морфологиялық және өсінділік қасиеттері. 3 Дерматомикоздарды
зерттеуде алынатын патологиялық материалдар. 4
Мукоромикоз және
кандидамикоз қоздырғыштары, оларды өсіруге арналған қоректік
орталар. 5
Candida
туысы саңырауқұлақтарының патогендік қасиеттері.
173
V Бөлім. Жеке вирусология
ҚҰТЫРЫҚ
Құтырық (
Rabies lissavirus
) – орталық жүйке жүйесінің қатты
зақымдалуымен
сипатталатын, адамдар мен барлық сүт қоректі
жануарлардың жіті түрде өтетін жұқпалы ауруы.
Құтырыққа шалдыққан жануарлардың сілекейінің жұқпалы
екендігін 1804 жылы неміс ғалымы Цинке анықтаған. 1879 жылы
француз ғалымы Гальте құтырыққа шалдыққан иттерден қоздырғышы
үй қояндарына жұқтырған. 1903
жылы Ремленже мен Риффат-бей
құтырық қоздырғышының вирус екендігін дәлелдеген. Румын ғалымы В.
Бабеш (1887) және итальяндық А. Негри (1903) құтырықтан өлген
адамдар мен жануарлардың ми жасушаларында вирусқа тән
қосылыстардың болатындығын және ол қосылыстардың ауруды балауда
шешуші рөл атқаратындығын айқындаған. Кейіннен бұл қосылыстарға
Бабеш-Негри денешігі деген атау берілген.
Ауру қоздырғышы
РНҚ бар вирустар тобына,
Rhabdoviridae
тұқымдастығының
Lissavirus
туысына жатады. Вириондарының пішіні
стерженьге ұқсас, бір ұшы дөңгеленген, ал екінші ұшы кесілген тәрізді
болып келеді. Олардың ұзындығы 75-80 нм, ені 75-80 нм, сырты
липопротеидті қабықшамен қапталған (82-сурет). Құтырық вирусының
құрамында гликопротеидті
және нуклеокапсидті антиген-
дері болады. Гликопротеидті
антиген жануарларды аурудан
қорғайтын,
вирустарды
бейтараптаушы
антиденелер-
дің түзілуін қамтамасыз етеді.
Нуклеокапсидті
антиген
жануарлар
организмінде
комплементті байланыстыру-
шы және преципитациялаушы
антиденелерді түзеді. Мұндай антиденелер жануарларды инфекциядан
қорғай алмайды.
Қ.Н. Мұқантаев (2008) құтырық вирусы антигендерінің құрамында
молекулалық салмақтары 67, 54, 43, 40 және 20 кД болатын белок
фракцияларын 11%-ды полиакриламидті
гель электрофорезінің
көмегімен анықтаған.
Құтырық вирусы төменгі температурада ұзақ сақталады. +23ºС
температурада 28-53 тәулікте, +50ºС – 1 сағатта, 60ºС – 5-10 минуттан
кейін, +70ºС-де тез арада бұзылады. Ультракүлгін сәулелер вирусты 5-10
минут аралығында инактивациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: