шынысының бетіне қойып, екі ұшын парафинмен бекітіп, бөлме
температурасында (+18ºС) қалдырады. Алғашқы преципитация
сақинасының пайда болуын 2-48 сағаттан соң тіркейді. Преципитация
сақинасының пайда болу уақыты агар бағанасының ұзындығына және
антиген мен антиденелердің концентрацияларына тәуелді. Пайда болған
сақиналардың санын, олардың қалыңдығы мен тығыздығын лупа
көмегімен анықтайды.
Петри шыныларындағы ДПР.
Бұл әдісте майсыздандырылған таза
Петри шынысының түбіне 1-1,5 мм қалыңдықта балқытылған агарды
құйып, қатырады. Сосын оның үстіне диаметрі 10-15 мм шұңқыршықтар
жасауға арналған матрицаны орналастырып, 5-6 мл агар ерітіндісін
құяды. Гель қатқаннан кейін матрицаны абайлап алады. Агар геліндегі
пайда болған шеткі шұңқыршаларға түрлі сұйылтымдағы қан
сарысуларын, ал ортаңғы шұңқыршаға антигенді құйған соң Петри
шыныларын ылғалды камераға салып, бөлме температурасында
қалдырады немесе термостатқа қояды.
Пластиналардағы ДПР.
Реакцияда майсыздандырылған, таза,
сызаттары жоқ, беткейі тегіс фотопластиналар немесе зат шынылары
қолданылады. Горизонтальды жағдайда қойылған пластина немесе зат
шынысының бетіне балқытылған агарды 1 мм қалыңдықта құяды. Әрбір
шыны беткейіндегі қатырылған агардың бетіне стандартты трафареттің
көмегімен шұңқыршалар ойғаннан кейін пастер түтігімен антигендер
мен телімді қан сарысуларын құяды. Агары бар пластиналар ылғалы жоқ
жерде тұратындықтан тез құрғап қалуын ескере отырып,
шұңқыршаларды антиген және антиденелермен тез арада толтыру қажет.
Телімді преципитаттың пайда болуына зерттеуге алынған антигендер
мен антиденелердің концентрациялары, ортаңғы және шеткі
шұңқыршалардың ара қашықтықтары маңызды роль атқарады.
Сондықтан, алдын ала зерттеулер жүргізу арқылы реагенттердің
концентрациялары мен шұңқыршалардың ара қашықтықтарын анықтап
алған жөн. Агар құйылған шыны бетіндегі шұңқыршалардың саны мен
олардың орналасуы жүргізілетін зерттеу жағдайларына байланысты әр
түрлі болуы мүмкін. Зерттеуде қолданылатын ингредиенттердің
мөлшері 0,02 мл құрайды. Егер преципитациялаушы қан сарысуының
белсенділігін анықтау керек болса, онда ортаңғы шұңқыршаға белгілі
антигенді құйып, перифериялық шұңқыршаларға қан сарысуларының
түрлі сұйылтымдарын үлестіреді. Телімсіз преципитацияның алдын алу
үшін бақылау (белгілі антигендер мен сау мал қан сарысулары)
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: