3.4.1.1 (МК; Ө; Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Ф дыбысы туралы білетінін еске түсіру.
Оқулық
24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады (ф əрпі). Жұмбақтың шешуіндегі əріп қай дыбыстың таңбасы екенін анықтайды. Ол дыбыс туралы не білетіндерін айтады.
5 минут
3.4.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өлеңді жаттап, жатқа жазу. Ф əрпі бар сөздерді сауатты жазу. 25-жаттығу. Оқушыларға өлеңді жаттатып, жатқа жазғызылады.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары: Тақтаға/флипчартқа өлеңді жазып қою.
Өлеңді оқу үлгісін көрсету.
Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
Өлеңді жаттау (3-4 минут).
Жазған өлеңді тексеру.
Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзету жұмыстарын жүргізе алу білігі бағаланады.
6 минут
3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден іздеу. Өлеңдегі ф дыбысы бар фойе, фестиваль, Фатима, финал, флейта сөздерінің мағынасын дереккөздерден іздейді.
Флейтаның қандай аспап екенін талқылап, тағы қандай музыкалық аспаптарды білетінін айтады.
Ф дыбысы бар сөздер айтқызылып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігі байқатылады. Жасаған тұжырымдарын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырып, ой қорыту жасайды.