Патологиялық материал.
Бактериологиялық зерттеуге бауыр, көк
бауыр, бүйрек, лимфа түйіндері, жүректен алынған қан, жілік сүйектері
жіберіледі. Жаз айларында алынған материалдарды 30%-ды глицериннің
судағы ерітіндісіне салып, ал жілікті сүйектерді 5-10%-ды формалиннің
ерітіндісімен дымқылдандырылған дәкеге немесе мақтаға орап жібереді.
Pasteurella multocida-
ның морфологиясы мен тинкториальдық
қасиеті.
Органдар мен қаннан жасалған жағындылары Грам тәсілінде
бактериялар ұсақ, қысқа, ұштары дөңгеленген таяқшалар грам-теріс
боялады. Ал, Леффлер көгімен немесе Романовский – Гимзе тәсілімен
боялған пастереллалар биполярлы (шеттері жақсы боялған) болып
көрінеді (68-сурет). Қоректік орталарда өсірілген пастереллалардан
дайындалған препараттарда коккобактериялар немесе қысқа таяқша
тәрізді жеке-жеке, кейде қысқа тізбек түрінде көрінеді.
Pasteurella
multocida
қозғалмайды, капсула түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |