Микробиологиялыќ зертхана


Вирустарды жасуша өсінділерінде өсіру



Pdf көрінісі
бет101/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Вирустарды жасуша өсінділерінде өсіру
келесі жұмыстарды
қамтиды: 1) жасуша өсінділерін таңдау; 2) құрамында вирусы бар
материалдарды алу; 3) оларды жұқтыруға дайындау; 4) вирустық
материалдармен жасушаларды жұқтыру; 5) вирустарды жасушаларда
өсіру; 6) жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтау; 7) өсінді
сұйықтықтарын жинап алу және ондағы вирустарды айқындау. 
Жасуша өсінділерін таңдау.
Жасуша өсінділері кез келген
вирустарға сезімтал бола бермейді. Сондықтан, белгілі бір вирусқа
сезімтал келетін жануарлардың организмінен алынған алғашқы жасуша
өсінділерін пайдаланған жөн. Әдетте вирустарды өсіру үшін жас, яғни
жаңадан дара қабатты құрған жасушаларды қолданады. Кейбір вирустар
болса бөліну сатысындағы жасушаларда (жасушалардың логарифмдік
өсу сатысында) жақсы өсіп-өнеді. 
Құрамында вирусы бар материалдарды алу және оларды жұқтыруға
дайындау әдістері 65-70 беттерде көрсетілген.
Вирустық материалдармен жасушаларды жұқтыру
үшін бірыңғай
дара қабатты түзген жасуша өсінділері бар ыдысты микроскоптың
кішкене ұлғайтымымен қарайды. Сосын ондағы қоректік ортаны төгіп,
87


қан сарысуы антиденелері мен ингибиторларынан тазарту үшін Хенкс
ерітіндісімен 1-2 рет шаяды. 
Жасуша өсінділері бар әрбір ыдысқа (шыны түтіктер, матрастар)
0,1-0,2 мл вирустық материалдарды қосып, тербелту арқылы жасуша
бетіне біркелкі үлестіреді. Вирустардың жасуша беткейіне
адсорбциялануына жағдай жасау үшін ыдыстарды бөлме
температурасында (+22ºС) немесе термостатта (+37ºС) 1-2 сағат бойы
ұстайды. Сонан соң ыдыстардағы вирусы бар суспензияны төгеді де,
оған жасушалардың тіршілігін сақтаушы ортаны қажетті мөлшерде
қосады. Вирустарды бөліп алуда қолданылатын кейбір патологиялық
материалдар жасуша өсінділеріне улы әсер етуі мүмкін. Сондықтан
вирустар адсорбцияланғаннан кейін жасушалар дара қабатын 1-2 рет
Хенкс ерітіндісімен немесе қоректік ортамен шайып алу қажет.
Вирустарды өсіру
жұмыстары +37ºС температураға реттелген
термостатта жүргізіледі. Жасушалардың беткейінің қоректік орталармен
біркелкі жабылуы үшін матрастарды горизонтальды, ал шыны түтіктерді
қиғаштап қояды. Көптеген зертханаларда вирус жұқтырылған жасуша
өсінділерін айналмалы – роллерлік әдісті пайдалана отыра өсіреді. Бұл
әдісті қолдана отыра инфекциялық титрі жоғары болып келетін
вирустарды көп мөлшерде жинап алуға мүмкіндік береді. 
Әрбір патологиялық материалдан сынаманы 4-10 дана жасуша
өсінділері бар шыны түтіктерге қояды. Бақылау ретінде 4-6 дана
жұқтырылмаған жасуша өсінділері бар шыны түтіктерді алып, олардың
тек қоректік орталарын ауыстырып отырады. 
Вирус жұқтырылған жасуша өсінділерінің қоректік ортасын 7
тәуліктен кейін ауыстыруға болады. Қоректік орта рН-ын (6,9-7,4)
натрий бикарбонатының 7,5%-ды ерітіндісімен ретке келтіреді. Вирус
жұқтырылған жасуша өсінділерін ұзақ уақыт бойы өсірген
(аденовирустар, т.б.) жағдайда қоректік орталарды міндетті түрде
ауыстырып отыру қажет. 
Жасушаларға адсорбцияланған вирион жасуша ішіне еніп, онда
репродукциялана бастайды. Жасуша ішінде пайда болған вириондар
жасушадан шығып (толығымен немесе жартылай), басқа жасушаларға
енеді де, соны зақымдайды. Осы процестердің нәтижесінде ыдыстардағы
барлық жасушалар вируспен зақымдалады. Көп жағдайда вирустар
өсінді сұйықтығында, ал олардың кішкене бөлігі болса зақымдалған
жасуша ішінде қалып қояды. Сондықтан жасуша ішіндегі вирустарды
босату үшін оларды бірнеше рет мұздатып-еріту арқылы немесе
ультрадыбыс көмегімен талқандайды.
Жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтауда
келесі негізгі
әдістер қолданылады: цитопатогендік әсерін (ЦПӘ) анықтау;
гемадсорбция реакциясы (ГАдР); дақтардың (бляшка) пайда болуын
анықтау; жасуша ішінде ерекше қоспалардың (денешіктердің) түзілуін
айқындау; иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР); иммунды
ферменттік талдау (ИФТ); вирустардың интерференциясына негізделген
88


әдіс (бір вирус екінші вирустың көбеюін тежейтін процесс); электронды
микроскопия және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет