Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетіліп, математика пәнінен Файзолла Лаураға, информатикадан Фазылова Мөлдірге, жұмыстарын жалғастырып, қалалық «Зерде» жобасына қатысуға ұсыныс берілді
Математика, информатика, физика пәндерінің апталығы өз мәресіне жетіп, алдына қойған мақсат міндеттері орындалды, әр сынып, әр оқушы өзінің математика, информатика, физика пәндері бойынша білім деңгейлерін корсете білді, озық ойлы жеңімпаздар «Мадақтау грамотасы» мен марапатталып, апталықтың жабылу рәсімін 7А сынып оқушылары Лаура мен Мөлдір аяқтап, соңғы сөз мектеп директоры Сарсембаева Б.В.-ға берілді.
Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
ЖМӘБ жетекшісі: Алдабергенова Сауле Жунусовна
Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік бірлестіктің мүшелерімен ұйымдастырылған коучинг өткізілді. Әрбір, математика пәнін беретін мұғалімге көбейту кестесінен сұрақ қойылды, кейбір есептердің методикалық жағынан, шығару жолдары нұскау ретінде көрсетіліп , топтарға логикалық тапсырмалар беріліп және сонында мұғалімдер математикаға байланысты мақал-мәтелдер айтып шығуына тиісті болды.
Достарыңызбен бөлісу: |