Биохимиялық қасиеттері.
Қоздырғыш SН
2
бөліп шығарады,
каталазаны түзбейді, газсыз қышқыл түзе отыра глюкозаны, лактозаны
ыдыратады, ал сахароза мен маннитті ыдырата алмайды.
Серологиялық идентификациясы.
Зат шынысының бетіне 1:50
қатынасындағы шошқа тілмесіне қарсы алынған иммунды қан сарысуын
тамызғаннан кейін, бактериологиялық ілмекпен тығыз қоректік ортада
өсірілген өсіндіні алып, тамшыға таратады. Бөлініп алынған микроб
шошқа тілмесінің қоздырғышы болған жағдайда шыны бетінде тез арада
ұсақ түйіршіктер (агглютинация құбылысы) пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |