Бақылау сұрақтары: 1 Патологиялық материалдарды дұрыс алу
ережесі. 2 Сібір жарасының бактериологиялық диагностикасы қалай
жүргізіледі? 3
Bacillus anthracis -тің морфологиялық, тинкториалдық
және өсінділік қасиеттері. 4
Bacillus anthracis -ті сапрофитті, споратүзуші
аэробтардан ажырату. 5 Сібір жарасын бактериофагтардың көмегімен
идентификациялау. 6 Сібір жарасы қоздырғышының антибиотиктерге
сезімталдылығы қалай анықталады? 7 Зерттеуге алынған
материалдардан сібір жарасының антигені қандай серологиялық
тәсілдермен анықталады?
ПАСТЕРЕЛЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ Пастереллез қоздырғышы –
Pasteurella multocida, Pasteurella туысына,
Pasteurellaсеае тұқымдасына жатады. Бұл ауруға ауыл
шаруашылық малдарының көптеген түрлері бейім келеді. Шалдыққан
жануарлардың ішкі органдарда, серозды және кілегейлі қабаттарында
қабыну процестері мен септицемия белгілері байқалады. Зерттеуге
жіберілген материалдардан таза өсіндіні бөліп алып, оның қасиеттерін
анықтағаннан кейін ғана малдарға диагноз қояды.