Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx



Pdf көрінісі
бет56/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95
Байланысты:
қарттар

Медициналық қызметтердің сапасы мен оны алудағы қолжетімділік 
 
2020 жылғы сауалнамаға сәйкес денсаулық жағдайын қанағаттанарлық деп 
бағалайтын егде жастағы адамдардың үлесі едәуір өсті (үштен біріне, 2008 жылғы 59% -дан 
2020 жылы 79% -ға дейін). Денсаулығын «жақсы» деп бағалайтындардың үлесі едәуір өсті 
(шамамен 4 есе): 5%-дан 18,6%-ға дейін. Тиісінше, денсаулығын қанағаттанарлықсыз деп 
бағалайтындардың үлесі айтарлықтай төмендеді, бұл «едәуір нашар», «нашар» және «маған 
үнемі медициналық көмек қажет» бағалауларының қосындысы: 2008 жылғы 42%-дан 2020 
жылы 22%-ға дейін. Әрбір бесінші қарт адамның денсаулық жағдайы қанағаттанарлықсыз, 
бұл 2008 жылмен салыстырғанда екі есе аз. 
Ер адамдар өз денсаулығын көбінесе жақсы деп бағалайды - ерлердің 33% және 
әйелдердің 22% , ал сирек - 9% ерлер мен әйелдердің 14%. Әйелдердің 12% және ерлердің 
7% тұрақты медициналық көмекке мұқтаж екендігі де анықталды. 
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұрғындарды сүт безі, жатыр мойны және қуық 
асты безінің қатерлі ісігін анықтауға арналған ауқымды медициналық скрининг, оның 
негізгі мақсаты ауруларды алғашқы сатысында анықтау және оның дамуын болдырмау, 
сондай-ақ аурудың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын тұрғылықты жері 
бойынша медициналық ұйымдар анықтайды, осыған қарап егде жастағы адамдардың осы 
скринингтен өтулері қарттардың қамтылуының жоғарылауы көрінген, оған келесі зерттеу 
нәтижелері дәлел: 

2020 жылы сүт безі қатерлі ісігі бойынша скринингтен өтуге ұсынылған әйелдердің 
үлесі (2008 жылы 33% -дан 2020 жылы 68%-ға дейін) және жатыр мойны обыры 
бойынша (2008 жылы 29%-дан айтарлықтай өсті (екі есеге), ал бұл көрсеткіш 2020 жылы 
59% дейін өскен). 2020 сауалнамасының нәтижелері бойынша осындай тексеру 
жұмыстары ұсынылғандардың барлығы оны аяқтап, тексеруден толық өткен. Бұл 
тексерулерден әйелдердің аз ғана пайызы (1-2%) медициналық мекемелердің 
тексеруден өтуге шақыруынсыз өздідері тексеруге қатысқан. 

Еркектерді тексеруге қатысты көрсеткіштері төмен: 2008 жылы респонденттердің тек 
23% және 2020 жылы 28% қуық асты безі ауруын анықтау мақсатында тексеруден өтуге 
шақырылды; 2008 жылы ерлердің тек 17% осындай тексерулерден өткен болса, 2020 
жылы бұл көрсеткіш 28% дейін өсті, яғни осы тексеруден өтуге ұсынылған ерлердің 
барлығы тексеруден барлығы дерлік өтті. 

Респонденттердің тұрғылықты мекен типі бойынша айырмашылықтар жоқ; 
профилактикалық тексерулер тұрғылықты жеріне қарамастан ерлер мен әйелдердің тең 
үлесін қамтиды: ауылда, шағын немесе үлкен қалаларда толығымен халық бұндай 
тексерулерден өтеді. 

Зерттеулер көрсеткендей, егде жастағы адамдардың көп бөлігі көрсетілетін 
медициналық көмектің сапасына қанағаттанған (2008 жылы - 62%, 2020 жылы - 60,4%). 
2020 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша егде жастағы науқастарға медициналық 
қызметкерлердің назар аудармауын көрсеткен респонденттердің үлесі үштен біріне 
төмендеді (2008 ж. 52%-дан 2020 ж. 38%-ға дейін), ал медициналық мекемелердегі кезек 
мәселесі (сәйкесінше 46%-дан 34%-ға дейін) азайды. Осы жылдар ішінде бір проблема 
шешілмей қалды 
ол 
«жақын 
аралықтағы 
медициналық 
мекемеде қажетті 
мамандандырылған дәрігерлердің болмауы», 2020 жылға сәйкес бұл медициналық 


68 
қызметтердің сапасына қанағаттанбаудың ең көп тараған себебі болып табылады 
(респонденттердің 43% 2020 жылы, ал 45% 2008 жылы атап өтті). Оның үстіне, бұл 
ауылдарда, шағын қалаларда және ірі қалаларда бірдей таралған көрініс. 

Егде жастағы адамдарда туындайтын жалпы медициналық қызметтерді алу кезіндегі 
кең 
танылған 
мәселе: 
мамандандырылған 
дәрігерлердің 
тексеруін 
алуға 
мүмкіндіктерінің болмауы (хирург, кардиолог, офтальмолог, уролог, гинеколог, 
ортопед, эндокринолог және т.б.), МРТ және компьютерлік томография, стоматология, 
әртүрлі ультрадыбыстық құрылғылар арқылы ішкі органдарды тексерту әлі күнге дейін 
қол жетімді емес болып тұр. Негізгі мәселе - тағайындалған медициналық қызметтердің 
қол жетімді емес, жоғары құны. 
Көмекке зәру болулары
Басқа адамдардың физикалық көмегіне деген қажеттілік 70 жастан асқан егде 
жастағы адамдарда (31%) жас топтарға қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі (55-59 жаста - 
16%, 60-69 жаста - 22%). Қазіргі кезде егде жастағы адамдар толығымен 
ақпараттандырылған, олар дұрыс тамақтануға және белсенді өмір салтын ұстануға 
тырысады, соған сәйкес басқа адамдардың физикалық көмегіне мұқтаждардың үлесі 
азаяды. 
Респонденттердің басым көпшілігі (2008 жылы 80% және 2020 жылы 69%) көмекке 
мұқтаж болған кезде балаларына жүгінетіндігін көрсетті. Респонденттердің айтарлықтай аз 
саны (2008 жылы 9% және 2020 жылы 12%) егер олар сырттан көмекке мұқтаж болса, олар 
басқа туыстарына, тіпті дегенде көршілеріне жүгінетіндігін мәлімдеді (2008 жылы 4%, 2020 
жылы 2%) және достарына жүгінетіндер (2008 жылы 2% және 2020 жылы 3%). 2008 жылы 
респонденттердің 5% көмекке мұқтаж болса, жүгінетін адамдары жоқ екенін мойындады, 
2020 жылы мұндай респонденттердің 3,4% көрсеткішін көрсеткен. 2020 жылғы сауалнама 
нәтижелері бойынша респонденттердің тек 0,8% ғана әлеуметтік қызметтерден көмек 
сұрайтынын көрсетті. 
Респонденттердің көпшілігі көрсеткен әлеуметтік қолдау мәселелеріндегі басты 
артықшылық (2008 жылы 85% және 2020 жылы 78%) мемлекеттік зейнетақылар мен 
жәрдемақылардың мөлшерін көбейту болып табылады. Медициналық қызметтерді қол 
жетімді ету қажеттілігін атап өткен респонденттердің үлесі (2008 жылғы 35% 2020 жылы 
48% -ға дейін), бұл соңғы 12 жылда медициналық қызметтер Қазақстанның қарт азаматтары 
үшін анағұрлым қол жетімді бола алмағандығын көрсетті, осығна қарап қарт адамдардың 
медициналық қызметтерге деген сұраныстың артуы және денсаулыққа деген қажеттіліктің 
маңызы да артқандығын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет