Микроскопиясы.
Лептоспиралар
бояуды
нашар
қабылдайтындықтан «қысылған тамшы» әдісімен дайындалған
препаратты қараңғыланған конденсоры бар микроскоппен қарау арқылы
зерттейді. Көз шалымында олар спираль пішінді, түзу немесе S-тәрізді,
жіңішке, ұштары ілмек тәрізді иілген жіп болып көрінеді. Жасуша
ұзындығы 5-20 мкм, ені 0,1-0,2 мкм (76-сурет). Спора, капсула түзбейді.
Олардың жіпшелері жоқ, денесінің фибриллаларының жиырылуының
салдарынан қозғала алады. Грам тәсілімен теріс, ал Романовский-Гимзе
тәсілінде қызғылт-көк түске боялады. Люминесценттік микроскопияда
жағындылар ФИТЦ-пен таңбаланған глобулиндері бар лептоспироз қан
сарысуымен боялады. Патологиялық материалдардан дайындалған
микроскопиялық препараттардан лептоспиралар табылған жағдайда
лептоспирозға диагноз қойған жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |