ТАРИХ ПƏНІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІ МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИСТОРИИ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК-ҚОҒАМДЫ ЖАҢАРТАТЫН ЗАМАНУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ Б.Қ.Əбдіғұлова –
п.ғыл.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚР-ның Президентi Н.Назарбаев жылдағы Жолдауларында елімізге экономикалық жəне
қоғамдық жаңғыртудың-талап тілектері мен сұраныстарына сай замануи білім беру жүйесі қажеттілігін
нақты айқындап берді.
Қазақстан тарихы пəні бойынша «Тəуелсіз Қазақстанда ғылым мен бiлiмнiң дамуы» туралы
тақырыпты өту барысында ҚР-ның Президентi Н.Назарбаевтың 2008 жылғы Жолдаудағы он жетiншi бағыт “Бастауыш жəне орта бiлiм беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесiн əлемдiк стандарттарға жақындату” атты
бағытқа
басты
назар
аударылады. Оқытушы 17 бағытты меңгеру барысында кездесетiн: стандарт, əлемдiк стандарт,
бағалаудың бiр тұтас жүйесi, он-лайн тəсiлi, грант, мемлекеттiк конкурстар жүйесi сияқты жаңа сөздер
мен терминдерге анықтама берiп, мəнiн түсiндiредi.