65
Емханаға/ауруханаларға барудың мүмкін болмауы, себебі барлығы қабылдауға жабық
болды (45 немесе 2%);
Жедел жәрдемнің сапалы көмегі мен уақытылы келуінің қиындауы (41 немесе 2%);
Қоғамдық көліктердің болмауы (40 немесе 2%);
Туыстар/жақындар/достарға баруға рұқсаттың берілмеуі (40 немесе 2%);
Тегін бетперде, қолғап, антисептиктердің болмауы (40 немесе 2%);
Жоғары қысым кесінде барлық мекемелердің жабық және жұмыс істеулерінің
түсініксіз болуы (31 немесе 2%);
Жалғыздық кезіндегі қолдау (29 немесе 2%);
Көп ақпараттардың болуы себебінен моральды қысылу мен қорқыныштың болуы (29
немесе 2%);
Адамдардың қайтыс болуы мен дүрбелеңі мені де қорқытты – тұрақты моральдық
қолдау көрсететін адамдардың болмауы (27 немесе 1%);
Жұмысқа барып жұмыс істеудің мүмкіндігінің болмауы (28 немесе 1%);
Әлеуметтік қолдау (27 немесе 1%);
Туыстар мен жақындар үшін алаңдау, туыстар мен жақындарды қорқыныш себебінен
қолдау (23 немесе 1%);
Әр уақытта сала маманы бойынша дәрігерге қаралуға емханаға баруға мүмкіндіктің
болмауы (24 немесе 1 %);
Ауыру кезінде/созылмалы аурулармен ауыру кезінде емделуді жалғастыру мүмкіндігі
(23 немесе 1%);
Азық-түлік пен дәрі-дәрімектерді сатып алуға көмек (21 немесе 1%).
Жалпы, респонденттердің 23,4% оларға көмек/қолдау/материалдық көмек
алғандықтарын көрсетті. Респонденттердің
жауаптарын талдай отырып, респонденттер
көбінесе мемлекетті көмек көзі ретінде
атап өткенін айта өту керек, яғни көп жағдайда
мемлекеттік органдар оларға көмек көрсетілген. Зерттеуге
қатысушылар мемлекеттен
ақшалай жәрдемақы алғанын, ал кейбір қарт адамдарға жергілікті әкімдіктер коммуналдық
төлемдер, материалдық немесе азық-түлік көмегі және т.б. төлемдер түрінде көмек алғанын
ризашылықпен атап өтті.
Респонденттерден алынған жауаптар пандемияға байланысты
оқшауланудың қиын жағдайында біздің қоғам азаматтарының қайырымды істері негізінде,
басқа
да
қамқор
азаматтар
жалғызбасты
қарт
адамдарды
қалдырмайтынын,
көмектескендері
жайлы жиі айтқан, сонымен қоса туыстарынан басқа,
кейбір құрметті
азаматтарда егде жастағы мұқтаж азаматтарға көмектескен олар: көршілер,
еріктілер,
кәсіпкерлер, қоғам өкілдері,
бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақ
ұйымдары көмектескен.
Карантиндік шектеулер кезінде қолдау алған
респонденттердің жауаптарын
(респонденттердің 23,4%) көмек көздері бойынша бөлу:
Жергілікті басқармалардың материалдық көмек түрінде көмекстесуі – 63%;
Туыстарының көмектері – 17%;
Жергілікті басқару органдары мен басшылықтары коммуналдық қызметтерді
төлеуге көмектесуі – 11%;
Нұр-Отан партиясы тарапынан көмек – 11%;
ҮЕҰ/қайырымдылық қорларынан/ профсоюздар/ діни ұйымдар тарапынан көмектік
көрсетілуі – 6%;
Жергілікті медициналық мекемелер тарапынан көмектер – 4%;
Мекеме басшылары мен бұрынғы жұмыс берушілердің көмектері – 4%;
Көршілерден көмек – 2%.
Достарыңызбен бөлісу: