Вирустарды өсіру әдістері. Жасушалық дақылдардың түрлері. Вирустарды анықтау әдістері (индикация).
1.Зертханалық жануарларды зақымдау- сезімтал жануарлар қолданылады
2.Тауық ұрығында өсіру- дамып келе жатқан 8-12 күндік тауық ұрығы қолданылады
3. Тіндік немесе жасушалық дақылдарда өсіру- организмнен тыс тіршілігін сақтауға көмектесетін қоректік орталарда көбейетін ағзалардың бөлшегін немесе жекелеген жасушаларды алады.
Адам мен жануарлар вирустарын өсіру вирусты инфекциялардың зертзаналық диагностика мақсатында , патогенезбен иммунитет сұрақтарын зерттеуде, диагностикалық жане вакциналық препараттарын алу үшін жүргізеді, Вирустар абсальютты паразит болғандықтан олырды ағза деңгейінде, тірі жасуша деңгейінде, ағзадан тыс жасанды жағдайды өсіреді. Өсіру үшін биологиялық жүйе ретінде зертханалық жануарлырды дамып келе жаткан тауық эмбрионы мен жасуша дақылдарын қолданады. Зертханалық жануарлар( ақ тышқан , мақталық егеуқұйрық , қояндар) вирусологияның алғашқы даму кезеңінде жалғыз эксперименталды биологиялық үлгі болған бұларды вирустар қасиеттерін зерттеу мен көбеюінде қолданған . Тауық эмбрионын вирустарды өсіру үшін тәжірбиелі үлгі ретінде 30-жылдардың ортасында Ф.Бернет ұсынған.
1. Вирусологиялық әдістері
2. Серологиялық (иммунологиялық) әдістері
3. Молекулалық-генетикалықлық әдістері
Барлық қолданылатын вирусологиялық зерттеу әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
- вирусологиялық зерттеулер – зерттелетін заттан вирусты бөліп алып, содан соң идентификациялауға негізделген;
- серологиялық зерттеу әдістері иммунологиялық реакцияларға негізделген. Вирустардың әсерінен организмде болатын спецификалық (арнайы) өзгерістерді анықтау, яғни қан сарысуындағы арнайы антиденелерді анықтау.
- молекулалық-генетикалық зерттеулер - вирустың нуклеин қышқылын гибридизациялау немесе полимеразалық тізбектелу реакциясы көмегімен биологиялық материалдағы нуклеин қышқылдарының фрагменттерін табу.
Вирусологиялық әдістердің негізі – қоздырушыларды зақымдалған материалдан бөліп алу. Ол үшін қоздырушыны арнайы тірі объектілерге егеді: лабораториялық жануарларға, тауық эмбриондарына, жасуша дақылдарында өсіріп-көбейтеді. Тәжірибеде біріншілік, жартылай ауыспалы (диплоидные или полуперевиваемые) және ауыспалы (перевиваемые) жасуша дақылдарын пайдаланады.
Вирустарды жасуша дақылдары арқылы бөліп алу. Бұл өте арзан әдіс. Көп вирустардың түрін анықтау үшін (парагрипптің 3 серотүрін, аденовирустарды) жасушалар дақылдарын қолданады. Жасуша дақылдарында вирустың өсіп-көбею белгісі ретінде вирустың цитопагендік әсері болып табылады. Вирустар жасушаны өзгертеді: жасуша дөңгелектеніп зақымданады. Зақымданған жасуша еріп жоғалып кетеді. Оның орнына симпласт пайда болады.
Вирустарды тауық эмбриондары арқылы бөліп алу. Эмбриондарды қолданғанда күндік жасымен (6-15 күндік) жұқтыру жолының маңызы бар. Сонымен бірге, тауық эмбриондарында жасырын вирустың бар-жоғын ескерту қажет. Себебі вирусы бар эмбрион ауруды дұрыс анықтауға кедергі жасайды немесе интерференция болуы мүмкін. Сондықтан, эмбриондарды таза құс фабрикасынан немесе оларды егілмеген тауықтардан алады. Вируспен зақымдалған материалды шприцпен хорион аллантоисты қабатына (ХАҚ), сарыуыз қапшығына, амнион және аллантоис қуыстарына енгізеді. Эмбриондарды горизонталды жағдайда термостатта (35-370 С) 48-72 сағат инкубациялайды. Тауық эмбрионында вирустар өсіп-өнген кезде ХАҚ-та тиісті өзгерістер пайда болады. Шешек вирустары ХАҚ-да түймешектер түзеді – диаметрі 1-3 мм ақшылдау дөңес дақтар.
Вирусты бөліп алған соң оның түрін анықтау, яғни идентификация жүргізу үшін серологиялық реакциялар қолданады. Мысалы, гемагглютинациялық реакция (ГАР) – жұқтырылған эмбриондардың аллантоистық немесе амниондық сұйықтықтарында тауық немесе басқа жануарлардың эритроциттерінің гемагглютинациялануы орто- және парамиксовирустардың өсіп-өніп жиналғанын көрсетеді. Осындай вирустардың беткейлік құрылымдағы табиғаты гликлпротеидті гемагглютининдері эритроциттерді агглютинациялайды. Гемагглютинациялық реакция (ГАР) иммунологиялық реакцияға жатпайды, өйткені иммунды комплекс түзетін антиген мен антидененің өзара әрекеттесуі болмайды.
Вирустарды индикациялау әдістері:
Тіндік дақылдарда вирустардың көзге көрінетін әсерлері
Цитопатикалық әсер
Түсті сынама
Гемадсорбция реакциясы
Жасушадағы вирусты қосындылардың пайда болуы
Бляшкалардың пайда болуы
Достарыңызбен бөлісу: |