3. Табу мен эвфемизмдер
Қарақалпақ қазақтары тіліндегі лексикалық кірмелер, жергілікті қазақтар
тіліне қарақалпақ тілінің лексикалық әсері – бұл үлкен 1ңгіме. Біз соның
ішінде жергілікті қазақтардың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарақалпақ тілінің
әсерінен пайда болған - табу мен эвфемизмдер жайындағы мәселені сөз
етеміз.
3
Узбекско-русский словарь. М. 1954.
16
Табу көптеген халықтарда белгілі бір дәуірлерде этнографиялық оқиға
сыпатында қалыптасып, көпшілік халықтарға тараған. Табудың тілден-тілге
тез тарауы оның бір дәуірлерде белгілі оқиға болғандығынан дерек береді.
Мәселен, біздің зерттеу жүргізіп отырған аймағымызда ата-бабаларымыз
өмірінде тыйым салған әрекеттерді істеу, әулие, қойымшылық орындарын
басу күнә және бақытсыздық әкеледі деп түсінген. Сонымен бірге түркі
халықтарының көпшілігінде әйелдер жүкті уақтында түйе етін жемейді, егер
жеп қойса, әйел ай-күнінен кеш туады деген ырым бар. Бұл ырым көршілес
қарақалпақ, өзбек, түркмен ұлт өкілдеріне де тән болып есептеледі.
Қарақалпақ қазақтары тілінде көп кездесетін табудың бір көрінісі – бұл
адам аттарына байланысты. Мәселен, отбасында әйелдер ерінің атын атамай,
әйелдер ерлерін балалардың атасы, балалардың әкесі, үйдің яшуллысы деп
шақырған. Келін түскен үйіндегі қайын інілері, қайын бикештерін аппақ
бала, аппақ қыз, кішкене қыз, мырза бала, ортаншы бала немесе бір
белгісімен сарықыз, аққыз, сары бала, шырайлым деп атайды. Осы
келтірілген мысалдар қарақалпақтар тығыз жайласқан аудандардағы аралас
отырған аз сандағы қазақтардың тілінде айтылады. Сондай-ақ келін ерінің
анасын ене деп айту көбінше жергілікті қарақалпақ ұлт өкілдеріне тән.
Қарақалпақтармен актив байланыстағы қазақтар тілінде ене түрінде
айтылады да, пассив байланыстағы қазақтар тілінде апа формасында
айтылады. Осының нәтижесінде әйел-қыздарға байланысты лексика
қалыптасқан. Егер жаңа түскен келін үй иелерінің атын атаса күнә болады
деген ырым жергілікті қарақалпақ, өзбек халықтарында да терең
қалыптасқан.
Бір затты, бір құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау табумен
байланысты емес. Сөздің ұғымы қолайсыз, көңілге тиетіндей жағдайда тілде
бір сөз екінші сөзбен ауыса береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы
сөздің орнын жұмсартып, сыпайы жеткізетін сөздер болады. Бұл құбылыс
тілде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты қорқудан туған сенімге
емес, сыпайылық пен әдептілікке негізделеді. Қарақалпақ қазақтары тілінде
17
қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі күндегі халқымыздың қалыптасқан
этикалық және эстетикалық нормаларының көрінісі болып есептеледі.
Әрбір мәдениетті адам құрмет, сыпайылық, әдептілік сияқты
нормалардан шетке шықпай, мәдениетті сөйлеуге тырысады. Сол үшін әрбір
сөздің мағынасын басқаларға қалай әсер ететінін есепке алмай, ойламастан
сөйлеген сөзден, тыңдаушы да, сөйлеуші де қолайсыз жағдайға түсуі табиғи
нәрсе. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген сөздің халық арасына кең
таралуы сол себепті болса керек.
Қарақалпақ қазақтары тіліндегі эвфемизмдер төмендегіше әр түрлі
мағыналарда кездеседі. Мәселен, адамның жаман әрекеттеріне байланысты
жолы бұзық, аяғын қисық басады, алып қашпай әдеті бар сияқты тіркестер
айтылады. Қарғыс мәнді сөздердің орнына көбіне болымсыз формасы
айтылады: жағыңа балта тимегір, сүйегі сіпсе болмағыр, үйі қарап
болмасын т.б. Адамдардың мінезіне байланысты ұры адамға қолы қалт
тіркесі, жалатай (тәрбиесіз), гезенде (диуана) сияқты сөздер кездеседі.
Жергілікті қарақалпақ және қазақ ұлт өкілдерінің сенуінше табиғаттан тыс
қандай да бір күштер жын, шайтан, албасты, аруақ, дінге, сиқырлыққа
(магия) сену арқылы түсініктер кең тарқалған. Мұндай түсініктер әр түрлі
әдет-ғұрыптар, ырымдар негізінде қалыптасқан. Мәселен, жүйке ауруымен
ауырған адамға қарата бір нәрсенің саясы түсіпті, бір нәрсенің салқыны
тиіпті, бір нәрсе әрекеттепті, бір нәрсе көзіне көрініпті сияқты тіркестер
қолданылады. Халық арасында кейбір аурулар жұғады деген түсінікпен
аурудың атын айтуға тыйым салынған. Мәселен, жаман ауру (прокоза),
топпылы (пес), есігінде пахтасы бар (қызылша) және т.б. осы сияқты
тіркестер жергілікті қазақтар мен қарақалпақтардың тілдерінде айтылады.
Балалар ауырса иттеніпті, ит тиме, көзіккен деген тіркестер, үлкен адамдар
ауырса
шамалдапты/шамаллапты,
ұшыныпты,
қағыныпты
сияқты
тіркестер, адамның азып кетуіне байланысты жүдеп кетіпті, сылынып
қапты, имейіп қапты деген тіркестер қолданылады.
18
Эвфемизмдердің тағы бір түрі өліні жерлеу дәстүріне байланысты
қалыптасқан. Өлген адамды мәйіт, сол мәйітті жууға кірген адамдарға –
сүйекке кірді, арулады, пәклеп шықты, басына су берді сияқты сөз тіркестер
қолданылады. Қарақалпақ тілінде сүйек сөзі өлі дене мағынасында айтылады.
Мысалы: сүйекшілер, сүйекші
1
.
Табу
мен
эвфемизмдерді
үйренгенімізде
құрамындағы
кейбір
элементтердің қарақалпақ тілінде әдеби норма болып, жергілікті қазақтар
тіліне әсер еткендігін байқадық.
Қарақалпақ қазақтары тіліндегі табу мен эвфемиздерге талдау
жасағанымызда, табу менен эвфемизмдердің белгілі бір дәуірлердегі
этнографиялық оқиға болып, бүгінгі күнге дейін тілімізде қалыптасып,
дамып, жергілікті қарақалпақтар мен қазақтардың тілдерінде кең түрде
қолданылатынын көруге болады. Жергілікті қазақтар тіліндегі табу мен
эвфемизмдердің көпшілігі тікелей қарақалпақ тілінің әсерінен пайда болған.
Қорыта айтқанда, табу мен эвфемизмдер сөйлеу мәдениетіміздің
дамуына, сөз мағыналарының кеңеюіне, сөздік құрамның баюына үлкен
қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |