Жағындыны бояу үшін осындай сүзгіш қағаздың бір тілімін зат
шынысының үстіне қойып бетіне дистилденген судың бірнеше
тамшысын тамызады. Бояудың кейінгі кезеңдері жоғарыда жазылғандай
орындалады.
Грам тәсілінің мәні.
Бұл тәсілді 1884 жылы дат ғалымы Христиан
Иоким Грам ұсынған болатын. Грам-теріс және Грам-оң бактериялардың
әр түрлі боялуы олардың жасуша
қабырғалары құрылымының
өзгешеліктеріне байланысты. Грам-оң бактериялардың жасуша
қабырғасы грам-теріс микробтарға қарағанда қалың және көптеген
пептидогликан полимерін иемденген. Соңдықтан олар
генцианвиолетпен
тығыз байланысып, спиртпен әрекет жасағанда
түссізденбейді. Грам-теріс бактериялардың жасуша қабырғасы жұқа
және оның құрамында пептидогликан аз мөлшерде болады. Осы
себептен олар бояумен әлсіз боялып, спиртпен өңсізденеді.
Грам-оң микроб өсіндісінен дайындалған препараттарда грам-теріс
жасушалардың болуы мүмкін. Бұлар – өлі немесе қабығы зақымдалған
жасушалар.
Грам тәсілімен бояу үшін
студенттер
Escherichia coli
және
Bac.megatereum
өсінділерінің қоспасынан жағынды жасайды. Ішек
таяқшасы грам-теріс, ал капсула бацилласы грам-оң бактериялардың
өкілдері.
Достарыңызбен бөлісу: