Сурет 25. 2020 жылғы мәлеметтерге сай жұмыс істейтін егде жастағы адамдардың жыныстық-жастық құрылымы (n=2000) Көрсетілген мәліметтер жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесінің өзгермегендігін
көрсетеді: 2008 жылы 14% және 2020 жылы 14,3%.
Жұмыс істейтін зейнеткерлердің жұмыс орындарындағы статустары аздап өзгерді:
Көбі жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істейді, 2008 жылы 74% 2020 жылы бұл
көрсеткіш 62% дейін төмендеген.
Өздерін жұмыспен қамтығандар саны өзгермеген – 2008 жылы 19% 2020 жылы 20%
өкендігін көрсеткен. Осылайша әрбір бесінші жұмыс істейтін зейнеткер ол өз-өзін
жұмыспен қамтыған азаматтар.
Ең үлкен бөлікті отбасылық кәсіпте ақысыз жұмыс істейтін қарттардың санының көп
болуы (2008 жылы 2% 2020 жылы 1%).
Ерікті ретінде және қоғамдық шаралармен айналысатын қарт адамдардың үлесі
азайған – 2008 жылы 5% , ал 2020 жылы 2% көрсеткен.
Осы зерттеуде анықталғаны 2020 жылы жұмыс істейтін зейнеткерлердің 15%
кәсіпкерлікпен айналысады, ал 2008 жылы бұндай жағдай болмаған.
2008 жылы жұмыс істейтін респонденттердің көпшілігі (83%) (жұмыс істейтін
зейнеткерлер санының n=207) қосымша табыс табу үшін жұмыс істеуге шешім
қабылдағанын
көрсетті,
өйткені
олардың
зейнетақысының
мөлшері
оларды
қанағаттандырмайды. Респонденттердің төрттен бірінен астамы (28%) «жұмыс істегіміз
келетіндіктен
және
жұмыс
істеудің
оларға
ұнайтындығынан»
жұмысын
жалғастыратындықтарын айтқан. Респонденттердің шамамен бірдей саны (әрқайсысы 12%)
қаржылай көмекке мұқтаж туыстарына көмектесу үшін немесе басқа адамдармен
байланысын жалғастыру үшін жұмысты жалғастыруға шешім қабылдағандықтарын айтқан.
Респонденттердің шамамен 10% өз жұмысын жалғастыра беретіндігіне басты себеп ол
өйткені «жұмыс берушілерге қажетті маман» екендігін көрсетті.
2020 жылғы зерттеулерге сәйкес, зейнеткерлердің 47% (2008 жылға қарағанда
шамамен екі есе аз) (n=162 жұмыс істейтін зейнеткерлер) қосымша ақша табу үшін жұмыс
істейді, өйткені зейнетақы жеткіліксіз деп атаған; 15% қаржылай мұқтаж туыстарына
көмектесу үшін жұмыс істейді; 9% жұмыс істейді, өйткені олар құнды қызметкерлер, олар
жұмыс орнына қажет. Тағы 38% жұмыс істегенді ұнатамын, жұмыс істегім келеді деп жауап
берді. Респонденттердің 9% қоғамда бола отырып, адамдармен қарым-қатынас жасау үшін
жұмыс істеймін деп жауап берді. Екі сауалнаманың салыстырмалы деректері 25-суретте
келтірілген.