Микробиология Аралық бақылау 1


Адам организмінің иммунды жүйесі. Иммунды жүйенің ағзалық, жасушалық және молекулалық негіздері. Иммунды компетентті жасушалар, олардың негізгі қызметтері



бет16/26
Дата21.04.2023
өлшемі2,79 Mb.
#175120
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
1 Аралық бақылау фармация

Адам организмінің иммунды жүйесі. Иммунды жүйенің ағзалық, жасушалық және молекулалық негіздері. Иммунды компетентті жасушалар, олардың негізгі қызметтері.

Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа бездері, айырша безі (тимус), кұстардың фабриций қалтасы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.


Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.


Иммунды жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа бездері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа бездері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа бездері бар. Олар шоғырланып жатады.


Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады.


Иммунды мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет