Өсінділік қасиеттері. Кампилобактериялар микроаэрофилге
жатады. Со себептен оларды көмір қышқыл газының 10%-ы бар
атмосферада, 37-38ºС температурада өсіреді. Патологиялық
материалдардан қоздырғышты бөліп алу үшін үлгіні қан немесе қан
сарысуы қосылған қоймалжың немесе тығыз қоректік орталарға себеді.
Бауыр қосылған қоймалжың агарда кампилобактериялардың өсіп-өнуі 2-
7 тәуліктен соң ортаның бетіне жақынырақ жерде сұрғылт-ақ немесе
77-сурет. Кампилобактериялардың микроскопиясы мен морфологиясы сұрғылт-көкшіл түсті шеңбер ретінде байқалады. Бұл колониялар
қоректік орталарға қайта себілмеген жағдайда 10-12 күннен соң
тіршілігін
жояды.
Кит-Тароций
ортасында
өсірілген
кампилобактериялар, салқын жерде
(4ºС) ұзақ уақыт сақталады. ЕПБА-да
бактерия 3-4-ші күндері ұсақ
колонияларды түзеді (78-сурет). Қан
немесе қан сарысуы қосылған сорпада
ақшыл бұлт түрінде мардымсыз өседі.