Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx



Pdf көрінісі
бет53/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95
Байланысты:
қарттар

барысында 
көмекті 
қажетсінулері мен көмек қолын алудың жолдары 
Егде жастағы адамдардың барлығы (99%) коронавирустық инфекцияның қорғаныс 
шаралары мен алдын-алу ережелері туралы біледі, тек кейбір респонденттер (15 адам) 
үйден шықпау, инфекцияны таратпау үшін оқшаулауды сақтау керек екенін білмейді. (11) 
адам түшкіру мен жөтелу кезінде аузын салфеткамен жауып, түшкіру және жөтелу керек 
екенін, сол қағаз майлықты кейін қоқысқа тастау керек екендігі жайлы білмейді. 
Респонденттер коронавирустық инфекция туралы ақпаратты негізінен теледидардан 
(86,4%), ғаламтордан (41,4%) және олардың жақын адамдарынан (туыстарынан, 
көршілерінен) (19,2%) ақпараттар алатындықтарын айтқан. 
Сауалнамаға қатысушылар бетперде кию, қолды жуу және әлеуметтік 
арақашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты жиі атап өтті, ал бұл ақпарат бірнеше 
рет және барлық жерде қайталанады, сондықтан оны байқамау және көрсетілген ережелер 
туралы хабардар болмау мүмкін емес. Көптеген респонденттерге балалары бұл ережелерді 
жиі айтатындықтары белгілі болды. 
Егде жастағы адамдардың басым көпшілігі (95%) коронавирустық инфекция туралы 
ресми ақпараттардың бәрін түсінетіндіктерін айтты. Сонымен бірге, кейбір респонденттер 
бұл вирустың қайдан шыққанын, қандай ауру екенін түсінбейтіндіктерін, оны медициналық 
тұрғыдан 
түсіндіргенде 
түсініксіз 
екенін, 
көптеген 
нәрселер 
басқаша 
түрде 
ұсынылатындығын, карантиндік жағдайлар жиі өзгеретінін, кейбір мәліметтер қарама-
қайшы келетіндігін атап өтті, мысалы, бетпердемен жиі кию зиянды, сонымен бірге олар 
бетпердесіз сыртқа шығуға болмайды дейді, бұл инфекцияны қалай емдеу керектігі 
түсініксіз, жұқтырғандардың статистикасына сенім жоқ деген жауаптар жиі болған. 
Осылайша, коронавирустық инфекция туралы барлық жерде және үнемі жаңартылып 
отыратын ақпаратқа қарамастан, көптеген егде адамдар үшін ақпараттар түсініксіз болып 
қалады. Сауалнаманың көптеген қатысушылары қызықтыратыны: бұл пандемия қашан 
аяқталады? 
Барлық респонденттерден: «Сізде коронавирустық инфекциядан (сабын, маскалар, 
жуғыш заттар/тазалағыштар және т.б.) алдын-алу және қорғауға арналған гигиеналық 
құралдар бар ма?» деп сұралды. Респонденттердің барлығы дерлік қол жууға арналған 
59%
10%
2%
2%
27%
46%
12%
2%
2%
38%
Күнделікті немесе 
күнделікті деуге де 
болады
Кем дегенде 
аптасына бір рет 
(бірақ күнде емес)
Кем дегенде айына 
бір рет (бірақ әр 
апта емес)
Кем дегенде айына 
бірнеше рет
Мүлде қолданбады
Әйелдер
Ерлер


64 
сабын бар деп жауап берді (99,8%) және олар қорғаныш маскаларымен қамтамасыз етілген 
(99%). Жалпы, егде жастағы адамдардың басым көпшілігі (90%) вирустың алдын алу және 
одан сақтану үшін барлық қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілгенін атап 
өткен жөн. Егде жастағы адамдардың шамамен 10% қолғаппен, антисептикалық 
тазартқыштармен, бактерияға қарсы дымқыл майлықтармен қамтамасыз етілмеген. 
«Вирусты алдын алу және одан қорғау үшін қажетті гигиеналық құралдарды сатып 
ала аласыз ба?» деген сұраққа көпшілік (92%) оң жауап берді және қажетті қорғаныс 
құралдарын сатып алуға мүмкіндіктері бар екенін әр түрлі жауаптармен көрсетті: 

Иә, осы заттарды сатып алуға ақшам бар - 55%; 

Иә, осы заттарды сатып алуға баруға/ бір адамды барып келуге жұмсай аламын - 29%; 

Иә, дәріханалар мен дүкендер де бұл заттар бар мен сатып ала аламын - 8%. 
Жоғары да аталған сұрақ бойынша, «жоқ» деп жауапбергендердің жауаптары төменде 
көрсетілген:
o
Жоқ, сатып алуға ақшам жетпейді - 4%; 
o
Дәріханалар мен дүкендер де бұл заттар жоқ, сатылмайды - 2%; 
o
Жоқ, сыртқа шығып сатып алуға/ біреуді сатып алуға жұмсай алмаймын - 1%. 
Жалпы алғанда, респонденттердің 7% вирустан қорғанысты заттарды сатып алудың 
түрлі кедергілерін атап өтті (ақшаның жетіспеушілігі, дәріханаларда қол жетімділігі жоқ 
және біреуге сатып алуды сұрауға мүмкіндігім жоқ). 
«Басқа» жауаптарының ішінде респонденттер (3%) бұл қаражаттың жетіспеушілігі 
2020 жылдың көктемінде байқалғанын, содан кейін жағдай тұрақталғанын және қазіргі 
кезде қажетті қорғаныс құралдарын сатып алуда мәселелердің туындамағанын атап өтті. 
Респонденттердің кейбіреулерін қажет заттармен балалар мен туыстарына қамтамасыз 
етеді. 
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты оқшауланған 
жағдайда қарт адамдарға не және қандай көмек қажет болды және оларға не жетіспеді? 
Зерттеу көрсеткендей, қарттардың едәуір бөлігі (41% немесе 819 респондент) ештеңеге 
мұқтаж емес екендіктерін айтқан болатын.
Респонденттердің қалған 59% карантиндік шаралар кезінде туындайтын әртүрлі 
қажеттіліктерді атап өтті, материалдық қиындықтардан және дәрі-дәрімектердің 
жетіспеушілігінен, туыстарымен және достарымен тікелей байланыстың болмауына дейінгі 
туындаған қиындықтарын көрсеткен болатын: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет