Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет224/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Патологиялық материал.
Зертханаға тірі малдардың қаны (дене
қызуы көтерілген және іш тастаған малдардың қаны міндетті түрде),
несебі (таңертеңгілік, азық берер алдында), іш тасталған төл толығымен
немесе екі жағы байланған асқазаны (ішіндегі сұйықтығымен бірге),
төлдің паренхиматозды органдары жіберіледі. Өлген ересек малдардың
тамырлары байланған жүрегі, паренхиматозды органдарының кесіндісі,
бүйрегі толығымен, көкірек және құрсақ қуысына жиналған сарғыш
түсті сұйықтығы (транссудат), лигатураланған (байланған) қуық, жұлын
сұйықтығы алынады, ал ұсақ малдар тұтас жөнелтіледі. Сонымен қатар,
су қоймаларынан алынған су үлгілерін, сирегірек азық, қиды да
163


зерттеуге жіберуге болады. Лептоспиралардың тіршілік ету мерзіміне
байланысты зерттеуге алынған үлгілер алынған уақытынан бастап, 6
сағаттың ішінде, мұздатылған үлгілер 10-12 сағат ішінде, ал несеп 3
сағат аралығында зерттелуі тиіс. Лептоспирозды балау үшін
бактериологиялық, серологиялық және гистологиялық әдістері
қолданылады. 
Бактериологиялық зерттеуге несептің 10-15 мың айналымда 30
минут бойы центрифугаланған тұнба мен тұнба үсті сұйықтығы, қанның
плазмасы, органдардың суспензиялары алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет