1
Қарақалпақ филологиясы
факультетінің Қазақ
филологиясы тәлім – бағдарының
2– курс студенті Қайыпназарова Жадыра
«Диалектология» пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қарақалпақстан қазақтары тіліндегі
лексикалық ерекшеліктер»
Қабылдаған: Асанова Ж.
Нокис-2014
2
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Синоним, омоним, көп мағыналы сөздер
2. Фразеологизмдер
3. Табу мен эвфемизмдер
Қорытынды
3
Кіріспе
Қазақ диалектілерінің арасында бірі түркі тілдің ана тобына жатады деп
жіктестірерліктей диалектілер жоқ. Дегенмен, көршілес, аралас отырған түркі
халықтардың тілдік ықпалы нәтижесінде оңтүстік өңірдің қазақтарының
тіліне өзбек тілінен, оңтүстік–батыс алқаптың қазақтарының тіліне
қарақалпақ, түрікмен тілінен өткен елеулі тілдік элементтердің бар екені рас.
Сол секілді Қазақстанның башқұрт, татар жұртына жатқан өлкелердегі
жергілікті халықтың тілінен осы тілдердің бірлі-жарым элементінің
кездесетіні бар
1
. Бұлар диалектілердің біреуінде аз, біреуінде көп дегендей,
структуралық саланың үшеуін де қамтиды. Әсіресе Орта Азияның ішкі
қоныстарында тұратын жергілікті қазақтардың тілі осындағы тілдердің
ықпалына көбірек шалдыққан.
Біріншіден,
өзбек,
қарақалпақ,
түрікмен,
қырғыз
арасындағы
қазақтардың тіліндегі кірме құбылыстың бәрі мынасы мына тілдікі, анасы
ана тілдікі деп бұтарлап бөліп тастауға келе бермейді. Өйткені мұндай
кірмелер осы ағайын тілдердің бәріне, я ең кем дегенде солардың екеуіне
ортақ құбылыстардан құр алақан емес.
Біздің сөз еткелі отырғанымыз – Қарақалпақстан аймағындағы қазақтар
есте жоқ заманнан бері күні бүгінге дейін өзге халықтармен бірге өсіп, біте
қайнаған нәрі қоныстардың бірі – оның үстіне жылдың әр мезгілінде келіп
дүркін базар шығып, бас қосып отырған әртүрлі қарым-қатынастың орталығы
болуы себепті – Қарақалпақ өңірі лингвистикалық тұрғыдан болсын, тарихи-
этнографиялық тұрғыдан болсын зерттеуге әбден тұрарлық.
Сыртқы әсердің жетегіне бейім тұратын тілдің лексика саласы.
Лексикамен салыстырғанда тілдің дыбыс, грамматика сияқты салаларының
өзге тілдердің ықпалына ұшырауы анағұрлым баяу. Дегенмен, тілдің
дыбыстық, грамматикалық жүйесінің мұндай ауыс-түйіс мәселелері кем
дейтін болсақ та, біз зерттеу жүргізу барысында кейбір дыбыстық,
грамматикалық құбылыстардың қарақалпақ тілінің қазақтар тіліне, кейбір
1
Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы. Мектеп. 1985. 14-бет.
4
аймақтарда қазақ тілінің қарақалпақтар тіліне әсер еткенін байқадық.
Осындай екі тілдің бір-біріне әсер ету құбылыстарының біразы– халықтық
тіліміздің қалыптасуына ұйытқы болған ежелгі ру-тайпа диалектілерінен
сақталған көне нышан да, енді біразы қазақ халқының өзге жұрттармен
арадағы араласы, қарым-қатынасы нәтижесінде еншіленген ауыс-түйіс
дүниеліктер. Екінші сөзбен айтқанда, бергі замандардың жемісі– бөгде тілден
ауысып келген кірме құбылыстар.
Біздің үйреніп отырған – Қарақалпақстан аймағындағы аралас отырған
тілдердің (қарақалпақ, өзбек, түрікмен) жүйесінде қарастыратын мәселелер
сол аймақтағы тілдік ерекшеліктердің айрықша белгілері жергілікті қазақтар
тіліндегі қарақалпақ тілінің әсерінен пайда болған ерекшеліктер өзіндік
сипаты, қай аймақта бір тілдің екінші тілге көбірек әсер ету жағдайы т.б.
мәселелер кіреді. Сонымен қатар әрбір тілдегі екі тілділік құбылысының
даму жолы, ерекшелігі, тарихи қалыптасу мәселелерін қоса қарастырған жөн.
Бұл айтылғандар белгілі бір аймақтағы тілдің бір-біріне әсер етуін зерттеу
проблемалары үлкен ғылыми еңбекті талап ететіндігін көрсетеді.
Біздің реферат жұмысымыздың негізгі мақсаты – Қарақалпақстанда
мекендеуші қазақтар тіліндегі туыстас қарақалпақ тілінің әсер етуінен пайда
болған лексикалық ерекшеліктерді жинау және оларды белгілі бір жүйеге
салып үйрену арқылы қазақ және қарақалпақ тілдерінің өзара байланысы
мәселелерін зерттеу болып табылады.