Морфологиялық, өсінділік және биохимиялық қасиеттері. C.tetani – жіңішке болып келген, грам-оң, жылжымалы, ұзындығы 4-8
мкм, терминальды орналасқан споралары вегетативті жасушаларынан
үлкен болып келген (барабан таяғына) таяқша (73-сурет). Споралары
ұзақ уақыт қайнатуға төзімді келеді. Қолайлы өсу температурасы 37ºС.
Сұйық қоректік ортада біркелкі лайланып,
3-4 күннен соң тұнбаның түзілуінен орта
мөлдірленеді. Висмут-сульфит агарда
C.tetani қараяды. Глюкоза мен қан
қосылған агарда шеттері тегіс емес ұсақ
колонияларды құрады. Желатинді баяу
сұйылтады,
сүтті
ұйытпайды,
көмірсуларды ыдыратпайды. Күкірт пен
аммиак түзеді. Сіреспеде антитоксикалық
иммунитет пайда болады.
БОТУЛИЗМ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Clostridium botulinum. Ауру малдар мен
адамдардың азық (тағам) арқылы
улануымен, 85-100%-ының өлуімен сипатталады.