Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Еңбек белсенділігі мен егде жастағы адамдардың жұмысқа орналасуға деген ниеттері



Pdf көрінісі
бет58/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95
Байланысты:
қарттар

Еңбек белсенділігі мен егде жастағы адамдардың жұмысқа орналасуға деген ниеттері
2008 және 2020 ж.ж.
салыстырмалы зерттеу деректері зейнетке шыққан және 
зейнетақы алған азаматтардың басым көпшілігі жұмысын жалғастырғысы келмейтіндігін 
растады. Екі зерттеу бойынша жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі өзгерген жоқ: 2008 
жылы 14% және 2020 жылы 14,3%. Осылайша, зейнеткерлердің көп бөлігі (86%) ақы 
төленетін жұмыс істемейді.
Сауалнама барысында респонденттер экономикалық белсенді 
жаста жеткілікті жұмыс істегендерін, сонымен қатар зейнеткерлер жұмыс істемеуі керек 
екендігі, олардың тәжірибесін жинап, жас мамандарға жол ашу керектігі айтылды. 
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің пікірі бойынша, зейнеткерлер зейнетке 
шыққан кезде демалуға, ұнататын хоббилерімен және жұмыстарымен айналысуға
саяхаттауға, немерелерін тәрбиелеуге көмектесуге және т.б. істерді істейтін жаста екендігі 
айтылған.
2020 
жылғы 
сауалнамаға 
сәйкес, 
зейнетақы 
мөлшері 
оларды 
қанағаттандырмайтындықтан, қосымша табыс алу үшін жұмыс істеу керек екенін көрсеткен 
жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге 
азайды (2008 жылғы 83%-дан 47%-ға дейін 2020). Сонымен қатар, зейнетке шыққан және 
осындай мүмкіндік болған жағдайда жұмыс істегісі келетін қарт адамдардың үлесі 2,5 есеге 
өсті: 2008 жылғы 10%-дан 2020 жылы 25%-ға дейін. Бұл басқа нәтижелерге сәйкес келеді: 
жұмыс істегенді ұнататын және жұмысын жалғастыруға дайын жұмыс істейтін 
зейнеткерлердің үлесі 2008 жылғы 28%-дан 2020 жылы 38%-ға дейін өсті. 
Осылайша, зейнетке шыққан әрбір азаматтың алдында таңдау мүмкіндігі мен егер 
жұмыс істеуге ниеті болатын болса онда оны істеуге мүмкіндігі де болуы керек.
Қарт адамдардың қоғамдық және саяси белсенділіктері


70 
2020 жылғы сауалнама егде жастағы адамдардың көпшілігі белсенді сайлаушылар 
екенін және өкілдік сайлауға белсенді қатысатындығын растады: 2008 жылы 75% және 2020 
жылы 74%. Әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар аясындағы талдау көрсеткендей, жас 
тобы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым олар сайлауға белсенді қатысады: 55-59 жаста - 72%, 
60-69 жаста - 74% және 70 жас және оданда жоғары жастағылар - 81% сайлауға қатысады 
екені анықталды. Ауылдардағы қарттар (80%) және шағын қалалардың тұрғындары (79%) 
ірі қалалардың тұрғындарына (67%) қарағанда сайлауға қатысып, дауыс береді. 
Сонымен бірге жүргізілген сауалнамалар көрсеткендей, егде жастағы адамдардың 
басым көпшілігі (84%) әлеуметтік белсенділік танытпайды және қоғамдық бірлестіктердің 
немесе үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне белсенді қатыспайды, бұл келесі сауалнама 
нәтижелерінде белгілі болды: 

Екі зерттеуде де (2008,2020 ж.ж.) қатысқан респонденттердің тек 3% қандай да бір 
қоғамдық бірлестікте немесе үкіметтік емес мекеменің құрамында тіркеуде 
тұратындықтарын айтқан;

2020 жылы жалпы алғанда респонденттердің 16% қандай да бір мекемелерде немесе 
мерекелік шаралар кезінде ақы төленбейтін ерікті ретінде қызметтер атқарғандықтарын 
айтқан:
o
Қарттарға, жастарға, мүмкіндігі шектеулі адамдар, қиын өмірлік жағдайдағы 
және 
басқа 
да 
көмекке 
зәру 
адамдарға 
көмектесетін 
мекемелерге 
көмектесетіндер;
o
Білім беру, мәдени, спорттық, кәсіби бірлестіктер мен мекемелерде;
o
Ерікті мекемелерде, қоғамдық қозғалыстарда қызметтер ету.

55 және одан да жоғары жастағы респонденттердің 7,4% қандай да бір 
профбірлестіктердің, саяси партиялардың, қозғалыстардың жұмыстарына қатысқан, 
оның ішінде 7,8% ерлер, 7,0% әйел адамдар қатысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет