Микробиология


Ашытқыларды микроскоппен қарау



бет60/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Ашытқыларды микроскоппен қарау. Заттық шыныға ашытқы суспензиясынан тамызып, шыны таяқшамен жұқалап жағады. Бетіне жабынды шыныны жауып, иммерсиялық май көмегімен микроскоптан қарайды. Бүршіктеніп жатқан Saccharomyces cerevisiae ашытқысын тауып алып, суретін салу.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Май қышқылды ашуды жүзеге асыратын бактериялар.
2. Май қышқылды ашудың қандай түрлерін білесіз?
3. Май қышқылды ашу үдерісінің жүруіне қажетті жағдайлар.
4. Спирттік ашуға қатысатын ашытқылардың түрлері.
5. Беттік және түптік спирттік ашу дегеніміз не?
6. Спирттік ашу үдерісі қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
7. Ашытқыларды микроскоптау техникасы.
8. Майқышқылды ашу үдерісіне қатысатын бактерияларды қалай бөліп алуға болады?
14 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Азотсіңіру.
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді селбесіп және еркін тіршілік ететін азотбекіткіштермен таныстыру. Азотсіңіруші бактерияларды микроскоптан қарау.
Қажетті материалдар: Азотсіңіруші бактерияларының таза культуралары, спирт шамы, спирт, микроскоп, жабынды және заттық шынылар, фильтр қағазы, микробиологиялық ілмек.

Атмосфералық азоттың бактериялармен сіңірілу үдерісі топырақтағы азоттың жалпы балансы үшін үлкен маңызға ие. Ол өсімдіктерді қол жетімді азотпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуін анықтайтын, өзекті ғылыми мәселелер қатарына жатқызылады.


Егіншілік үшін маңызы бар молекулалық азоттың ассимиляциясын жүзеге асыратын прокариоттарды өсімдіктер мен қарым-қатынасына қарай 3 топқа жіктейді.
1. Өсімдіктермен селбесіп тіршілік ететін селбескен азотбекіткіштер.
2. Ризосфералы (тамыр) және филлосфералы (жапырақ) бактериялар, бұршақ тұқымдасына жатпайтын әртүрлі өсімдіктермен ассоциация құрайтын – ассоциациялық азотбекіткіштер.
3. Еркін тіршілік ететін топырақ азотфиксаторлары - өсімдіктердің қатысынсыз тәуелсіз тамырдан тыс, сүрі танап топырақтарында, жол топырақтарында тіршілік етеді.
Олардың барлығы диазотрофтарға жатады, яғни, қорек үшін олар молекулалық және минералды азотты пайдаланады. Жыл сайын құрлықта бактериялар 200 млн. т және су экожүйесінде 30-дан 190 млн. т дейін азотты сіңіреді.
Селбескен азотбекіткіштер. Селбескен азот сіңіруші – жоғары сатыдағы өсімдіктер мен селбесіп тіршілік ететін бактериялардың молекулалық азотты байлауға қабілеттілігі.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің 1300 астам түрлері мен бұршақ тұқымдасына жататын ағашты және бұталы өсімдіктердің 200 астам түрлерінде тамырлары түйнек түзеді. Түйнек бактерияларына Rhizobium, Bradyzhizobium, Azorhizobium және т.б. туыс өкілдері жатады.
Тамыр ұлпасына енген соң, бұл бактериялар кәдімгі инфекциялық жіп түрінде тарайды, көбейіп, бактериялар колониясын құрайды. Пісіп жетілген түйнек ұлпаларында бактерия жасушасы бактероидтарға айналады. Таяқша тәрізді пішінді бактерия жасушасынан айырмашылығы, бактероидтар – алмұрт, шар немесе бұтақталған түрінде 3-4 есе ірі көлемде болады.
Бактерияларды және бактероидты пішінді жасушаның түйнек аймағы бактероидты деген атқа ие болған.
Rhizobium жасушалары қоректік орталарда – қозғалғыш спора түзбейтін, грамтеріс таяқшалар. Олардың арасында кокк тәрізді жасушалы түрлері де кездеседі. Ескі культураларында жасушалары ірі, таяқша тәрізді, қозғалмайтын, сирек Т-тәрізді бактероидты пішінді болып келеді. Өсу жылдамдығына қарай түйнек бактерияларын баяу өсетін, мысалы, сояда Bradyrhizobium japonicum және тез өсетін – бұршақта, бедеде және т.б. деп бөледі.
Бұршақ түйнектерінің құрылысын өткір ботаникалық ұстарамен кесіп зерттейді. Ұзына бойы немесе көлденең кесілген жұқа кесіндіні заттық шыныға салып жаншылған тамшы әдісімен әртүрлі ұлғайтуда қарап зерттейді.
Құрғақ жүйеде түйнек құрылымын қарап, бактероидты ұлпаны табады, сонан соң барынша жұқалап кесіп, препараттың бактероидты аймағы жақсы көрінетін бөлігін иммерсиялық маймен зерттейді.
Түйнек бактерияларының әртүрлі түрлерінің пішіндерімен танысу үшін түйнектік бактероидты ұлпасының жасушаларынан фиксацияланған және боялған препараттар даярлайды. Егер түйнек ірі болса, оны ұстарамен екі бөлікке бөледі және кесіндінің бетін зарарсыздандырылған ине мен жасушалардың механикалық бұзылуын тудыру үшін бірнеше қайтара жаншиды. Содан соң одан тамшыны сығып алып, заттық шыныда фиксацияланған және боялған препарат дайындайды. Ұсақ түйнектерді (2-3) заттық шынының үстіне салып, су тамшысын қосып, екінші заттық шынымен бастырады. Сығылған сұйықтықты шынының бетіне жағып, жұғындыны кептіріп, фиксациялайды және карболды эритрозин, фуксин немесе генциан күлгінімен бояйды.
1 % сірке қышқылы ерітіндісінде ерітілген тең мөлшердегі фуксин мен метилен көгінің қоспасын пайдаланса, жақсы болады. Бояулардың қоспасында препаратты 3-5 мин ұстайды. Түйнектің ұлпасы көк түске, бактериялар қызыл түске боялады.
Еркін тіршілік етуші азотсіңіруші бактериялар. Еркін тіршілік етуші азотсіңіруші бактериялардың ішінде Сlostridium және Azotobacter туысының өкілдері үлкен қызығушылық тудырады.
Сlostridium pasteurianum – қатаң анаэроб. Тіршілік әрекетіне, соның ішінде атмосфералық азотты ассимиляциялауға қажетті энергияны бактерияның осы түрі майқышқылды ашу үдерісінің есебінен алады. Моно-, дисахарид және полисахаридті ашытады.
С. рasteurianum жасушалары жас культураларда перитрихты орналасқан талшықтары бар таяқшалы пішінді болып келеді. Сонан соң кейде жасушаның шетіне жақын, көбінесе жасушаның ортасында орналасқан спора түзеді. Споралары сопақ, капсуламен қоршалған. Жасушалары клостриалды пішінді, гранулез (крахмалға жақын полисахарид) қоректік затын қорға жинайды, Люголь ерітіндісімен әсер еткенде көк-күлгін түске боялады. Спора түзу кезеңінде гранулез біртіндеп жойылады. Анаэробты азотфиксаторлар табиғатта кең таралған. Олар барлық жерлерде: топырақтарда және ластанған су қоймаларда кездеседі.
С. рasteurianum таза культурасын С.Н. Виноградскийдің агарлы ортасын немесе Емцевтің картопты-сәбізді агарлы ортасын міндетті түрде пастерлеген соң жинақтаушы культураны себуден алынған колониялардан бөліп алады. Емцевтің картопты-сәбізді агар қоректік ортасының құрамы: картоп қайнатпасы – 500 мл; сәбіз қайнатпасы - 500 мл; глюкоза – 20 г; K2HPO4 -1 г; MgSO4 x 7H2O – 0,5 г; NaCl, MnSO4 x 4H2O, FeSO4 x 7H2O -0,01 г; пептон – 5 Г; ашытқы автолизаты – 0,02 мл; CaCO3 – 40 г; агар – 6 г. Қайнатпаларды былай дайындайды: 0,5 кг тазартылған картоп және сәбізді
2 л дистильденген су қосып, 10 мин қайнатады, сүзеді, сонан соң дистильденген сумен бастапқы мөлшеріне жеткізеді.
Azotobacter chroococcum аэробты жағдайда азот сіңіреді. Азотобактер колониялары қара қоңыр, тіпті қара түсті болып келеді. Сұйық культураларда бактериялар пленка, ал агарлы және гельді пластинкалы орталарда – шырышты колониялар түзеді.
Азотобактер жасушалары плеоморфты – таяқша және шар тәрізді болады. Бір-бірден немесе қос-қостан орналасып, көп жағдайда фуксин мен тушь қоспасын араластырып бояғанда, айқын көрінетін шырышты капсуламен қоршалады. Жасушаның ішіндегі түйіршіктері анық көрінеді. А. vinelandii қатты қоректік орталарда сарцина тәрізді жиынтық түзеді. Азотобактер қоршаған орта жағдайларына талап қойғыш, сондықтан топырақта С. рasteurianum бактериясына қарағанда аз тараған. Көміртегі көзі ретінде моно -, дисахарид, спирттер мен органикалық қышқылдардың тұздары, соның ішінде бензол тұздарын жақсы сіңіреді.
Топырақта азотобактерді табу және оның салыстырмалы санын анықтау үшін С.Н. Виноградскийдің әдісін қолдануға болады. Хлордан тазартылып жуылған гельді таспаларға келесі құрамнан тұратын (г/200 мл дистильденген суға): маннит немесе қамыс қанты - 20,0; К2НРО4 - 1,0; MgSO4 * 7Н2О - 0,5; NaCI - 0,5; FeSO4*7H2O - 0,01; MnSO4*4H2O - 0,01; СаСО3 - 5,0 қосылған 3—5 мл қоректік ортаны сіңіреді. Қоректік ортаны артық ылғалдылығы жоғалып кеткенге дейін булайды да, гельдің беткі қабатына трафарет бойынша 50 топырақ түйіршіктерін орналастырады. Әрбір жұмыстан соң, алдын-ала отқа қақталған, суға малынған таяқшамен диаметрі 2 мм топырақ түйіршіктерін алып гельді пластинкаға орналастырады. Ортаға байланысқан азотты қоспау және аэробты жағдайды жасау арқылы элективті ортаны қалыптастырады. Табақшаларды ылғалды камераға қойып, 5-6 күн өсірген соң азотобактер жасушаларын топырақ түйіршіктерінің айналасында түзілген колониялар арқылы анықтауға болады.
Әртүрлі топырақта азотобактердің бар жоғын бағалау үшін колониялар өскен түйіршіктер санын табақшадағы түйіршіктердің жалпы санына қатынасы бойынша топырақ түйіршіктерінде азотобактердің өсу деңгейін анықтайды. Бұл қай топырақ азотобактерге бай екенін анықтауға көмектеседі.
Жинақтаушы культураны тексеріп болған соң азотобактердің таза культурасын бөліп алу үшін микроскоптың астында Эшбидің агарлы ортасына себеді. Эшби қоректік ортасының құрамы: (г/л құбыр суы): маннит — 20,0; К2НРО4 — 0,2; MgSO4* 7H2O – 0,2; NaCI — 0,2; K2SO4 - 0,1; CaCO3 - 5,0; агар — 20,0 және 1 мл — Федоров бойынша микроэлементтер қоспасын қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет