биологиялық сынама қоюға
тура келеді. Ол үшін 20-30 күндік алтын түсті қалтаауызға 0,3-05 мл
көлемінде және 10-20 күндік қоян көжектеріне 2-3 мл мөлшерінде
зерттеуге алынған патологиялық материал суспензияларын тері астына
немесе құрсақ қуысына жұқтырады. Әр үлгіні 2 зертханалық жануарға
егеді. Біреуін 4-5-ші күні, ал екіншісін (өлмеген жағдайда) 14-16 күні
жарып-сойып, қанын әр түрлі серотоптағы лептоспира антигенін қолдана
отыра МАР тексереді. Қан сарысуы 1:10 қатынасынан бастап
сұйылтылады. МАР-сының оң нәтиже көрсетуі, зерттеуге алынған
материалда лептоспиралардың бар екендігінің дәлелі болып табылады.
Сонымен қатар, бактериологиялық әдіспен бөлініп алынған лептоспира
өсінділерінің патогенділігін зертханалық жануарларға жұқтырып
анықтайды. 0,1 мл мөлшердегі өсінді алтын түсті қалтаауыздарды 5-12-
ші күндер аралығында өлімге ұшыратса, олардың вируленттілігі өте
жоғары деп есептеледі.