киізге ұқсас сұрғылт-ақ түсті колониялар түзіледі (25-30ºС). Кейінірек
оның түсі қоңыр болады (80-сурет).
КАНДИДАМИКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Candida
туысына жататын,
ашытқыға ұқсас микроскоптық саңырауқұлақ.
Candida albicans
жоғарғы
жетілмеген саңырауқұлаққа жатады.
Бұл жануарлардың кілегей қабаттарында өне бойы мекендейтін,
кандидамикоз ауруын тудыратын, ас қорыту және әртүрлі органдардың
кілегейлі қабаттарының ұлпаларын зақымдайтын факультативті паразит.
Candida albicans
негізінен құстар, сирек торай, бұзау, қозы, күшіктерді
ауруға шалдықтырады. Мұндай
малдар организмінің резисттенттілігі
төмендейді.
Патологиялық материал ретінде
ауыз қуысы, өңеш, жемсауының
(бөтегесінің) кілегейі, сиыр сүті, т.б.
алынады. Диагнозды микроскопия
және таза өсінділерді бөліп алу
негізінде қояды.
Патологиялық
материалдың
микроскопиясын боялмаған және
Грам, Циль-Нильсон, Романовский-
Гимзе
тәсілдерімен
боялған
препараттарда жүргізеді. Боялмаған
жағындыларда саңырауқұлақ ортасында перделері бар псевдомицелий
жіпшелері түссіз болып, 2-4-ке бөлініп жатқан жасушалары көрінеді (81-
сурет). Таза өсінді алу үшін материалды 2%-ды глюкозасы бар Сабуро,
Сусло-агар, ЕПА-ға себеді. Сусло-
агарда
C.albicans
дөңгелек, жылтыр,
томпайған немесе жалпақ, шеттері
тегіс колонияларды түзеді.
Candida albicans
глюкоза мен
мальтозаны қышқыл мен газға,
сахарозаны
қышқылға
дейін
ферменттейді,
ал
лактозаны
ферменттемейді.
Кандидомикоз
қоздырғышының
патогенділігін анықтау үшін өсінді
споралары мен мицелилерінің
суспензиясын қоян, теңіз шошқасы
және ақ тышқандардың қан
тамырларына жұқтырады. Нәтиже оң болған жағдайда саңырауқұлақтар
жануарлардың барлық органдарында дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: