Биологиялық сынауда
материалды
буаз теңіз шошқаларының
құрсақ қуысына немесе қынапқа жұқтырып, олардың іш тасталған
түсігін зерттейді. Жұқтырылған жануарлар 10-12 күн аралығында іш
тастамағандарын сойып, құрсақтағы ұрықты және жатыр қуысын
тексереді. Қажет жағдайда биологиялық сынау буаз құнажындар мен
саулықтарға қойылады.
Кампилобактериоздың
серологиялық диагностикасында –
АР,
КБР (КҰБР) және флуоресцирлеуші антиденелер тәсілі қолданылады.
АР-ында құнажындардың қынабынан және жыныс циклдары
бұзылған сиырлардан дәкеден жасалған тампонға сіңдіріліп алынған
кілегейді пайдаланады. Экстрактты дайындау үшін кілегей сіңдірілген
тампонды 5 мл формалинденген 3%-ды NaCl ерітіндісі құйылған шыны
түтікке салып, 12-14 сағат бойы 1-4
о
С-та ұстайды. Сонан соң тампонды
пинцетпен сығып, сұйықтықты 2,5-3 мың айналымда 30 минут
центирфугалайды. Дайын болған экстракт шыны түтіктерде 1:50, 1:100,
1:200, 1:400 қатынасында сұйылтылып, әр шыны түтікке 0,5 мл-ден
антиген (1 млрд) қосылады. Шыны түтіктерді жақсылап шайқап, 24 сағат
термостатта (37ºС), қосымша 3-6 сағат бөлме температурасында
ұстағаннан кейін реакция нәтижесін оқиды. Реакцияның дұрыс
қойылуына көз жеткізу үшін үш бақылау (антигеннің өздігінен
агглютинациялануын, белсенділігін және телімділігін) міндетті түрде
қойылады.
Кампилобактериозға күдікті малдардың қан сарысулары КҰБР
және иммунофлуоресценция реакциясымен тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: