Microsoft Word Кайыпназарова Ж



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата13.05.2020
өлшемі323,84 Kb.
#67779
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
qaraqalpaqstan qazaqtary tlndeg leksikalyq erekshelkter

Синонимдер.

  Белгілі  бір  заттың  не  ұғымның  бірнеше  атпен  аталып, 

бірнеше  вариант  күйінде  айтылуы  себепсіз,  жай  бола  салған  құбылыс  емес. 

Оның өзі белгілі бір тарихи жағдайлардың жемісі. Әдеби тілде немесе белгілі 

бір регион тұрғындарының  тілінде синонимдердің кездесуі сол  тіл иелерінің 

басқа да тіл өкілдерімен жиі қарым-қатынасқа түсіп, олардың бір-біріне әсер 

етіп,  лексикалық  жағынан  ауыс-түйістердің  болғандығын  көреміз.  Қазақтың 

әдеби  тіл  мен  диалектілерінде  кездесетін  синонимдердің  шығу  төркінін  сөз 

еткенде осы жағдай назардан тыс қалмауы тиіс. 

Енді  негізгі  мәселемізге  келетін  босақ,  бұл  говордың  Қазақстан 

территориясындағы  зерттелген  басқа  говорлардан    ерекшелігі  –  көптілділік. 

Говорға  тән  байырғы  сөздермен  бірге  басқа  тілдерден  кірген  сөздер  жарыса 

жиі қолданылу нәтижесінде синоним қатарлары молая  түскен. Конкретті зат 

атауларымен байланысты говордағы темір жаба, айыр, шаршақ (шөп үйетін 



құрал),  қайыш  күртік  (етке  салынатын  нан),  бапса,  зәңгі,  тепе,  саты 

(баспалдақ) осы сияқты бірнеше мысалдар келтіруге болады. 

Диалектідегі  синонимдерді  бірнеше  мағыналық  топқа  ажыратуға 

болады. 

Абстракт 

ұғымға 

байланысты 



қардар, 

мүтәж 

(мұқтаж 

мағынасында), дімкәс, науқас, битап  (ауру), бардамлы, құрғын  (күйлі тұру), 

дәбдебе, тәнтәнә (гу-гу әңгіме) қалыптасқан сөздер кездесіп отырады. 


 

8

Iстің  аяқталуын  білдіретін  говордағы  құтару  (бітіру),  сауу  (ақшаны 



жұмсау)  деген  диалектілік  сөздер  жиі  қолданылып  отырады.  Жергілікті 

халық  тілінде  күнделікті  тұрмыста,  өзара  қарым-қатынаста  синонимдердің 

қолданылуы  бір  тегіс  емес.  Олардың  кейбіреулері  жарыса,  жиі  ауызға 

алынып  отырса,  ал  енді  біреулері  сирек  айтылады.  Мәселен,  кесел,  дәмкәс, 



битап  (ауру,  науқас)  сөздердің  күнделікті  қолданылуда  жиі  де  жарыса 

кездесетіндері дәмкәс, битап. Ал кесел сөзінің қолданылуы алдыңғы екеуіне 

қарағанда  сирек.  Бардамлы,  құрғын  (күйлі)  сөздерінің  алдыңғысы  аралас 

отырған  қазақтар  тілінде  көп  кездеседі.  Ал  қардар,  мүтәж  (мұқтаж) 

сияқтылары әр уақытта тең дәрежеде, жарыса пайдаланылады. 

Сонымен  қатар  диалектіде  кездесетін  синоним  сөздерді  тіліміздегі 

вариант, 

дублеттер 

тілдік 

категориялар 

тұрғысынан 

фонетикалық, 

лексикалық, грамматикалық болып үшке бөлінеді.  

Фонетикалық  дублеттер:  Сүйінші–шүйінші,  ұнасы-үнасы,  зембіл–

зәмбер,  гешір–гәшір,  келле-кәлле,  сорпа-шорпа,  қарбыз-қармыз,  жылмала-

кілмала  т.б.  Бұл  дублеттердің  әрбір  сыңары  бір-бірінен  фонетика  жағынан 

яғни жеке дыбыстардың түрліше дыбысталуы арқылы бөлектенеді. 

Лексикалық  дублеттер:  Бұл  топқа  сыңар  сөздердің  әрбір  компоненті 

дыбысталу  жағынан  бір-біріне  ұқсамайтын  сөздер  жатады:  аяқташпа, 

деңгене (малды жіліктеп сойып бөліп алу), әйдік, нән  (үлкен), қолша, дүңгір, 

бидон, шелекше (сүт құятын ыдыс). 

 Говорда  ұшырасатын  синоним  сөздер  тек  бұлармен  шектелмейді.  Олар 

көлемі жағынан лексикалық ерекшеліктегі категориялардың қай қайсысынан 

да басым жатыр. Солардың кейбіреулерін атап өтейік: 



Лауа  кесе,  ным  кесе,  кла  кесе,  көкнар  кесе  (үлкен  сорпа  құятын  кесе); 

бардамлы,  құрғын  (күйлі);  бақыраш,  сарқым,  шәңгіл,  шөлмек  (су  ішетін 

ыдыс);  май  нан,  шелпек,  жайма  нан  (майға  пісірілген  нан);  қардар,  мүтәж 

(мұқтаж);  ұнасы,  кеспек,  үзбен  (қамырдан  кесілген  нан);  қырма,  керсен, 

шанақ  (кішкене  табақ);  шылапшын,  леген,  ләгән  (кір  жуатын  ыдыс);  сыпа, 

тапшан  (жазда  отыруға  арналған  орын);  әйдік,  нән  (үлкен),  аяқташпа 


 

9

(малды  сойып,  жіліктеп  бөліп  алу);  дәбдебе,  тәнтәнә  (гу-гу  әңгіме);  сүзекі, 



шолпы  (қамырды  сүзуге  арналған  бұйым);  қолша,  дүңгір,  бидон,  шелекше 

(сүт құюға арналған ыдыс);  зәңгі, баспалдақ, саты, тепе. Қорыта айтқанда, 

диалектідегі синонимдердің негізгі көзі басқа туыстас тілдерден атап айтсақ, 

бәрінен бұрын қарақалпақ тілінен кірген сөздер. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет