Микробиологиялыќ зертхана


Диффузиялық преципитация реакциясы



Pdf көрінісі
бет130/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Диффузиялық преципитация реакциясы
(ДПР) бөлме
температурасында (+18° – +22°С) немесе тоңазытқышта (+2° – +4°С)
және сирек жағдайда термостатта (+37ºС) қойылады. Температура
жағдайларына байланысты диффузия жылдамдығы және преципитация
сызығының пайда болуы уақытына қарай реакция өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан, реакцияны міндетті түрде бір қалыпты температурада қою
қажет, себебі температура күрт өзгергенде қосымша преципитация
сызығы пайда болып, жалған нәтиже беруі мүмкін.
Диффузиялық преципитация реакциясының негізгі компоненті
болып агардан дайындалған гель ортасы саналады. Бұл реакцияда
құрамы 0,25% калий хлориді мен консервант ретіндегі мертиоляттан
тұратын физиологиялық ерітіндідегі 1–1,5 немесе 2% агар қолданылады.
Реакцияны капиллярларда, Петри шыныларында және
пластиналардың (зат шыныларының) бетінде қоюға болады.
Диффузиялық преципитация реакциясының капиллярлы әдісі
зерттеуге алынған өте аз мөлшердегі реагенттердің антигендік
құрылымдарына талдау жүргізуге мүмкіншілік береді. Бұл реакцияда
ішкі диаметрі 0,6-0,8 мл болатын пастер түтікшесінен дайындалған
капиллярға балқытылған агарды 3-15 мм ұзындықта енгізеді. Сосын
қатырылған агары бар капиллярды негізгі түтікшеден 15-20 мм
ұзындықта корундты дискімен кесіп алады. Агарлы капиллярдың бір
ұшына антигенді, ал екінші жағына телімді қан сарысуын қабаттағаннан
кейін (ауа көпіршіктерінің болмауы қажет), майсыздандырылған зат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет