Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі


Анатоксиндер, оларды алу және тәжірибиеде қолданылуы



бет5/35
Дата23.12.2023
өлшемі169,01 Kb.
#198849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер түсінігі; ал-emirsaba.org

Анатоксиндер, оларды алу және тәжірибиеде қолданылуы


Анатоксиндер – тұрақты антитоксикалық иммунитет қалыптастырады, басқа вакциналармен бірге қолдануға болады.
Анатоксиндер алу принципі негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градуста жылылықта үш төрт жұма өңдеген кезде токсин улылығын жолғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалады, Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Анатоксин күлге сіреспеге қарсы егу арқылы аурудың санын төмендеткен. Анатоксин тері астына, бұлшық ет астына егіледі.




  1. Вакциналарды дайындау және енгізу тәсілдері. Адъюванттар


ДАЙЫНДАУ: тиісті микроб штамдарынан алдын - ала көптеп өсіру; физиологиялық ерітіндімен шайып алу; микроб тазалығын (біркелкілігін) тексеру; вакцина түріне қарай тиісті амалдар қолдану;стандарттау; консервациялау; стерильдігін (өлі вакциналар үшін), иммуногендігін, залалсыздығын тексеру; дозасын анықтап, дайын вакциналар шығару. Вакциналар ұнтақ, құрғақ, таблетка, конфет-драже, сұйыќ күйінде шығарылады. ЕНГІЗУ: тері ішіне; тері астына; бұлшық етке; аэрозольді әдіс тыныс алу жолдары арқылы сұйық, не құрғақ аерозолдарды шаңдатып енгізіледі. энтеральді (ас қорыту жолдары арқылы енгізіледі) Жаппай вакцинациялау әдістеріне инесіз әдіс арнайы инъекторлар немесепистолет тәрізді инесіз арқылы егу, пероральді ауыз қуысы арқылы шапшаң, тез, табиғи жолға сәйкес енгізіліде және аэрозольді әдістер жатады. Адъюванттар вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін қолданылады (лат.аdjuvant - көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар; бактериялар мен оның компоненттері (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ-ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына қарай – олардың барлық түрі антигеннің иммуногендігін күшейтеді.Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет