70
2020 жылғы сауалнама егде жастағы адамдардың көпшілігі белсенді сайлаушылар
екенін және өкілдік сайлауға белсенді қатысатындығын растады: 2008 жылы 75% және 2020
жылы 74%. Әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар аясындағы талдау көрсеткендей, жас
тобы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым олар сайлауға белсенді қатысады: 55-59 жаста - 72%,
60-69 жаста - 74% және 70 жас және оданда жоғары жастағылар - 81% сайлауға қатысады
екені анықталды. Ауылдардағы қарттар (80%) және шағын қалалардың тұрғындары (79%)
ірі қалалардың тұрғындарына (67%) қарағанда сайлауға қатысып, дауыс береді.
Сонымен бірге жүргізілген сауалнамалар көрсеткендей, егде жастағы адамдардың
басым көпшілігі (84%) әлеуметтік белсенділік танытпайды және қоғамдық бірлестіктердің
немесе үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне белсенді қатыспайды, бұл келесі сауалнама
нәтижелерінде белгілі болды:
Екі зерттеуде де (2008,2020 ж.ж.) қатысқан респонденттердің тек 3% қандай да бір
қоғамдық бірлестікте немесе үкіметтік емес мекеменің құрамында тіркеуде
тұратындықтарын айтқан;
2020 жылы жалпы алғанда респонденттердің 16% қандай да бір мекемелерде немесе
мерекелік шаралар кезінде ақы төленбейтін ерікті ретінде қызметтер атқарғандықтарын
айтқан:
o
Қарттарға, жастарға, мүмкіндігі шектеулі адамдар, қиын өмірлік жағдайдағы
және
басқа
да
көмекке
зәру
адамдарға
көмектесетін
мекемелерге
көмектесетіндер;
o
Білім беру, мәдени, спорттық, кәсіби бірлестіктер мен мекемелерде;
o
Ерікті мекемелерде, қоғамдық қозғалыстарда қызметтер ету.
55 және одан да жоғары жастағы респонденттердің 7,4% қандай да бір
профбірлестіктердің, саяси партиялардың, қозғалыстардың жұмыстарына қатысқан,
оның ішінде 7,8% ерлер, 7,0% әйел адамдар қатысқан.
Достарыңызбен бөлісу: