүмкіндік береді. 
2010  жылы 1 қаңтарынан  еліміз  төрағалық  іске  кірісіпте  кетті.  ЕҚЫҰ-ға  Төраға    қандай 
болмасын  ел  Ұйымның  негізгі  жетекші  органдарының  жұмысын  үйлестіреді.  Жоғары  деңгейдегі 
самиттер-кездесулерді,  мəжілістерді  ұйымдастырады.  ЕҚЫҰ-ның  биылғы  жылғы  басты  іс 
шараларынан Парламенттік Ассамблея мəжілістерін, қауіпсіздік саласындағы мəселелерге байланысты 
жыл  сайынғы  конференцияны,  Экономикалық-экологиялық  форум  мəжілісін,  адам  өлшемі 
саласындағы  міндеттемелерді  орындау  бойынша  кеңесті,  Толеранттылық  жəне  кемсітпеу  бойынша 
жоғары  деңгейдегі  конференцияны,  Ланкестіктің  алдын  алу  жөніндегі  конференцияны,  Копенгаген 
құжатының 20 жылдығына  арналған  конференцияны  атап  айтуға  болады.  ЕҚЫҰ-на  Қазақстаннан 
төраға  Қанат  Саудабаев-ҚР-ның  Мемлекеттік  хатшы,  Сыртқы  істер  министрі.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев 
қазақстандық  төрағалықтың  негізгі  нысаналары  төрт  «Т»,  яғни  «траст» (сенім), «традишн» (дəстүр), 
«транспаренси» (ашқтық) жəне  толеранс «төзімділік» деген ұстанымдар болатынын атап айтты.   
Мемлекетіміз алға қойған реформаларды тездетуге, 50 елдің қатарына қосылуды жеделдетуге, 
қоғамымыздың қазірден де ашық болуына  септігін тигізеді.  
 
1.Нұрсұлтан Назарбаев көреген көшбасшы»// Егемен Қазақстан.- 2009.- 31 желтоқсан. 
2.Тəжин  М.  Қазақстан  жəне  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы:  бейбітшілік,  қауіпсіздік  пен  даму 
жолындағы  ынтымақтастық // Егемен Қазақстан.- 2007. -2 наурыз. 
3.ЕҚЫҰ: əрекет жасайтын кез// Егемен Қазақстан.- 2010. -20 қаңтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет