72
математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пəндер
енгізу керек.
Бесіншіден, мектепте ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту керек. Кез келген
ортасанатты мектептегі балалардың ең жоғарғы деңгейде шет тілін
оқып үйренуіне жағдай жасау ...
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нəтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар
тағайындау жөнінде
мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу ...
Оқытушы осы тақырыптың мазмұнын тереңдетіп ашу үшін, бiлiм беру iсiне қатысты нақты
төмендегiдей қосымша мəлiметтер келтiруiне болады. Бiлiм жəне ғылым министрлiгi жанындағы
Балаларды қорғау жөнiндегi комитеттің басшысы Б.Сыздықовтың айтуынша, «елiмiзде 5 миллионға
жуық бала бiлiм алады. Оның 1,6 миллионы мектепке дейiнгi бiлiм алушылар, 151мыңнан аса
мүмкiндiгi шектеулi жеткiншiктер бар. «Қиын» балалар 19 мың, 51 мыңнан аса жетiм балалар бар»/3/.
«Халықты халықпен, елді елмен теңестіретін-білім» - деп атақты жазушы М. Əуезов айтқандай,
еліміздің жаңғырып, жаңа əлемнен лайықты орын алуы үшін отандық мамандарымыз мықты болуы
шарт.
Бəсекеге қабілеттіліктің əлемдік стандартқа сай кəсіби білімділікке қол жеткізгенде ғана бой
көрсетіп, сомдалатыны белгілі. Халықаралық деңгейдегі жаңа университеттер үшін ең жақсы шетелдік
оқытушыларды тарту көзделіп отыр. Білім жəне ғылым министрі Ж.Түймебаевтың мəліметіне
қарағанда, соңғы он жылда республикада 652 мектеп салынды. Республикада 3385 мектеп интерактивті
тақтамен жабдықталған. Мектеп оқулықтарының мазмұнының 85 пайызы сандық форматқа
көшірілген. Астана, Семей жəне Көкшетау қалаларында физика-математикалық бағыттағы
интеллектуалдық үш мектеп жұмыс істейді. Онда 1854 оқушы білім алады. Астанада 2010 жылы ТМД
елдерінің ішінде тұңғыш халықаралық математикалық олимпиада өткізілмек(4/. 2009 жылы 11 сынып
оқушылары арасында Президенттік олимпиада математика, физика, химия, биология пəндерінен өтті.
Дарынды балалардан халықаралық олимпиада қатысушы 436 оқушының 100-і алтын, 155-і күміс жəне
161-і қола медаль игерлері. Республикадағы 5 ұлттық университет халықаралық жүйеге кіру үшін 10
деңгей бойынша жұмыс жасайды.1997 жылы 272 мың абитурент студент аталса, 2006 жылы
студенттер саны 768 мыңға жетті. Алғашында гранттық жүйемен 9178 студент оқуға түссе, 2007 жылы
олардың саны 33190–ға жетті. «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі
тиіс»/5/. Астана қаласында əлемдік деңгейде Халықаралық университет жобасы іске асырыла бастады.
Жаңаша құрылған университет құрылымы, ұйымдастыру принциптері, оқыту əдістемесі жетекші
шетел университеттері үлгісіне мейлінше жақындату көзделген. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы
бойынша 3мың студент əлемнің 25 мемлекетінде білім алуда. 20-мыңнан асатын қазақстандықтар
шетелдерде білім алады. Осы соңғы жылы жоғары оқу орнының 200 үздік оқытушысына 15 мың
доллардан грант бөлінді. Таяуда 100 үздік мұғалімге 10 мың доллардан бөлу көзделіп отыр.
Сонымен
қатар 2009 жылға қарай 240 жаңа мектеп пен 50 кісіби-техникалық оқу орындары салу қарастырылған.
Қай жерде болмасын біздің мамандарымыз үлкен сұранысқа ие болуы тиіс.
60 миллион халық тұратын Ұлыбритания мемлекетінде 76 университет болса, 59 миллион
халқы бар Францияда 87 университет, ал 160 миллион тұрғыны бар Тайландта 194 университет
жастарға білім береді. Біздің елімізде 176 жоғары оқу орнының 104-і жеке білім беретін ордалар болып
табылады. 2008-2010 жылдары еліміздің жұмыс күшіне 274 мың адам қажет болса, техникалық
ғылымдар мен технологиялар саласына 22 мың, білім беру мен денсаулық саласына 12 мың, əлеуметтік
салаға 7 мың маман қажет екен.
Осы заманғы сапалы білім-əлемдік өркениетке жеткізетін сара жол. Бəсекеге қабілетті өнім
шығаруға, рыноктың басқа салаларында дер кезінде бетбұрыс жасауға мүмкіншілігі бар білікті
менеджерлер, инженерлер, технологтар мен маркетологтарға сұраныс жоғары. Сондықтан бүгінгі таңда
тозығы жеткен жабдықтар мен технологиялардың орнына жаңа технологияларға негізделген тауарлар
шығаруды ұлғайту үшін өндірістерді қайта жаңартып, басқаруды заман талабына сай құру қажеттілігі
туындайды. Өндіріс неғұрлым серпінді, əрі əртүрлі болған сайын мамандықтар көбейе түседі. АҚШ-та
мамандықтар саны 22 мыңнан астам/6/. Бейіндер (профильдер) мен олардың құрылымдық
элементтерінің саны үнемі өзгерісте, біреуі жаңадан пайда болса, екіншісі қажетсіз болып отыр.
Дамыған елдерде өндіріс пен бейіндік оқу арасында тығыз өзара қатынаста үйлесімділік бар.
Оқу орындары инновациялық технологияның қазіргі дамуына сай кадрларды кең ауқымды бейіндік
даярлауға бағытталған.
Студенттер өзінің келешектегі мамандығын модельдеуге қатысумен қатар кредиттік
технология арқылы өздерінің оқу бағдарламасын əзірлеу мен іске асыруға араласуға мүмкіндігі бар.
ЖОО мен колледждер жүздеген кəсіпорындармен тығыз байланыста жаңа оқу бағдарламаларын
73
əзірлеу мен даярлауға тікелей қатысады. Осындай оқу орнымен кəсіпорынның арасындағы тығыз
ынтымақтастықтың нəтижесінде білікті мамандар даярлауға, оқу мен болашақ жұмыстың байланысын
қамтамасыз етуге, дипломдық жобалар мен ғылыми еңбектер өндірістің проблемаларын шешуге
мақсатталуына септігін тигізеді.
Бүгінде Батыс елдерінде белсенді халықтың 15 пайызына ғана өндіріс процесінде тауарға қол
тигізсе, қалған 85 пайызы шығармашылық, менеджмент жəне ақпарат беру процесінде құн қосады.
Жыл сайын адам білімінің құны артып, талап етілетін ресурсқа айналады.
Қазір Ресейде бір мың жұмыс істеушіге 7,5 ғалымнан келсе, ЕО-да 5,8-ге, АҚШ-та-9,3ке, ал
Қазақстанда 3-ке тең. Міне, біздің еліміздегі деңгейді орташа еуропалық деңгейге жеткізу үшін 2012
жылы ғылымды қаржыландыруды 3 есеге ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізу
көзделген.
Қазақстанда орта білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі-2020 жылға қарай жалпы
білім беретін мектептерде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жүзеге асырылуы.
Республиканың жүзден
аса мектебінде эксперимент ретінде іске асырылып жатқан бұл жүйе
бойынша
оқушының тек білім, білік жəне дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес
Достарыңызбен бөлісу: