жібереді. Бөлініп алынған өсіндінің морфологиялық және биохимиялық
қасиеттері зерттеліп, басқа анаэробтардан ажыратылады.
ҚОЗЫ ДИЗЕНТЕРИЯСЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
C.perfringens В,
жаңа туылған төлдердің жедел түрде өтетін ауруы.
Патологиялық материал
ретінде зерттеуге жаңа өлген қозыны
немесе екі жағынан байланған ішектің кесіндісін, ішіндегі
сұйықтығымен бірге жібереді.
ҚОЙ ЭНТЕРОТОКСЕМИЯСЫНЫҢ (СЕКІРТПЕ) ҚОЗДЫРҒЫШЫ
–
C. perfringens C, D.
Энтеротоксемия брадзотқа ұқсас болып келеді. Бұл
ауруға барлық жастағы малдар шалдығады. Тәжірибеде бұл ауру
«жұмсақ бүйрек» деп те аталады.
Бактериологиялық зерттеуге
өлексе тұтас немесе жұмсарған
бүйрек алынады. Зертханада бүйректен, ішектің кілегей қабатынан,
құрсақ қуысының экссудатынан, тері асты ісіктерінен, жілік майынан
Кит-Тароцийдің ЕПБС-на себінді жасайды.
ҚАРАСАН ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Clostridium chauvoei.
Ірі қара
малдың (сирек қой мен ешкінің) жіті түрде өтетін ауру. Ауру
алиментарлы жолмен жұғып, бұлшық етке бай жерлерде газды
ісіктердің пайда болуымен сипатталады. Газды ісіктерді басқанда
крепитациялық дыбыс естіледі. Газ көпіршіктері ұлпалардың бактерия
ферменттерімен ыдырауы кезінде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: