Микробиологиялыќ зертхана


Клиникалық белгілері және патологоанатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет242/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері және патологоанатомиялық өзгерістері.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше аптадан бір жылға дейін (орта
есеппен 2-8 апта) созылады. Жасырын кезеңінің ұзақтығы вирустың
түріне, жануардың жасы мен резистенттілігіне, денеге енген вирустың
мөлшеріне, патогенділігіне және олардың шоғырланған орнына
байланысты болады. Құтырыққа шалдыққан үй жануарларының 70%-
ның клиникалық белгілері 15-60 тәулік аралығында байқала бастайды.
Аурудың ағымы 3 кезеңде өтеді: продромальдық, қозу және
салдану.
Продромальдық кезеңде
мал дыбысқа, жарыққа сезімталдығы
артады, азыққа тәбеті бұзылады, көздің көруі нашарлайды, дене қызуы
көтеріледі. Бұл кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады.
Қозу
кезеңінде
жануарлар құтырады, сезімталдығы бұзылады, адамдар мен
басқа малдарға шабуыл жасайды, сіңірінің тартылуы, шайнау және
жұтқыншақ бұлшық еттерінің жартылай салдануы, көз қарашығының
тарылуы байқалады.
Салдану кезеңінде
жануарлардың ауырсынуы
төмендейді немесе тіпті жойылып кетеді, қан айналымы мен тыныс алуы
бұзылады да, соңында мал өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған
жануарларда айтарлықтай патологоанатомиялық өзгерістер
байқалмайды. Әдетте жарып сойылған жануар жүдеген, басы мен
мойынының жүні сілекеймен суланған болады. Кей жануарлардың
асқазанынан бөгде заттар шығады. Күйіс қайыратын малдардың
жұмыршақ және жалбыршақ қарындарынан құрғақ, тығыз азықтарды
байқалады. Жіңішке ішек қабынған және қан құйылған болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет