Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау: Оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс: Денсаулық пен қауіпсіздік АКТ Құндылықтар
Бақылау: Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?
Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1.
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?
18-сабақ. Мазмұндама.
2-БӨЛІМ: ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН
(Жарық пен қараңғы)
ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАНДЫ АЙЫРА БІЛЕМІН
САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 19-сабақ. Қаратпа сөз
МЕКТЕП:
КҮНІ:
МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:
СЫНЫП: 3
қатысқандар саны:
қатыспағандар саны:
ОҚУ МАҚСАТЫ:
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату жəне тыныс белгілерін дұрыс қою;
3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Қаратпа сөздерді анықтай алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Алдыңғы білімдер
Тіл жəне сөйлеу, мəтін, мəтін жəне оның түрлері, сөйлеу мəдениеті.
Жоспар
Жоспарлан- ған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)
1 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.
(Ұ) «Жақсы мен жаман» тақырыбына кластер жасау. Ү л г і:
жақсы жаман Кластерді интерактивті тақтада толтырып, ой бөлісу.
Көңілді əуен қосып қою
2 минут
Интерактивті
тақтаның көмегімен кластерді қолдану
2 минут
«Ойлан – жұптас – талқыла»стратегиясы.
«ББҮ» кестесімен жұмыс. Қаратпа сөз
Кестенің алғашқы екі бөлігін толтыру. Жұбымен ой бөлісіп, талқылау.
«ББҮ»
кестесімен жұмыс
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)
3 минут
3.3.7.1 (Ө; Қ) Кестедегі сөздерді салыстыру. Мазмұны мен тыныс белгілеріне назар аудару. Сөйлемдерді салыстыру. 1-жаттығу. Кестеде берілген сөйлемдерді оқып, олардың мазмұны мен тыныс белгілеріне назар аудартылады. Оларды салыстырып оқиды. «Арайлым», «əже», «қызым» қаратпа сөздерін басқа балама сөздермен («Арайлым-ау», «қызым- ау» т.с.с) алмастырып, осы сөздерді іс жүзінде қолдануға жаттығып көреді.
Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқағанын айтып, ой қорыту жасайды.
Оқулық
5 минут
3.2.4.1 (Т; Қ) Мəтінді тыңдау. Мəтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою. Мəтін мазмұны бойынша жоспар құру.2-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтінде не туралы айтылғанын анықтайды. Мəтінге ат қояды. Мəтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқиды. Оған өз ойын білдіреді. Мəтіндегі қарамен жазылған «Балам-ау» сөзіне назар аудартылады. Бұл сөздің не үшін қолданылып тұрғаны туралы өз ойларымен бөлісіп, дəлелдейді. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, өз ой қорытындыларымен салыстырып, талдау жасайды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Оқулық
1 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.