Ферментативтік қасиеті.
C.perfringens
лактозаны, сахарозаны,
мальтозаны және крахмалды қышқыл мен газ түзе отыра ыдыратады.
Сүтті ұйытып, казеиннің қоймалжың түйіршіктері түзілген газ
көмегімен жоғарыға көтеріледі (басқаларында мұндай қасиет жоқ),
желатинді баяу сұйылтады.
C.septicum
сахарозаны ферменттемейді, сүтті баяу ұйытады,
желатинді баяу сұйылтса, ұйыған қан сарысуын тіпті сұйылтпайды.
Сұйық қоректік ортада өскенде күкіртсутек пен аммиак түзеді. Индол
түзбейді.
C.histolyticum
көмірсуларды ыдырата алмайды. Протеолиттік
қасиеті бар: желатинді сұйылтады, сүтті пептонизациялайды.
Некротикалық және летальдық қасиеттері бар цитотоксин түзеді.
C.novyi
глюкозаны ферменттейді, сүтті баяу ұйытады, желатинді
баяу сұйылтады. Бауыр және пептон қосылған орталарда күкіртсутек
пен индол түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |