соңғы сұйылтымы 1:100, 1:500, 1:2500-ді құрайды. Пластинаны баяу
шайқап, 1 сағат бойы термостатта (30ºС) ұстайды. Сонымен қатар,
лептоспиралардың өздігінен желімделуін жоққа шығару үшін бақылау
үлгілері қойылады (0,1 мл антиген + 0,1 мл физ.ерітінді). Реакция
нәтижесі препараттарды қараңғыланған конденсоры бар микроскоппен
қарау арқылы бағаланады.
Макроагглютинация реакциясы шыны бетінде жүргізіледі. Ол үшін
зат шынысының бетіне тамызылған қан сарысуының үстінен лептоспира
антигенінің бір тамшысы қосылып, шыны таяқшалармен
араластырылады. Реакция нәтижесі 10 минуттан соң оқылады. Мұнда 4,
3, 2 крест оң, ал 1 крест теріс нәтижені көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: