Микробиология



бет34/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Электронды микроскоп. Құрылысы жағынан электронды микроскоп жарық микроскопына ұқсайды, бірақ нысанға жарықты күн сәулесі емес, электр тоғымен қыздырылған вольфрам жіпшелерінің электрондар ағыны қамтамасыз етеді. Заманауи электронды микроскоптың мүмкіндік қабілеті 0,2-0,4 нм құрайды, ал ұлғайту мүмкіндігі орташа есеппен 750 000 дейін жетеді.
Трансмиссионды электронды микроскоп. Трансмиссионды (латынша transmissio — беру, ауысу) микроскопты биологиялық зерттеулерде кеңінен қолданады. Әр электронды микроскоп электронды пушкалардан (электрондар шығатын көз), конденсордың рөлін атқаратын электронмагниттік катушкалардан, объективті және жобалау линзаларынан, заттық үстелден, бейнелеу экранынан және окулярдан тұрады. Микроскоптың жұмыс істеуі үшін вакуумды сорғыш қажет, себебі электрондардың қозғалуы тек вакуумда ғана жүреді. Трансмиссионды микроскопта электрондардың жылжу жолы жарық микроскоптағы сәулелердің жылжу жолына ұқсайды.
Электронды микроскоппен микроағзалар жасушаларының морфологиялық ерекшеліктерін зерттегенде толық жасушаның өзін зерттейді, ал жасушаның ультрақұрылымын зерттегенде олардың кесіндісін зерттейді. Кесіндінің қалыңдығы 0,8-0,9 мкм аспау қажет.
Сканирлеуші электронды микроскоп. Бұл микроскоп зерттелетін нысанның көлемді, тіпті үш есе ұлғайтылған бейнесін береді. Сканирлеуші микроскопта қозғалғыш жіңішке электронды сәулелер зерттелетін нысанның бетімен квадратты растр бойынша өте жылдам және бірізді айналып өтеді де, алынған ақпаратты электрондардың әсерінен жарқырайтын люминоформмен қапталған электронды — сәулелі түтікке береді. Сканирлеуші микроскоп фокусының тереңдігі бірнеше миллиметрге жетеді; пайдалы ұлғайту аралығы — 10-15 мың есе, ұлғайту мүмкіндігі трансмиссионды электронды микроскопқа қарағанда кем болып келеді.
Сканирлеуші микроскопқа арналған препараттар арнайы өңдеуден өтеді, оның негізгі мақсаты — нысанның құрылымдарының (қыртысталуын) зақымдалуын болдырмай нысанды сусыздандыру. Сонан соң препарат бетінің электрөткізгіштігін арттыратын және микроскоптың жұмыс істеу мүмкіндігін төмендететін электр зарядының жиналуын болдырмайтын алтын немесе платинаның еріген жұқа қабатымен жабады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет